терісін тіледі. Құрсақ аумағының терісін сыдырып ашып, препаровальды
инелердің көмегімен бекітеді.
Кеуде қуысының оң және сол жақ аумағынан астыңғы
қабырғаларды бұғанаға дейін қайшымен екі тілік жасайды. Тіліктердің
бір-бірінен ара қашықтығы 3-4 мм болуы керек.
Кеуде қуысына
жасалған тілікті пинцеттің көмегімен ашады. Осы кезде жүрек маңында
орналасқан екі бөлікке бөлінген тимусты айқын көруге болады. Тимус ет
ұлпасына
жақсы бекітілген, сол себепті пинцеттің көмегімен абайлап
ажыратып алу қажет.
Ажыратып алынған тимусты
мұзы бар Петри шынысына салып,
скальпелдің және пинцеттің көмегімен тимусты дәнекер капсуладан
тазартқан кезде ол екі бөлікке бөлінеді.
Тимусты салқын стерильді ортада гомогенизациялап, пайда болған
қоймалжыңды 4 қабатты капронды фильтрдің көмегімен сүзіп, Горяев
камерасымен тимус жасушаларын (тимоциттер) санайды.
Әдетте бір
тышқаннан 80 млн-ға жуық тимоциттерді алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: