артықшылығының бірі, ол зақымданған жасушаларда нақты өзгерістер
байқалғанға дейін оң нәтиже алуға болады. ГАдР-ын қою үшін зерттеуге
алынған вирустардың гемагглютинациялаушы әсеріне сезімтал келетін
эритроциттер (теңіз шошқасы, маймыл, адам, т.б.) қолданылады.
ГАдР қою техникасы. 3-4 тәуліктік жасуша өсінділері бар екі шыны
түтікті алады (біреуі вирус жұқтырылған, екіншісі вирус
жұқтырылмаған). олардың өсінді сұйықтығын төгіп, әрқайсысына 2-3
тамшы эритроциттердің 0,5%-ды суспензиясын қосады да, эритроциттер
жасушалардың беткейіне біркелкі жайылу үшін 5-10
минутқа
қалдырады. Содан кейін физиологиялық ерітіндімен шайып, микроскоп
көмегімен зерттейді. Бақылаудағы сынамада эритроциттер шайылып
кетеді, ал кейбіреулері сұйықтықта қалқып жүреді. Вирус жұқтырылған
шыны түтіктегі эритроциттер шайылмай, қалқымай, жасуша беткейіне
бекітіледі де, реакция нәтижесі оң болып есептеледі. Тәжірибеде ГАдР
жасуша өсінділеріндегі вирустарды анықтауда, бейтараптау
реакциясында қолданылатын қан сарысуларын
вирустарды титрлеуде
пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: