Микробиологиялыќ зертхана


ЖАСУША ӨСІНДІЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ВИРУСОЛОГИЯДА



Pdf көрінісі
бет99/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

ЖАСУША ӨСІНДІЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ВИРУСОЛОГИЯДА
ҚОЛДАНУ
Жасуша өсінділері
деп макроорганизмдерден алынған,
организмнен тыс жағдайда (
in vitro
), жасанды қоректік орталарда өсіп-
өне алатын, жасушалар. 
Вирусология тәжірибесінде келесі жасуша өсінділері
пайдаланылады:
Алғашқы трипсинделген жасуша өсінділері
макроорганизмдердің
мүшелері мен ұлпаларынан алынатын, 
in vitro
жағдайында дара қабатты
құрай өсетін жасушалар. Алғашқы трипсинделген жасуша өсінділері аз
уақыт тіршілік етеді. Бұларды көбінесе эмбрион немесе жас малдардың
ағзаларынан (бүйрек, өкпе, тері, тимус, тестикула) бөліп алады. 
Сойылған сау жануарлардың қажетті органдары мен ұлпаларын 2-3
сағат аралығында алып, ұсақтап турағаннан кейін трипсин, панкреатин,
коллаген және басқа да ферменттермен (жиі трипсин қолданылады)
өңдейді. Аталмыш ферменттердің көмегімен жасуша аралық заттары
талқандалған жасушалар суспензиясын қоректік орталары бар арнайы
ыдыстарға ауыстырып, +37ºС температураға реттелген термостатта
өсіреді. Ыдыстың беткейіне бекітілген жасушалар бөліне бастайды.
Жасуша өсінділерінің өсіп дамуы бірнеше сатыға бөлінеді: адаптация,
интенсивті өсуі (логарифмдік), стационарлық және жасушалардың өлуі. 
Ыдыстардың беткейінде дара қабатты құрай өскен жасушалар бір-
бірімен түйіскеннен кейін өздерінің бөлінуін тоқтатады. Әдетте дара
қабаттың қалыптасуы 3-5 тәуліктен соң байқалады. Дара қабатты
жасуша өсінділерінің қалыптасуы қолданылған ұлпаның түріне,
жануарлардың жасына, қоректік орталардың сапасына, себінді жасалған
жасушалардың концентрациясы мен басқа да факторларға байланысты
болып келеді. Дара қабатты жасуша өсінділері өзінің тіршілігін 7-21
тәулікке дейін сақтайды (жасушалар түрі мен қоректік орта құрамына
байланысты). Вирустарды өсіру жұмыстарында жаңадан дара қабатты
құраған, жас жасуша өсінділері пайдаланылады. 
Вирусологиялық зерттеу жұмыстарында арнайы ыдыстардың
беткейінен версен немесе трипсин ерітіндісімен шайылып алынған
алғашқы жасуша өсінділерін жаңа қоректік орталарға қайтара себінді
жасалған
субкультуралар
жиі қолданылады. Қайтара себінді жасалған
субкультуралар дара қабатты 2-3 тәуліктен кейін қалыптастырады.
Субкультураларды барлық алғашқы жасуша өсінділерін 2-5 рет, өте
сирек жағдайда 8-10-ға дейін пассаж жасау арқылы алуға болады. Одан
кейін жасушалардың морфологиялық құрылымы өзгеріске ұшырауы мен
өлуі байқалады. Субкультуралар вирустарға сезімталдығы жағынан
алғашқы жасуша өсінділерінен кем түспейді, сонымен қатар, олар
үнемді және вирустармен контаминацилануын айқындауға мүмкіндік
береді.
84


Диплоиты жасуша өсінділері
– 
in vitro
жағдайында 50-60 пассажға
дейін тіршілік ете алатын, морфологиялық жағынан біртекті болып
келген жасушалар популяциясы. Мұндай жасушалар өсу кезінде
өздерінің кейбір қасиеттерін өзгертпейді. Диплоиды жасуша өсінділері
алғашқы жасуша өсінділерінен алынады. Олардың кариотипі тұрақсыз,
сондықтан жасушалардың диплоидтық қасиеттерін ұзақ уақыт сақтау
үшін сапасы жақсы фетальды қан сарысулары қосылған қоректік
орталарда өсіреді. 
Диплоидты жасушалар адамдар мен жануарлар эмбриондарының
түрлі ұлпаларынан алынады. Диплоидты жасушалардың басқа
жасушалардан (алғашқы және тұрақты) артықшылығы: олар
ауыстырылмаған қоректік ортада 10-12 тәулік бойы тіршілігін сақтайды;
аптасына бір рет ауыстырылатын қоректік орталарда бір айға дейін
тіршілігін жоймайды; бұл жасушаларда вирустарды ұзақ уақыт бойы
өсіруге болады. 
Тұрақты жасуша өсіндісі
– организмнен тыс жағдайда ұзақ уақыт
бойы өсіп, көбейе беретін қасиеті бар, бір түрден алынған
жасушалардың тобы. Мұндай жасушаларды өсу белсенділігі жоғары
алғашқы жасуша өсінділерін, белгілі бір режимде, бірнеше рет қайтара
себінді жасау арқылы бөліп алады. Тұрақты жасуша өсінділерінің пішіні
біркелкі, гетероплоидты хромосомалар жиынтығынан тұрады,
in vitro
жағдайында бір қалыпты өседі, олардың кейбіреулерінің онкогендік
қасиеттері болады. Соңғы қасиеттерінің болуына байланысты, оларды
вакцина өндірісіне қажетті вирустарды өсіруге пайдаланбайды. 
Тұрақты жасуша өсінділерін жануарлардың сау және ісік
ұлпаларынан алуға болады. Тәжірибеде жиі қолданылатын тұрақты
жасуша өсінділеріне Hela (әйел жатыр мойынының ісік жасушалары),
Hep-2 (адам көмейінің карциомасының жасушасы), KB (ауыз қуысының
қатерлі ісік жасушасы), BHK-21 (жаңа туылған қалта ауыз бүйрегінің
жасушасы), TR (сиырдың трахеясының жасушасы), L (тышқан
фибробласттары), шошқа эмбрионы бүйрегі, бұзау бүйрегі, қой бүйрегі
және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет