Микробиологиялыќ зертхана


Жасуша өсінділерін сақтау



Pdf көрінісі
бет100/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Жасуша өсінділерін сақтау.
Вирусологиялық зерттеу
жұмыстарында қолданылатын алғашқы, диплоидты және тұрақты
жасуша өсінділерін ұзақ уақыт бойы сақтау үшін жиі консервациялауға
тура келеді. Себебі, аталмыш жасушаларды 
in vitro
жағдайында үздіксіз
өсіру барысында, олардың бактериялармен ластануы мен генетикалық
қасиеттерінің өзгеріске ұшырау мүмкін.
Жасуша өсінділерін консервациялаудың ең қарапайым әдісінің бірі,
+4ºС температурада 1-6 аптаға дейін сақтау болып табылады. Жасуша
штамдарын құрғақ мұзда (–78ºС) және сұйық азотта (–196ºС) ұзақ уақыт
бойы сақтауға болады. Ол үшін арнайы ыдыстардағы жасушаларды
шайып алады да, олардың 10
6
мөлшерін құрамында 10-50% қан сарысуы
мен 10%-ды диметилсульфоксиді (ДМСО) немесе глицерині бар
қоректік ортаның 1 мл-не араластырып, ампулаларға құйып, бастапқыда
85


1-3 сағат бойы +4ºС температурада, сосын мұздатқышта –70ºС-ге дейін
қатырған соң сұйық азотқа ауыстырады. Сұйық азоттағы жасушалар
өзінің пролиферативті белсенділігі мен вирустарға сезімталдығын
бірнеше жылдарға дейін сақтай алады. 
Консервациядағы жасушаларды жұмысқа дайындау келесі
тәртіппен орындалады: жасушалар қатырылған ампуланы 1-2 минут
бойы су моншасында ерітеді, сосын ампуладағы жасушаларды қажетті
қоректік орта құйылған ыдысқа ауыстырады да, +37ºС температураға
реттелген термостатта өсіреді. Бір тәуліктен кейін қоректік ортаны
ауыстыру арқылы ДМСО немесе глицериннен тазартады. 
Жасуша өсінділерімен жұмыс істеу барысында стерильді ыдыстар,
қажетті ерітінділер мен қоректік орталар қолданылады. Жасуша
өсінділерімен жұмыс істеуге қажетті Хенкс және Эрл ерітінділері
бидистилденген суда дайындалады.
Хенкс ерітіндісі:
1 литр бидистилденген суға 8,0 г – NaCl; 0,4 г –
KCl; 0,1 г – MgSO
4
·7H
2
O; 0,14 г – CaCl
2
; 0,06 г – KH
2
PO
4
; 0,06 г –
Na
2
HPO
4
; 1,0 г – глюкоза; 0,02 г – фенол; 0,07 г – NaHCO
3
қосылады.
Эрл ерітіндісі:
1 литр бидистилденген суға 6,8 г – NaCl; 0,4 г – KCl;
0,1 г – MgSO
4
·7H
2
O; 0,2 г – CaCl
2
; 0,125 г – NaH
2
PO
4
; 2,2 г – NaHCO
3
1 г
– глюкоза қосылады.
Аталмыш тұзды ерітінділер барлық қоректік орталарды дайындауда
қолданылады, себебі олар ортаның рН-ының, жасушалардың осмостық
қысымының және қажетті органикалық емес заттардың
концентрацияларының қалыпты жағдайда сақталуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, оларды жасуша өсінділерін қоректік орталардан шайып
алуда, вирустарды сұйылтуда және т.б. жұмыстарда да пайдаланылады. 
Жасушаларды өсіру жұмыстарында трипсин мен версеннің
дисперсиялаушы ерітінділері де қолданылады. Трипсин ерітіндісін ұлпа
кесінділерінен жасушаларды бөлу және шыны бетіндегі жасушалардың
дара қабаттарын шайып алуда, ал версен ерітіндісі болса тек шыны
бетіндегі бекітілген жасушаларды шайып алу үшін қолданылады.
Қоректік орталар табиғи және жасанды (синтетикалық және
жартылай синтетикалық) болып бөлінеді. 
Табиғи қоректік орталар тұзды ерітінділерден (Хенкс, Эрл),
жануарлар немесе адам қан сарысуынан, ұлпа экстрактынан (тауық,
сиыр, адам эмбриондарының) және т.б.
Жасушаларды өсіруде жасанды қоректік орталар жиі қолданылады.
Жартылай синтетикалық орталарға түрлі белокты өнімдердің
ферментативтік гидролизаттары: лактоальбумин гидролизаты, бұлшық
еттің ферментативтік гидролизаты, гемогидролизат, аминопептид және
т.б. пайдаланылады. Вирусология тәжірибесінде кеңінен
қолданылатындарының бірі болып лактоальбумин гидролизатының 5%-
ды ерітіндісі мен гемогидролизаттың 5%-ды және 2,5%-ды ерітінділері
саналады. 
86


Синтетикалық орталардың ішінен кең қолданыс тауып отырған
орталарға Игл мен 199 қоректік ортасы жатады. Игл мен 199 қоректік
ортасының құрамына 60-тан астам компоненттер: амин қышқылдары,
витаминдер, нуклеин қышқылдары, липидтер, көмірсулар, минералды
тұздар мен басқа да заттар кіреді. Барлық қоректік орталар мен кейбір
тұзды ерітінділердің сутегі иондарының концентрацияларын (рН)
анықтау үшін фенолды қызыл индикатор (0,002%) қосылады. Аз
мөлшерде қосылған индикаторлар жасуша өсінділері мен вирустарға
зиянды әсер етпейді. рН-ы төмендеген ортаның түсі сарғайса, рН-ы
жоғарлаған жағдайда орта қызыл-малина түске боялады. рН-ы қалыпты
(7,2-7,4) ортаның түсі қызғылт сары болады. Осы белгілерді ескере
отыра, ортаны дер кезінде ауыстырып отырады. 
Қолданар алдында қоректік орталардың микрофлоралар мен
ластануын болдырмау үшін пенициллин мен стрептомицин (100 ӘБ/мл),
ал зең саңырауқұлақтармен ластануын тежеу үшін нистатин (0,1 мг/мл)
қосады.
Барлық қоректік орталар екі топқа бөлінеді: а) жасушалардың
тіршілігі мен өсуін қамтамасыз етуші, олардың құрамында 2-10% қан
сарысуы болады, бұл ортаны жасушаларды өсіруде қолданады; ә)
жасушалардың тіршілігін сақтайтын орта, мұндай орталарда жасушалар
көбеймейді, бұл ортаның құрамында қан сарысуы болмайды. 
Ірі қара мал қан сарысуы жасушалардың 
in vitro
жағдайында өсіруге
арналған қоректік ортаның ең негізгі компоненті болып саналады. Қан
сарысуының құрамында фетуин мен альбуминдердің фракциялары
болады, олар жасушалардың шыны бетіне бекітілуіне мүмкіндік береді.
Тәжірибеде ересек малдардың және жануарлар эмбриондарының қан
сарысулары кеңінен қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет