32-сурет. Аллантоис сұйықтығын жинап алу (Н.И. Троценко, 1989) 33-сурет. Амнион сұйықтығын жинап алу (Н.И. Троценко, 1989) 34-сурет. Ұрық денесін шығару (Н.И. Троценко, 1989) Тауық эмбриондарын ашқаннан кейін міндетті түрде вирусы бар
материалдардың тазалығын анықтау үшін бактериологиялық зерттеу
жүргізеді. Ол үшін материалдардан ЕПС, ЕПА, ЕПБС және Сабуро
ортасына себінді жасайды. Вирусы бар материалдарды минус 25ºС
немесе одан төменгі температурада сақтайды.
Бақылау сұрақтары: 1 Вирусологияда тауық эмбриондарын
қандай мақсаттарда қолданады? 2 Тауық эмбрионының құрылысы.
3 Тауық эмбриондарын жұқтыруға дайындау тәсілдері. 4 Тауық
эмбриондарын экспериментальды жолмен жұқтыру тәсілдері.
5
Вирустар көбейген тауық эмбриондарының белгілері. 6 Тауық
эмбриондарын ашу және вирусы бар материалдарды алу.
83