Антигенді енгізгеннен кейін 1-2
минут аралығында преципитация
сақинасы пайда болса, бақылау
түтіктерінде преципитат пайда
болмай, реакция теріс болса реакция
нәтижесі «оң» деп есептеледі.
Преципитация реакциясын қою
барысында белгіленген талаптар
сақталуы қажет, ондай талаптар
сақталмаған жағдайда дұрыс
нәтижелер алынбайды.
Үлгілерді (ет, патологиялық
материалдар) тексеру және тез арада
антиген алу үшін оларды қайнату арқылы экстракциялайды. Былғары
шикізатының сынамаларын жаппай тексеру жұмыстарын бөлме
температурасында физиологиялық ерітіндімен 18-24 сағат бойы
экстракциялау әдісін (суық әдіс) қолданады. Зертханаға түскен барлық
сынамаларды алдын-ала автоклав көмегімен залалсыздандырылады да,
оларды ұсақтап, кішкентай шыны сауыттарда экстракциялайды. Қайнату
(ыстық) және ұзақ (салқын) әдіспен алынған экстрактты асбесті воронка
көмегімен сүзеді. Экстракт мөлдір болуы қажет және алынған антигенді
(экстракт) ПР тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: