Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет132/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Бақылау сұрақтары:
1 Преципитация реакциясы және оның
тәжірибеде қолданылуы. 2 ПР қолданылатын антигендердің ерекшелігі.
3 Диффузиялы преципитацияларының қойылу жолдары.
110


КОМПЛЕМЕНТТІ БАЙЛАНЫСТЫРУ РЕАКЦИЯСЫ
Комплементі байланыстыру реакциясын ауру малдың қан
сарысуынан телімді антиденелерді (бруцеллез, маңқа, лептоспироз,
перипневмония және т.б. аурулардың балауында) анықтауда және
телімді иммунды қан сарысуларының көмегімен зерттелетін
жадығаттардан телімді антигендерді (бактериалдық және вирустық)
анықтауда қолданады. Сонымен қатар бұл реакция ауру малдардан
бөлініп алынған ауру қоздырғыштарын, олардың типтері мен тип
тармақтарын анықтау және вакциналарды дайындауға арналған
өндірістік штамдары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарында
пайдаланылатын зертханалық штамдарын тексеру үшін пайдаланылады. 
Бұл реакцияны 1901 жылы Борде мен Жангу бактериолиз және
гемолиз феномендерін қолдана отыра жарыққа шығарды. 
КБР бес компонент қатысады: 1) антиген; 2) зерттеуге алынған қан
сарысуы; 3) комплемент; 4) гемолиттік қан сарысуы; 5) қой
эритроциттері. 1, 2 және 3 компоненттер тәжірибелік (бактериолиттік
немесе цитолиттік) жүйені, ал 3, 4 және 5 компоненттер индикаторлық
жүйені құрайды. Егер антиген мен зерттеуге алынған қан сарысуындағы
антидене бір-біріне сәйкес келсе, онда антиген-антидене кешені пайда
болып, бұл кешен комплементті өзіне тартады. Ал, егер зерттеуге
алынған қан сарысуында антигенге сәйкес антидене болмаса, иммунды
кешен қалыптаспайды, сондықтан комплемент бос қалады (40-сурет). 
Комплементтің антиген-антидене кешенімен байланысқанын немесе
оның бос қалғанын анықтау үшін шыны түтікке индикатор ретінде
гемолиттік жүйенің компоненттерін – гемолиттік қан сарысуы мен
эритроциттерді қосады. Егер батериолиттік жүйеде комплемент
байланыстырылған болса, эритроциттердің гемолизі байқалмайды. 
Бұл жағдай антигеннің зерттеуге алынған қан сарысуындағы
иммунды денелерге үйлесімді екендігін дәлелдейді. Бактериалды жүйе
ерітілген қан сарысуын, антигеннің және комплементтің 0,5 мл
мөлшерлерінен құралады. 
Бұл жүйе су моншасында 20 минут ұсталынады (37ºС-38ºС). Қан
сарысуы алдын ала 58-60ºС 30 минут аралығында олардың өз
комплементтерінің күшін жояды. Сонан соң бактериалдық жүйеге
гемолитикалық жүйені қосады. Бұл жүйе гемолитикалық қан
сарысуының ерітіндісі мен қой эритроциттерінің 2,5 суспензиясының
0,5 мл мөлшерінен тұрады. Екі жүйені тағы да су моншасында 20 минут
(37-38ºС) ұстайды. Реакцияның нәтижелерін 14 сағат бөлме
температурасында ұстағаннан кейін екі рет бағалайды. 
Демек, гемолиздің жоқтығы КБР-ының оң нәтижесі болып
саналады. Эритроциттердің гемолизі бактериолиттік жүйеде бос
комплементтің барында ғана байқалады. Комплемент қан сарысуында
иммунды денелердің жоқтығының салдарынан бос қалады (КБР-ның
теріс нәтижесі). Зерттеуге алынған қан сарысуында антиденелер аз
111


болса, эритроциттер ішінара гемолизге ұшырады. Гемолиздің толық
тоқталуы (++++), едәуір тоқталуы (+++), жарым-жартылай тоқталуы (+
+) немесе (+), ал толық гемолизі (-) белгілерімен таңбаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет