Микробиологиялыќ зертхана


-сурет. Антиденелерді антигендік



Pdf көрінісі
бет127/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

37-сурет. Антиденелерді антигендік
эритроцитарлық диагностикуммен
анықтау нәтижесі
38-сурет. Антигендерді антиденелік
эритроцитарлық диагностикуммен
анықтау нәтижесі
Гемагглютинацияны тежеу реакциясы
(ГАТР) ауру
қоздырғыштарының (нькасл, құс тұмауы вирусы, т.б.) эритроциттерді
агглютинациялау белсенділігін антиденелердің көмегімен бейтараптауға
негізделген. Бұл реакция жаңадан бөліп алған штамдарды
идентификациялау, ретроспективті балау, постинфекциялық
иммунитетті анықтау, жануарлардың иммунологиялық күйлерін
айқындау үшін қолданылады. ГАТР ауру қоздырғышы мен қан
сарысуының қоспасына эритроциттерді қосу арқылы іске асырылады.
Егер қан сарысуының құрамында телімді антиденелер болмаса
эритроциттер бактериямен немесе вируспен агглютинацияланады, ал
телімді антиденелер болған жағдайда гемагглютинация құбылысы
байқалмайды. 
ГАТР-на арналған қан сарысуларының екі еселенген
сұйылтымдарын (1:10 нан 1:1280 және одан жоғары) әзірлеу үшін
барлық шыны түтіктерге 0,2 мл физиологиялық ерітінді құяды. Бірінші
түтікке 0,2 мл зерттеуге алынған қан сарысуын (1:5 қатынасындағы)
қосып, араластырғаннан кейін, бірінші түтіктен 0,2 мл суспензияны
екіншісіне, одан үшіншісіне және келесілеріне үлестіру арқылы
титрлейді. Сосын барлық шыны түтіктерге 0,2 мл антигенді (вирусты)
(1:40 қатынасында) қосып, жақсылап шайқап, 30-60 минутқа
қалдырғаннан кейін 0,2 мл 1%-ды эритроцит ерітіндісін қосады да, қайта
шайқап, 30-60 минуттан соң реакция нәтижесін оқиды (инкубация
уақыты мен температурасы қолданылған антигеннің түрлеріне
байланысты). 
107


Зерттеуге алынған үлгілермен қатар қан сарысуы (0,4мл 1:10
қатынасындағы қан сарысуы + 0,2 мл эритроцит суспензиясы),
эритроциттер бақылауы (0,2 мл эритроцит суспензиясы + 0,4 мл
физиологиялық ерітінді), гемагглютинациялау бірлігінің бақылаулары
қойылады. Гемагглютинацияны тежеу реакциясы нәтижесін
эритроциттердің шөгу деңгейіне қарай анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет