жақсылап шайқағаннан кейін бөлме температурасында 20-30
минутқа
(тауық эритроциттерімен қойғанда) немесе 60 минутқа (сүт қоректілер
эритроциттерін пайдаланғанда) қалдырады.
Гемагглютинация құбылысы байқалған жағдайда эритроциттер
шыны түтіктердің түбіне қарай біркелкі жайылып, жұқа пленка тәрізді
(қолшатырға ұқсас) тұнбаға түседі. Агглютинация құбылысы
байқалмаса эритроциттер шыны түтіктің түбінде кішкене түйме тәрізді
тұнады.
Эритроциттердің шөгу уақыты
реакцияға пайдаланылған
қоспалардың көлеміне, эритроциттердің түріне және температураға
байланысты болады (жағары температурада эритроциттер тез шөгеді).
Оң реакция нәтижесі эритроциттердің тұнбаға түсуіне
байланысты
келесі көрсеткіштермен бағаланады: +++ - эритроциттердің қарқынды
және тез агглютинациялануы; ++ - эритроциттердің агглютинациялану
қарқындылығы төмен болғанда; + - шыны түтік түбінде болар-болмас
эритроциттердің агглютинациясы байқалғанда. Реакция теріс болғанда
эритроциттер шыны түтік түбінде түйме тәрізді тұнба түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: