едәуір жақсы өседі. Қолайлы өсіп-өну температурасы 37-38ºС. Қан
сарысуы қосылған ЕПС-да стрептококкалар
ортаны лайламай, шыны
түтік түбінде ұсақ түйіршікті тұнба, ал қан сарысуы қосылған ЕПА-дың
бетінде ұсақ, сарғыш түсті колонияларды түзеді. Қанды агарда өскен
кейбір штамдардан β-гемолизді байқауға болады (55-сурет).
Ферментативтік (биохимиялық)
қасиеттері.
Стрептококкалардың
биохимиялық белсенділігі нашар.
Желінсаудың
стрептококкалары
ЕПЖ-ді
сұйылтпайды,
сүтті
ұйытпайды. Лактоза,
мальтоза,
сахароза, глюкозаны ыдыратады, ал
сорбит
пен дульцитті ыдырата
алмайды. Натрий гипуратының
гидролизге
ұшырауы желінсау
стрептококкінің
диагностикалық
көрсеткіші болып табылады. Сүттен
желінсау стрептококкалары бөлінген
жағдайда,
ондағы лейкоциттердің
саны өте жоғары болып, сүттің
лизоцимдік
белсенділігі күрт
төмендейді,
Уайтсайд
(лейкоцитоздың жанама көрсеткіші)
және бромтимолды сынауларының оң
нәтижелері байқалады (реактивті
қағаздармен сүттің
сілтілігін
анықтау).
Достарыңызбен бөлісу: