экстрактын 30-40 минут әлсіз отта қайнатады. Мақталы дәке сүзгіштен
экстракты өткізгеннен соң, қайта қағаз сүзгішпен сүзеді де, бастапқы
мөлшеріне ағын суын құю арқылы келтіреді. Ет суын шыны сауыттарға
құйып 120ºС-та 30 минут стерильдейді.
Ет суын дайындау процесін жеделдету үшін фаршқа екі есе
мөлшерде ағын суын қосады да, бір сағат бойы 50ºС-де қыздырады.
Пайда болған массаны екі қабатталған дәкемен сүзіп, етті сығып,
алынған сұйықтықты 30 минут қайнатады. Ұйып қалған белоктарды
мақталы-дәкеден, сонан соң сүзгіш қағаздан өткізу арқылы бөліп алады.
Фильтратқа оның бастапқы мөлшеріне дейін ағын суын қосып, шыны
сауыттарға, шыны түтіктерге құйып, 120ºС-де 30 минут стерильдейді.
Дайын ет суының рН мөлшері 6,8-6,5 шамасында болады.
Достарыңызбен бөлісу: