Микробиологиялыќ зертхана


-сурет. Вертикальды-ВК-75 және горизональды-СПГА-100-1-НН



Pdf көрінісі
бет41/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

13-сурет. Вертикальды-ВК-75 және горизональды-СПГА-100-1-НН
автоклавтары
Сүзу арқылы стерильдеу
сұйық материалды бактериологиялық
сүзгілерден өткізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл тәсілмен қыздыруға
болмайтын сұйық қоректік орталарды, қан сарысуларын, антибиотикті
ерітінділерді залалсыздандырады. Сүзгілер қатты – керамикалық, асбесті
және мембраналы болады.
Ультракүлгін сәулелермен стерильдеу
зертханалардың және
тағам өнімдерін ұзақ сақтау үшін залалсыздандыруға негізделген. 
Ультрадыбысты
су, сүт, тері өнімдері мен басқа да заттарды
стерильдеуге қолданады. Ультрадыбыстардың әсерінен пайда болған
кавитациялық көпіршіктер бактериялардың цитоплазмасына еніп,
жасушаның ішкі құрылымын талқандайды. 
Химиялық заттармен стерильдеу
қоректік орталарды,
вакциналарды, сонымен қатар емдік-профилактикалық қан сарысуларын
химиялық заттармен консервілеу үшін қолданылады. Қоректік
орталарды хлороформ, толуол, кейде эфирмен консервілейді
(консерванттардан тазарту үшін ортаны 56ºС-ге дейін қыздырады).
Вакциналар мен емдік қан сарысуларды 0,25-0,5% фенол, 0,05%
формалин немесе мертиолатпен консервілейді. Агглютинирлеуші қан
сарысуларын бор қышқылы, толуол немесе глицеринмен консервілейді. 
Химиялық заттарды зертхананы дезинфекциялау үшін қолданады
(1-3%-ды хлорамин, 3-5%-ды фенол,70%-ды спирт, т.б.).
33




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет