Бақылау сұрақтары:
1 Бактерияларды «өсіру» деген мағынаны
қалай түсінуге болады? 2 Микроорганизмдерді өсіру тәсілдерінің негізгі
жағдайлары. 3 Микробтарды себу мен қайта себу қандай мақсатта
қолданылады?
МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ ТАЗА ӨСІНДІЛЕРІН БӨЛІП АЛУ
ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КОЛОНИЯЛАРЫН ЗЕРТТЕУ
Микроорганизмдердің таза өсіндісін бөліп алу.
Әдетте, зерттеуге
алынған материалда микробтардың бір ғана түрі емес, көптеген түрлері
кездеседі. Солардың ішінен керекті микробтың бір түрін бөліп алу үшін
бірнеше тәсілдер қолданылады.
Сұйылту тәсілі.
Зерттеуге алынған материал физиологиялық
ерітіндіде сұйылтылады. Материалдың түрі мен ондағы микробтардың
мөлшеріне байланысты сұйылту 10
-2
;10
-3
;
10
-4
;10
-5
және тағы басқа
болады. Сұйылту көбейген сайын микробтар саны азая түседі. Бұл
жағдай микробтардың жекеленген жасушаларын бөліп алуға, демек таза
өсіндіні алуға мүмкіндік береді. Бұл үшін кейінгі сұйылтулардан тығыз
қоректік орталарға себінді жасайды. Осы тәсіл әр микроб жасушасынан
жекеленген колониялардың өсіп шығуына мүмкіндік туғызады.
Жекеленген колониялар басқа қоректік орталарға қайта себіледі. Олар
таза өсіндінің негізін құрайды.
Ыдырата себу.
Петри шынысындағы ЕПА-ға зерттеуге алынған
материалдың бір тамшысын тамызып, стерильді шпательмен біркелкі
таратады. Сонан соң шпательдегі микробтардың қалдығын, екінші
шыныдағы ортаның бетіне таратады. Осылайша шпательді бірнеше
қоректік орталардың бетінен өткізеді. Кейінгі шыны аяқтарға микробтар
аз түседі, санаулы колониялар пайда болады. Бұл колониялардан
микробтардың таза өсінділерін өсіруге болады.
36
Таңдаулы орталардың көмегімен өсінділерді алу.
Барлық микробтар
қарапайым қоректік орталарда өсе бермейді. Белгілі бір түрдің
микробтарын өсіруге арналған қоректік орталарды элективті немесе
таңдаулы деп атайды. Бұл орталарды орыс микробиологы С.Н.
Виноградский ұсынған (1888-1890 жж). Нитрификациялаушы
бактерияларды зерттей отыра, С.Н. Виноградский олардың қоректік
орталарға органикалық заттарды қосқанда өспеуін байқайды, ол
минералды орталарды қолдана отыра нитрификатордың өсінділерін
алды. Сүт қышқылды бактериялардың таңдаулы ортасы – сүт.
Лактозаны ашыта отыра, олар қышқыл түзіп алкалифилдердің
(аммонификаторлар мен басқа микроорганизмдердің) өсіп-өнуіне
қолайлы жағдай туғызды.
Туберкулез микобактерияларын бөліп алу үшін глицеринді ет-
пептонды, глицеринді-крахмалды, белокты және басқа қоректік
орталарды қолданады. Мұндай орталарға (Петраньяни, Левенштейн-
Иенсен) бөгде микробтардың өсуін тежеу үшін әр түрлі бояғыштарды
(малахитты жасыл, көгілдір генцианфиолет) қосады. Зең
саңырауқұлақтар мен ашытқыларды көмірсулары бар қоректік орталарда
өсіреді (қызбаған сыра ашытқысы және т.б.). Мұндай орталарда қанттың
мөлшері 6-8ºБ шамасында болуы керек. Бұл орталарға актидион
антибиотигін қосып, трихофитонды өсіруге арналған таңдаулы ортаны
дайындауға болады. Актидион басқа саңырауқұлақтардың өсуін тежеп
дерматофиттердің өсуіне қолайлы жағдай жасайды. Бұл ортадан басқа да
таңдаулы орталар бар.
Бациллаларды бөліп алудың тәсілі.
Зерттеуге алынған материалда
микробтардың споралы және спорасыз формаларының болуы мүмкін.
Оларды материалдан 70-80ºС температурада 10-15 минут ішінде
қыздыру арқылы бір-бірінен бөліп алуға болады. Мұндай температурада
микробтардың вегетативті формалары бөлініп, тек қана спора түзетін
түрлері (бациллалар) ғана тірі қалады.
Өсіндіні биологиялық әдіспен тазарту тәсілі.
Патологиялық
материалдардан ауру қоздырғышын бөліп алу үшін зертханалық
жануарларға осы материалды жұқтырады. Егер жорамалданған өсінді
ұрық түзетін болса, материалды су моншасында қыздырады. Осындай
суспензияны сезімтал жануарлардың организміне енгізгенде (мысалы,
қарасан ауруына күдіктенгенде теңіз шошқасына егеді), тәжірибедегі
жануар 18-36 сағаттан соң өледі. Таңдаулы ортаны қолдана отыра, өлген
жануардың органдарынан ауру қоздырғышын бөліп алуға болады
(мысалы, Кит-Тароций ортасында). Пастереллез ауруының
қоздырғышын ішек таяқшалар мен стафилококкалардан және басқа
микробтардан бөліп алу үшін ауруға сезімтал үй қоянын жұқтырады.
Егер қоспада пастереллалар болса, онда бір тәуліктен соң олар
жануардың өлуіне себепкер болады. Өлген үй қояндарының
органдарынан қоректік орталарға себінді жасайды. ЕПА-нда
пастереллалар ұсақ мөлдір колония құрайды, ал ЕПС біркелкі лайланып,
37
шыны түтік түбінде тұнба пайда болады. Бұл тұнба шыны түтікті
шайқаған кезде бұрымша ретінде жоғары көтеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |