Микробиологиялыќ зертхана


Микроорганизмдердің тығыз және сұйық қоректік орталарда



Pdf көрінісі
бет45/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Микроорганизмдердің тығыз және сұйық қоректік орталарда
өсуі.
Әр микробтар өсінділері қоректік орталарда өздеріне тән
колонияларды құрайды. Соған байланысты 
тығыз қоректік орталарда
өскен
колониялардың мынадай белгілері болады:
Пішіні:
дөңгелек, сопақ, тармақталған және т.б.
Мөлшері:
нүкте тәріздес, шық тәріздес, диаметрлері 1 мм ден аспайтын,
ұсақ (d 1-2 мм), орташа (2-4 мм), ірі (4 мм ден көп) колониялар.
Беткейі:
тегіс немесе қатпарлы, күңгірт немесе жылтыр және т.б.
Мөлдірлігі:
мөлдір және мөлдірлігі әр деңгейде.
Консистенциясы:
шырышты, ұнтақты, тығыз және т.б.
Пигмент:
қызыл, сары, қара, көк және т.б. Қызыл пигментті кейбір
актиномицеттер, ашытқылар, бактериялар түзеді. Қызыл пигменттерді
ғажап таяқшалар, көк пигментті көк ірің таяқшасы түзеді. Сары түсті
пигменттер стафилококкалар мен сарцина жасушаларында кездеседі.
Қара немесе қоңыр пигменттерді кейбір саңырауқұлақтар түзеді.
Микробтардың сұйық ортада өсуі.
Кейбір микроорганизмдер
қоректік орта бетінде жұқа қабық құрса, ал кейбіреулері қатпарлы,
жылтыр қабықтар құрап өседі. Бірнеше микроорганизмдердің өкілдері
қоректік ортаның бетінде сақина тәріздес форма құрайды. Ортаның түсі
микробтардың шығаратын пигменттерінің түсіне байланысты болады.
Қоректік ортаның лайлануы да микроорганизмдердің түрлеріне
байланысты. Тұнба түйіршікті, мақта тәріздес болып келеді.
Етті-пептонды желатинде өскен
микроорганизмдер келесі
колонияларды құрайды:
Пішіні:
дөңгелек, сопақ, бұтақталған.
Мөлшері:
нүкте тәріздес (ұсақ), орта, ірі.
Мөлдірлігі:
мөлдір және мөлдір емес.
Шеті: 
тегіс, жыртылған, қалақ тәріздес, тісті доңғалақ тәріздес.
Беткейі:
күңгірт, жылтыр, тегіс немесе қатпарлы.
Желатинді ыдыратуы:
тез, бояу.
Микроорганизмдердің шаншу бойында өсуі.
Қоректік ортаның
үстіңгі жағында аэробтар өседі, ал төменгі жағында анаэробтар өседі. 
Шаншу сызығы:
жаппай, тізбек тәріздес, шырша тәріздес (тік немесе
аударылған), қауырсын сықылды және т.б.
Сұйылтуы:
воронка тәріздес, кратер сықылды, шұлық тәріздес және т.б.
Газ түзуі:
газ көпіршіктері түзіледі немесе олар болмайды. Жоғарғы
температурада желатин өздігінен сұйылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет