Микробиологиялыќ зертхана


Микроорганизмдердің биохимиялық белсенділігі



Pdf көрінісі
бет47/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Микроорганизмдердің биохимиялық белсенділігі
әр түрлі болып
келіп, жасушалар түзетін ферменттердің қасиеттеріне және қоршаған
ортаның жағдайларына байланысты болады. Бактериялардың
биохимиялық қасиеттерін зерттеу жұқпалы аурудың қоздырғышын
анықтау үшін орындалатын тәсілдердің бірі болып табылады.
Микроорганизмдердің ферментативтік (биохимиялық)
қасиеттерін анықтау тәсілдері.
Бактериялардың
сахаролиттік
қасиеттерін
оларды әр түрлі көмірсулары мен индикаторы бар
дифференциалды диагностикалық орталарға себу арқылы анықтайды.
Осы мақсатта Гисса ортасы жиі қолданылады. Әр түрлі көмірсулары бар
орталардың жиынтығы (глюкоза, лактоза, мальтоза, сахароза, дульцит,
арабиноза, сорбит және т.б.), майсыздандырылған стерильді сүт,
лакмусты сүт, метилен көгі бар сүт – «түрлі-түсті қатар» деп аталады.
Микроорганизмдердің өсінділерін бактериологиялық ілмектің немесе
Пастер түтікшесінің көмегімен аталмыш қоректік орталарға себеді.
Қоректік орталарды белгілі бір уақыт аралығында термостатта
ұстағаннан кейін ферментациялану (өзгеріске ұшырау) деңгейін
анықтайды: қоректік орта түсінің өзгеруі (Андредэ индикаторы болғанда
қызыл түске өзгереді) көмірсулардың ыдырауы мен қоректік ортада
қышқыл өнімдерінің түзілуінің дәлелі болып табылады. Егер
көмірсудың ыдырауы кезінде қышқыл ғана емес, сонымен қатар, газ
тәріздес заттар пайда болса, олар қалтқының ішіндегі сұйықтықтың
белгілі бір бөлігін ығыстырып шығарады да, оның жоғарғы бөлігінде
жиналады. Микробтардың сахаролиттік қасиеттерін анықтау үшін
көбінесе көмірсулары мен ВР индикаторы бар қоймалжың, сонымен
қатар көмірсулары мен индикаторлары бар тығыз қоректік орталар
қолданылады (Эндо, Левин, Плоскирев орталары және т.б.).
Микроорганизмдердің
протеолиттік қасиеттерін
анықтау үшін
зерттеуге алынған өсіндіні ЕПЖ, кәдімгі сүтке, кейде жылқының ұйыған
қан сарысуына, тауық жұмыртқасының коагуляцияланған белогына
себеді. Тік қатырылған ЕПЖ-не микробтарды бактериологиялық иненің
39


көмегімен қоректік ортаның түбіне бойлай шаншу арқылы сеуіп, оларды
термостатқа орналастырады, ал кейде (микробтың түріне байланысты)
бөлме температурасында қалдырылады. Бактерия ферменттерінің
әсерінен желатин протеолизге ұшыраған шыны түтіктердегі қоректік
орта (ЕПЖ) сұйылады. Әр түрлі микроорганизмдер желатинді түрліше
ыдыратады (15-сурет). Мысалы, сібір жарасының қоздырғышы ЕПЖ
воронка түрінде, ал стафилококкалар оны шұлық түрінде сұйылтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет