Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет50/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Бактериофагтар
телімді
антигендік қасиеті бар, көлемі
жағынан ұсақ болып келетін
(10...350 нм), облигаттық жағдайда
тоғышарлық ететін бактериялар-
дың вирустары. Бактериофагтар
фагтарға телімді жас бактерия
өсінділерінде ғана тоғышарлық
етеді. Бактериофагтарды құрамын-
да тірі микробтары бар әртүрлі
материалдардан (ағынды сулардан,
жара сұйықтықтарынан, адам мен
жануарлардың
нәжістерінен,
топырақтан) бөліп алуға болады.
Фагтардың атауы өздерінің лизиске
ұшырататын микробтың түріне
(ішек таяқшалары мен сальмонеллалардың фагтары) байланысты
аталады.
Фагтарды бөліп алу үшін зерттелетін материалды бактериялық
сүзгіден өткізеді. Пайда болған сүзіндіні ет пептонды сорпасы (ЕПС) бар
колбаға енгізіп, оған белгілі бір бактерия түрінен себінді жасайды.
Себінді жасалған колбаларды 16-18 сағат бойы 37°С температураға
реттелген термостатта ұстайды. Уақыт өткен соң өсіндіні қайтадан сүзіп,
фагтардың бар немесе жоғын анықтайды. Ол үшін 10 мл ЕПС бар шыны
түтікке 0,05 мл қоймалжың бактерия суспензиясынан себінді жасап, оған
0,1 мл зерттелетін сүзінді қосып, термостатқа қояды. Әр екі сағат сайын
ЕПС құйылған (сүзіндісі жоқ) бақылаудағы шыны түтіктермен
салыстыру арқылы өсіндінің өсу деңгейін тексеріп отырады. Өсірудің
бастапқы кездерінде зерттеуге алынған өсінділердің қарқынды өсуі
байқалып, кейіннен өсіндіде дамып жатқан фагтар жас өсінділерді
лизиске ұшыратқандығы байқалады. Сүзінді қосылған шыны түтіктердің
түсі мөлдірленіп, бастапқыдағы күңгірттігі жойылады, ал бақылауға
алынған шыны түтіктерде, керісінше, өсіндінің қарқынды өсуіне
байланысты күңгірттене бастайды.
Фагтардың бар жоғын тығыз қоректік орталарда да анықтауға
болады. Ол үшін шыны түтіктерде қиғаш қатырылған ет пептонды
агардың (ЕПА) беткейіне микроб өсіндісінен себінді жасап, кептіреді.
Сонан соң оның үстіне 1-2 тамшы сүзіндіні енгізіп, себіндінің бойымен
жоғарыдан төмен қарай ағуына ықпал жасайды. Себінді жасалған шыны
түтіктерді 18-20 сағат термостатқа қояды. Онда фагтар болған жағдайда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет