Микробиологиялыќ зертхана


Ультракүлгін сәуле әсерімен жүретін мутациялардың



Pdf көрінісі
бет58/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Ультракүлгін сәуле әсерімен жүретін мутациялардың
индукциясы.
Ультра күлгін сәулесінің әсері бактерияларды, соның
ішінде
Escherichia coli-
дің мутация алдындағы зақымдалуларын және
олардың мутацияға ұшырауы мен бөлінуін ынталандырады.
50


Ультракүлгін сәулесінің көзі ретінде ВУФ-15 бактероцидтік шамы
қолданылады. Қондырғы сәулеленетін нысанның ортасынан 60 см
қашықтықта орналастырылады. Ультракүлгін сәулесі
 Escherichia coli
-дің
ДНҚ-ын зақымдай
.
Мұндай сәулелендіруді қызыл немесе қараңғыда
жерде өткізген дұрыс. Алдын ала ультракүлгін сәулесінің бактероцидтік
дозасы анықталынады. Бактероцидтік дозаның оңтайлы мөлшерін тірі
қалған бактериялардың санына (0,1-1%-ға тең) сәйкес есептеп
шығарады.
Escherichia coli
-дің
lac
-мутанттарын бөліп алу үшін зерттелетін
өсіндіні алдын ала 14-18 сағат бойы сұйық қоректік ортада өсіреді. 1 мл
сұйық қоректік ортадағы бактерия жасушаларының мөлшері шамамен
2∙10
8
болуы керек. Пайда болған бактерия жасушаларын центрифугалау
арқылы тұндырып, 40 мл 0,1М MgSO
4
ерітіндісінде қайта араластырады
да, жасушалардың бөлінуі тоқтағанша мұзда салқындатады. 50 мл
көлемдегі сузпензияны стерильді Петри шынысына құйып, 15-150
секунд бойы сәулелендіреді. Сәулелендірілген бактерия жасушаларын
центрифугағаннан кейін пайда болған тұнбаны бастапқы мөлшердегі
сұйық қоректік ортамен қайта араластырып, шыны түтікке құяды.
Шыны түтіктегі өсіндіні 37ºС температураға реттелген термостатта 14-
18 сағат инкубациялайды. Сонан соң 10
-2
-10
-5
дайындалған
сұйылтымдарының 0,1 мл-інен Петри шыныларындағы тығыз селективті
қоректік ортаға (Эндо қоректік ортасы) себінді жасалады.
Антибиотиктерге төзімді мутанттарды бөліп алу жұмыстарында
Escherichia coli
-дің В және К штамдары қолданылады. Оларды
сәулелендіргеннен кейін белгілі бір концентрациядағы антибиотик
(ампициллин - 0,01 мг/мл, левомицетин - 0,005 мг/мл, пенициллин - 0,1
мг/мл) қосылған агарға себінді жасалады.
Эндо қоректік ортасында 
Escherichia coli
-дің 
lac
-мутанттары түссіз
колонияларды түзеді. Аталмыш концентрациядағы антибиотиктер
қосылған қоректік ортада
Escherichia coli
жасушалары өсетін болса,
онда ол антибиотиктерге резистентті болып табылады (нәтижесі
бақылаудағы өсінділермен салыстырылу арқылы бағаланады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет