Микробиологиялыќ зертхана


Өлексені бактериологиялық зерттеу



Pdf көрінісі
бет56/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Өлексені бактериологиялық зерттеу
микробтардың таза
өсінділерін бөліп алу үшін немесе жануарлардың қандай
микроорганизмдерден өлгендігін анықтау үшін жүргізіледі. 
Жануарлардың өлекселерін асептикалық ережелерді сақтай отыра
жарып сояды. Өлексені тақтай бетіне немесе парафин құйылған кювет
ішіне арқасымен бекітіп, терісін 5%-ды фенол немесе лизол
ерітіндісімен өңдейді. Терісін ақ жол сызығының бойымен кесіп, теріні
бұлшық еттен ажыратады. Бұлшық етін кесіп, кереді. Бастапқыда
көкірек қуысын
ашып, ондағы патологиялық өзгерістерді сараптама
журналына жазып алады. Жүрек, өкпе және лимфа бездерінің бетін
шпательмен күйдіріп, сол жерлерден Пастер түтікшесімен қан (ұлпа
пульпасын) алып, стерильді жағдайды сақтай отыра, қоректік орталарға
себінді жасайды. 
Сонан соң
құрсақ қуысын
ашады. Пинцетпен құрсақ қабырғасын
жоғары көтеріп, қайшымен диафрагмадан ажырата аналь тесігіне дейін
ішекті зақымдамай кеседі. Құрсақ қуысындағы паренхиматозды
органдардың көлемін, түсін, консистенциясын, ішек-қарынның күйін,
құрсақ қуысында экссудаттың барын немесе жоғын тексереді. Бауыр,
бүйрек, көк бауыр, лимфа түйіндерінің бетін күйдіргеннен кейін, қажетті
жағдайда ішек-қарыннан сұйықтық алады. Осылармен қатар
органдардың ұлпаларынан микроскопиялық зерттеу үшін жағынды
дайындайды: стерильді қайшымен органның бір бөлшегін кесіп алып,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет