Микробиологиялыќ зертхана


Фагтардың көмегімен бактериялардың түрлерін анықтау



Pdf көрінісі
бет52/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Фагтардың көмегімен бактериялардың түрлерін анықтау.
Фагтарды бактериялардың түрін (топалаң, листериоз қоздырғышы және
т.б.) немесе ішкі сипатын және нақты бір бактерия штамының
фаговарын анықтау үшін қолданады. 
Диагностикалық бактериофагтардың көмегімен белгісіз бактерия
өсіндісін идентификациялау жұмыстарында тығыз қоректік орталар
қолданылады. Мысалы, листериозға күмәнді, зерттеуге алынған 18
сағаттық өсіндіні глюкоза қосылған ЕПС-на себінді жасап, 37°С-де 4
сағат бойы сәл лайлану қалыптасқанға дейін инкубациялайды. Сонан
соң 2%-ды ЕПА бар Петри шынысына себінді (0,1 мл) жасалады.
Себіндіні 1-1,5 сағат бойы 37°С температурада инкубациялағаннан
кейін, қоректік ортаның беткейіне листериозды бактериофагтың
тамшысын енгізеді де, оны 16-24 сағат термостатта (22-25°С) ұстайды.
Зерттеу нәтижесінде өсінді листериоздікі болған жағдайда, тамшы
орнында мөлдір лизис аймағы байқалады. 
Фаговарды анықтау үшін зерттелетін өсіндіні нақты бактерия
түрінің барлық фаговарианттары қамтылған типтік фагтардың
жиынтығымен тексереді.
Сыртқы орта нысандарынан микробтардың түрін және
жануарлардың жұқпалы ауруларының қоздырғыштарын анықтау
жұмыстарында фагтардың титрін біртіндеп жоғарылату әдісі
қолданылады. Аталмыш әдіс белгілі бір қоздырғышты зерттелетін
материалда бөгде микрофлора болған жағдайда да анықтауға мүмкіндік
береді. Ол үшін зерттеуге алынған материалға (консервант қосылмаған)
ЕПС-ның 10 есе көлемін (рН 6,8-7,0) құйып, шуттель-аппарат көмегімен
5 минут араластырады да, 2 шыны түтікке 9 мл-ден бөліп құяды. Бірінші
шыны түтікке титрі белгілі индикаторлы фагтың (1:100 сұйылтымдағы)
1 мл-ін, екіншісіне 1 мл сорпаны (бос фагтың бар жоғына бақылау
жасалады), ал үшінші шыны түтікке (фаг титрінің бақылауы ретінде) 9
46


мл стерильді ЕПС мен 1 мл фагты құяды да, оларды 37°С температураға
реттелген термостатта 4-5 сағат ұстайды. Зерттеуге алынған материалда
гомологиялық фагтың микроорганизмдері болған жағдайда фаг титрінің
біртіндеп жоғарылауы байқалады. Содан кейін әр шыны түтіктегі
қоспаны сорпамен 100, 1000 және 10 000 есе сұйылтады да, су
моншасында (58ºС) 30 минут қыздырып, индикаторлық өсінділері бар
агарлы орталарға себінді жасайды да, нәтижесін 4-5 сағат
инкубациялаған соң фагтардың колонияларды («дақтарды») түзуі
бойынша бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет