сағаттық агарда немесе сұйық ортада өсірілген таза өсіндіні
пайдаланады. Патологиялық материалдарды (органдардың ұлпалары,
ірің, қан, т.б) алдын ала
физиологиялық ерітінді қосып, езіп алады.
Жұқтырардан бұрын жануарларды бекітеді. Теңіз шошқаларын көмекші
жоғары қаратып сол қолымен мойнынан, ал оң қолымен артқы аяғынан
ұстап тұрады. Тышқандардың құйрығын бір қолмен, екінші қолмен
желкесінің терісінен тартып, шалқайтады да, басын төмен түсіреді. Егеу
құйрықты желкесінің
терісінен қысқышпен қысып, үстелдің бетіне
басады да, екінші қолмен құйрығынан ұстап, ыңғайландырып ұстайды.
Жұқтыруға алынған саймандар міндетті түрде стерильді болуы тиіс.
Скарификация
– скальпель көмегімен терінің бетін кішкене кесіп,
сол жерге зерттеуге алынған материалды немесе бактерия өсіндісін
салып, қатты шөткемен ысқылайды. Ол жердің жүнін
алдын ала қырқып,
спиртпен өңдейді.
Тері ішіне жұқтыру
– сол қолдың саусақтарымен теріні тартқан
кезде пайда болған қатпарға иненің ұшын кіргізіп, материалды енгізеді.
Материалдың мөлшері 0,2 мл-ден аспау керек.
Дұрыс енгізілген
жағдайда сол жерде бұршақтың көлеміндей түйін пайда болады (17-
сурет).
Тері астына жұқтыру
– сол
қолмен теріні тартып, пайда болған
«қалташаға» инені енгізіп,
шприцтегі
материалды жібереді
(18-сурет). Қоянға арқа жанына
қарай,
тышқандар
мен
егеуқұйрықтардың құйрығының
түбіне егеді. Егу дозасы тышқанға –
1 мл,
егеуқұйрық пен теңіз
шошқасына – 10 мл, қоянға – 20-25
мл.
Қан тамырға жұқтыру
–
материалды
қояндардың
құлағының шеткі тамырына,
тышқандар
мен егеуқұйрықтардың
құйрық тамырына енгізеді.
Жұқтыратын жердің тамырлары
қанға толуы үшін ксилолға немесе
жылы суға батырылған тампонмен
сүртеді (19-сурет).
Бұлшық етке жұқтыру –
жамбасының ішкі жағына, ал
кұстардың
көкірек бұлшық етіне
жасалады. Материалды енгізу
мөлшері тышқанға – 0,5 мл, теңіз
Достарыңызбен бөлісу: