Микробиологиялыќ зертхана


Зертханалық жануарларды жарып сою



Pdf көрінісі
бет85/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Зертханалық жануарларды жарып сою.
Экспериментальды
жолмен жұқтырылған зертханалық жануарлардың организмінде болған
патологоанатомиялық өзгерістерін анықтау және вирусы бар
материалды бөліп алу үшін оларды жарып сояды. Өлімге ұшыраған
жануарлардың мүшелері мен ұлпаларының кілегей қабықша
беткейіндегі (әсіресе ішек) микрофлоралармен ластануына жол бермеу
үшін оларды тез арада жарып сою қажет. Өлімге ұшырамаған
жануарлардың клиникалық белгілері анық байқалғандарын және
ешқандай белгілер байқалмағандарын 8-10 күннен соң (жұқтырғаннан
кейін) жансыздандырады. Жануарларды наркоз дозасын арттыру және
декапитация (бауыздау), сонымен қатар олардың жұлының үзу арқылы
(ұсақ жануарлардың) жансыздандыруға болады. Ұсақ өлекселерді
препарат үстеліне, ал ірі жануарлардың өлекселерін арнайы үстел
немесе тақтай бетіне аяқтары мен басынан бекітеді. Жануарларды
жарып сою жұмыстарында стерильді саймандар қолданылады. 
Жануарлардың құрсақ және көкірек қуыстарын ашу үшін оны
арқасымен жатқызып, алдыңғы және артқы аяқтарын керу арқылы
бекітеді де, терісінің кесу сызығын бойлай дезинфекциялаушы
ерітінділермен өңдейді. Ұсақ жануарларды дезинфекциялаушы
ерітіндіге тұтастай батыруға болады. Жануарлардың терісін ақ жол
сызығының бойымен кесіп, терісін екі жаққа кереді де, түйреуішпен
бекітеді. Сосын, екінші стерильді қайшымен құрсақ қуысын ашады. Ол
үшін диафрагма сызығынан төмен қарай құрсақ қуысы мен ақ жол
сызығының бойымен кесінді жасайды. Үш бұрышты құрсақ қуысының
қабырғаларын керіп бекітеді (24-сурет). 
75




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет