Микробиологиялыќ зертхана


Зертханалық жануарлар организмінде вирустардың көбеюі



Pdf көрінісі
бет84/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Зертханалық жануарлар организмінде вирустардың көбеюі
нәтижесінде байқалатын белгілер.
Құрамында вирусы бар
материалдар жұқтырылған жануарлардың клиникалық күйін күнделікті
бақылап отырады. Вирустар денеде көбейген жағдайда сезімтал
жасушалардың зақымдалуы байқалады немесе жануарлар өлімге
ұшырайды. Вирустардың әсерінен жасушалары зақымдалған
мүшелердің атқаратын қызметтері жартылай немесе толығымен
бұзылады. Мысалы, тыныс жолдарының зақымдалуында – жөтел,
74


сырыл, демігу байқалса, ал ми жасушалары зақымдалғанда – сіңірі
тартылу, әлсіреу, салдану және т.б. белгілері көрінеді. 
Организм жағдайы мен қызметінің көзге көрінетін өзгерістерінің
байқалуы аурудың клиникалық белгілері деп аталады.
Экспериментальды жолмен жұқтырғаннан кейін организмде пайда
болған белгілер вирустардың көбеюінің жанама дәлелі болып саналады.
Бұл жағдайда тек пайда болған өзгерістерді сипаттап қана қоймай, нақты
бір ауруға тән жасырын кезеңінің ұзақтығы да ескеріледі. Аурудың
жасырын кезеңі тек ауру қоздырғышының қасиеттеріне ғана тәуелді
болмай, вирустың дозасына, олардың организмге ену жолына және
организмнің жалпы күйіне де байланысты болады. 
Биосынама қою мақсатында жұқтырылған зертханалық
жануарларда пайда болған клиникалық белгілер (қысылу, азыққа
тәбетінің төмендеуі, демігу, т.б.) зерттеуге алынған патологиялық
материалдың құрамында вирустың бар екендігін көрсетеді. Мұндай
белгілерге сүйене отыра ауруды вирустардың қандай түрі
қоздырғандығын анықтау мүмкін емес. Вирустардың түрін айқындау
жұмыстары серологиялық реакциялар көмегімен іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет