Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет80/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Зертханалық
 
жануарларға
 
қойылатын
 
талаптар.
Вирусологиялық зерттеу жұмыстарына арналған жануарлардың тобын
жинақтау кезінде келесі талаптар міндетті түрде орындалуы қажет:
жануарлар нақты бір вирусқа сезімтал келуі; жануарлар жасы мен
салмақтарының бірдей болуы ескерілуі керек, себебі вирустардың
71


көпшілігі жас, тіптен жаңа туылған жануарлар организмде жақсы өседі.
Мысалы, құтырық пен аусыл ауруында биосынама тышқан балаларына,
құстардың ларинготрахеитінде – балапандарға қойылады, ал Ауески
ауруында биосынама ересек қояндарда жүргізіледі, бұл жағдайда ауруға
тән клиникалық белгілер анық байқалады; міндетті түрде жануарлардың
денсаулығы ескеріледі, вирусологиялық зертханаға әкелінетін
жануарлар жұқпалы аурулардан таза шаруашылықтардан алынуы қажет,
сырттан әкелінген ақ тышқандар мен егеуқұйрықтар 14 күн, ал қалған
жануарлар 21 күн карантинде ұсталып, күнделікті бақылауда болады.
Жұқпалы ауруларға күдіктенген жағдайда барлық жануарлар
зертханалық зерттеуден өткізіледі. Зерттелген жануарлардың арасынан
жұқпалы ауру қоздырғыштары анықталған жағдайда барлық
жануарларды жоюға жібереді.
Зерттеу жұмыстарында қолданылатын жануарлар арасында
жасырын (латентті) инфекциялардың да таралуы мүмкін. Бұл кезде
инфекция қоздырғыштары организмінде болғанымен, ешқандай
клиникалық белгілер байқалмайды. Осында организмде қолайсыз
жағдай әсер еткенде, оның резистенттілігі төмендеп, денеде қоздырғыш
қарқынды көбейеді де, аурудың белгілері көрінеді. 
Зертханалық жануарлар арасында кең тарайтын латенттік
инфекцияларға ақ тышқандардың эктромелиясы жатады. Бұл
инфекцияның қоздырғышы шешек вирусының тұқымдасына жатады.
Бұл ауруға шалдыққан жануарлар алақандарында некротикалық
қабынулар байқалса, инфекцияның жайылған түрінде бауыр мен көк
бауырында некротикалық ошақтар пайда болады. 
Вирустардың онға жуық түрлері зертханалық жануарларды
вирустық пневмонияға шалдықтырады. Олардың ішінен ең жиі
кездесетіндерінің бірі болып Сендай вирусы табылады. 
Үшінші латенттік инфекцияларға ақ тышқандардың лимфоцитарлы
хориоменингиті мен энцефаломиелиті және басқа зертханалық
жануарлар түрлерінің вирустық энцефалиті жатады. Бұлардың
барлықтары нейроинфекцияларға жатады. Аталмыш ауруларға
шалдыққан зертханалық жануарларда сіңірі тартылу, парез және салдану
байқалады. Латенттік инфекция қоздырғыштарын арнайы әдістердің
көмегімен анықтайды. Ол үшін осы мақсатқа арнап сойылған
жануарлардың жеке органдарынан дайындалған суспензияларды тиісті
әдістермен зертханалық жануарларға егеді (бас миынан дайындалған
суспензияны интрацеребральды жолмен). Латенттік инфекция болған
жағдайда аурудың жіті ағымда өтуі байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет