Микробиологиялыќ зертхана


Вирусы бар материалдарды зерттеуге дайындау



Pdf көрінісі
бет77/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Вирусы бар материалдарды зерттеуге дайындау.
Зертханаға
келіп түскен патологиялық материалдарды консерванттардан тазартып
(ерітеді, глицериннен шаяды), өлшейді. Материалдардың бір бөлігін
вирусологиялық зерттеуге алады, қалғандарын қосымша зерттеу
жұмыстарын жүргізу үшін тоңазытқышқа сақтауға қояды. 
Органдар мен ұлпаларды дайындау
. Вирустарды органдардың
жасушалары мен ұлпаларынан босатып алады да, қайшымен ұсақтап,
стерильді кварцты құм салынған келіде ұнтақтайды. Ұнтақтау
жұмыстарында талқандалған шыныларды қолданбаған жөн, себебі
олардың сілтілік қасиеттерінің болуына байланысты вирустардың біраз
бөлігін инактивациялайды. Ұнтақталған сынаманың фосфатты буфердегі
немесе Хенкс ерітіндісіндегі 10%-ды суспензиясын дайындап, оны 15-30
минут бойы 1500-3000 айналым/минутта центрифугалағаннан кейін
тұнба сұйықтығын стерильді ыдысқа құйып алып, бөгде
микрофлоралардан тазарту үшін бактериалды сүзгіден өткізіледі (сирек
қолданылады, өйткені вирустардың көпшілігі сүзгіге
адсорбциялануынан жоғалады) немесе қажетті дозадағы
антибиотиктермен (пенициллин, стрептомицин, тетрациклин, т.б.)
өңделеді. Қолданылатын антибиотиктердің тиімді дозасы 100-2000 ӘБ
аралығында өзгеруі мүмкін. Шамадан тыс дозадағы антибиотиктермен
өңдеген жағдайда жасуша өсінділері телімсіз дегенерацияға ұшырауы
байқалады. 
Антибиотик қосылған патологиялық материал суспензиясын 30-60
минут бойы бөлме температурасында ұстағаннан кейін бактериялар мен
саңырауқұлақтардың барын немесе жоғын анықтау үшін ЕПА, ЕПС,
ЕПБС және Сабуро ортасына себінді жасайды. Бактериологиялық
зерттеу жұмыстарында теріс нәтиже көрсеткеннен кейін зертханалық
жануарларға, тауық эмбриондарына және жасуша өсінділеріне
жұқтырады. Ал бактериологиялық зерттеуде оң нәтиже көрсеткен
жағдайда вирус суспензиясын антибиотиктермен қосымша өңдеп,
қайтадан бақылау қояды. Зерттеу жұмыстарында пайдаланылатын
органдар мен ұлпалардың суспензиялары минус 20-70ºС температурада
сақталады.
Мұрын және көз бөлінділерін дайындау
. Тиісті ерітіндіге малынған
тампондарды 10-15 минут аралығында сілкілеп, суын сығып алады да,
пайда болған сұйықтықты 2000-3000 айналым/минут бойы
66


центрифугалайды. Сосын тұнба сұйықтығын стерильді пробиркаға
құйып, оның 1 мл-іне 500-1000 ӘБ мөлшеріндегі пенициллин мен
стрептомицинді қосады да біраз уақыт ұстап, бактериологиялық бақылау
жүргізілгеннен кейін жұқтыру жұмыстарына пайдаланылады. 
Нәжісті дайындау
. Шамамен 1 г нәжісті ішінде моншақтары бар
ыдысқа салып, 10 мл Хенкс ерітіндісін немесе фосфатты тұз ерітіндісін
қосады да сілкілеу арқылы гомогенизациялайды. Гомогенизацияланған
материалды 30 минут бойы 2000-3000 айналым/минутта
центрифугалайды. Тұнба сұйықтығын алып, оған пенициллин мен
стрептомицинді 500-1000 ӘБ/мл, нистатин 30 ӘБ/мл және 0,2 мг/мл
тетрациклин қосады. Антибиотикте 30-60 минут тұрғаннан кейін
стерильдігін анықтау үшін себінді жасайды да, минус 10-20ºС
температурада сақтайды. Жануарларға, тауық эмбриондарына немесе
жасуша өсінділерге жұқтырар алдында материалды ерітіп, мұздатудан
кейінгі пайда болған тұнбалардан арылту үшін қайтара
центрифугалайды. Артық қалған материалды зерттеу жұмыстарының
соңына дейін мұздатылған күйінде сақталады. Нәжісті зерттеу
жұмыстарын ректальдық жағындыларды зерттеумен алмастыруға
болады. 
Зәрді
500-1000 ӘБ/мл мөлшеріндегі антибиотиктермен өңдегеннен
кейін жұқтыру жұмыстарында пайдалана береді. 
Зақымдалған терідегі
папулалардың
,
көпіршіктер
мен
пустулалардың
ішіндегі заттарды және 
қабыршықтар
мен 
қабықтарды
зерттейді. Ол үшін папулалар мен көпіршіктердің ішіндегі заттарды 1:5
қатынасында физиологиялық ерітіндімен араластырады, ал
қабыршықтар мен қабықтарды ұнтақтағаннан кейін 1:5-1:10
қатынасында тұзды ерітіндімен суспезиялағаннан кейін 10-15 минут
аралығында 2000-3000 айналым/минутта центрифугалайды. Пенициллин
және стрептомецинмен (200-500 ӘБ/мл) өңдегеннен кейін материалды
жұқтыру жұмыстарында қолданады.
Қанды дайындау
. Вирустарды бөліп алу жұмыстарында
дефибринделген қанды, не антикоагулянт қосылған қанды қолдануға
болады. Соңғысында 5 мл қанды 5-6 тамшы гепарині бар түтікке құйып,
тоңазытқышта қатырады. Еріткеннен кейін гомолизге ұшыраған қанды
2000-3000 айналым/минутта 15 минут бойы центрифугалайды да, 100-
200 ӘБ/мл көлемінде пенициллин мен стрептомицин қосып,
стерильдікке тексергеннен кейін жұқтыруға пайдаланады. Мұндай
жұмысқа ұйыған қандарды да қолдануға болады. Ол үшін ұйыған қанды
келіде ұнтақтағаннан кейін Хенкс ерітіндісін қосады (1:1 немесе 1:2
қатынасында). 
Серологиялық зерттеуге қан алу
. Серологиялық зерттеу
жұмыстарына 2 қан сарысуы үлгілері қажет. Ол үлгілер аурудың
бастапқы және соңғы кезеңдерінде алынады. Бірінші қан сарысуының
үлгісі – аурудың инкубациялық немесе клиникалық белгілерінің байқалу
кезеңінің алдында, ал екіншісі – аурудың сауығу кезеңінде немесе
67


ауруға шалдыққаннан кейін 2-3 апта өткен соң алынады. Жануарлардан
қан алу және қанның сарысуларын дайындау жұмыстары стерильді
жағдайда жүргізіледі, оларға антикоагулянттар мен консерванттарды
қосуға болмайды. Себебі олар қан сарысуларын антикомплементарлық
жағдайға ұшыратады, бейтараптау реакциясында вирустарды
инактивациялайтын қасиеттерге иеленеді немесе жасуша өсінділеріне
улы болады, не стерильділігі бұзылады. 
Малдан 10-15 мл қанды резеңке тығыны бар түтіктерге алып,
ұйығанға дейін бөлме температурасында ұстайды да, шыны таяқшамен
немесе басқа сайманмен жиегін айналдырғаннан кейін (+4ºС)
тоңазытқышқа 18-20 сағатқа қалдырады. Сонан соң сарысуды сорып
алып, 100 ӘБ/мл мөлшерде пенициллин мен стрептомицин қосады да,
бактериологиялық орталарға себінді жасайды. 
Вирусологиялық балауда қолданылатын серологиялық әдістерде қос
қан сарысуы үлгілері зерттеледі. Сондықтан бірінші алынған сынамалар
дұрыс сақталуы керек. Қан сарысуларын міндетті түрде тоңазытқышта
+4ºС-де немесе төменгі температурада қатырылған күйінде сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет