Микробиологиялыќ зертхана


Вирусы бар материалдармен жұмыс істеу кезіндегі техника



Pdf көрінісі
бет73/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Вирусы бар материалдармен жұмыс істеу кезіндегі техника
қауіпсіздігі.
Вирусологиялық зертхананың барлық қызметкерлері ішкі
тәртіпті, жеке сақтық пен олардың алдын алу шараларын қатаң түрде
ұстану керек. Зертхана ішіндегі залалданудың алдын алу мен
инфекцияның таралуына тосқауыл қою үшін келесі ережелерді сақтау
қажет:
1 Ғимаратта халатсыз жүруге, жұмыс істеуге болмайды:
2 Зертхананың бір бөлімінен екінші бөліміне себепсіз өтуге
болмайды;
3 Әрбір қызметкер тек өзіне бекітілген жұмыс орнында отыруы,
өзіне тиісті қондырғыларды пайдалануы, сонымен қатар материалдарды
бір бөлмеден екінші бір бөлмеге тасымалдамауы қажет;
4 Зертханада тамақ ішуге темекі шегуге тыйым салынады;
5 Жұқпалы материалдармен және өсінділермен жұмыс істеу кезінде
пинцет, ілмек, шпатель тәрізді саймандарды қолданып, жұмыс
аяқталғаннан кейін міндетті түрде залалсыздандыру қажет;
6 Сұйық күйіндегі жұқпалы материалдарды сорып алу груша
көмегімен іске асырылуы керек;
7 Материалдармен себінді жасау, препараттарды дайындау
жұмыстарын спирт шамының жалынында жүргізілуі тиіс;
8 Жұмыс орнына немесе заттардың бетіне шашылған жұқпалы
материалдарды тез арада дезинфекциялау және стерильдеу қажет. Бұл
жұмыстар зертхана жетекшісінің бақылауымен жүргізіледі; 
9 Жұмыс уақыты кезінде залалданған саймандар мен материалдар
арнайы ыдыстарға (қақпағы бар шелек, бак) салынып, оларды
залалсыздандыру үшін автоклав бөліміне жөнелтіледі;
10 Жұмыс аяқталғаннан кейін барлық материалдар мен өсінділер
құлыптанатын бөлмелерге қойылады, ал жұмыс орындарының ретке
келтірілуі қажет;
11 Жұмыс орындарында тазалық сақталуы тиіс. Жұмыс кезінде
немесе жұмыс аяқталғаннан кейін қолды жақсылап жуып,
дезинфекциялайды;
12 Зертхана бөлмелерін дезинфекциялағыш сұйықтықтармен
ылғалдандырылған заттармен жуады;
62


13 Жұқпалы материалдар мен тірі өсінділерді кілтпен жабылатын
шкафтарға, термостаттарға, сақтау қоймаларына салып, пломба салып
қояды;
14 Тірі өсінділер мен жұқтырылған жануарлар күнделікті есептеліп,
дәптерге немесе кітапқа тіркеліп отырады;
15 Зертхана қызметкерлерін міндетті түрде негізгі жұқпалы
ауруларға қарсы егеді;
16 Физикалық әдістермен зерттеу бөлімінің (электрондық
микроскопия, ультрацентрифугалау) қызметкерлері ультракүлгін
сәулелерімен зақымдалудан сақтану шараларын ұстануы қажет; 
17 Өрт пен жарылуды болдырмау үшін бір спирт шамымен екінші
спирт шамын тұтатуға тыйым салынады, оларды тұтату үшін сіріңке
немесе оттық қолдану тиіс;
18 Электр қондырғыларының контактты бөліктерін ұстауға,
оқытушы немесе қызмет көрсетуші персоналдардың рұқсатынсыз электр
қондырғылар мен аппаратураларды тоқ көзіне қосуға болмайды;
19 Химиялық және басқа дар реактивтермен жұмыс істеу
ережелерін сақтау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет