зертханалық жануарларды жұқтырып, олардың ауруға шалдығу
дәрежесін есепке алады. Вирусология
тәжірибесінде құтырық ауруын
балау үшін биосынама тышқан балаларына қойылса, инфекциялық
бронхитте биосынама тауық балапандарында жүргізіледі.
Жиі жағдайда жануарлар организмінде вирустың болу тиімділігі
төмен болып, қандай вирус екендігін анықтауға мүмкіндік бермейді.
Сондықтан вирустардың түрін анықтау үшін
қосымша зерттеулер
жүргізілуі қажет. Бірақ, кейбір жағдайларда биосынама қойылған
жануарларда белгілі бір ауру қоздырғышына тән клиникалық белгілер
анық байқалып, патологиялық материалдарда вирустың бар екендігін
білдіріп қана қоймай, түрін айқындауға да мүмкіндік береді. Мысалы,
өлімге ұшыраған торайлардың
паренхиматозды органдарынан
дайындалған суспензияны қояндардың бұлшық етіне еккен жағдайда
(егілген жерінде) қатты қышыма пайда болады, тіптен қышыған жерінің
терісі мен бұлшық етін тістелеп тастайды да, өлімге ұшырайды. Бұл
көрсеткіш қояндардың Ауески ауруына шалдыққандығын көрсетсе,
тауық немесе көгершін шешегі вирусы бар суспензия егілген тауықтар
мен қой шешегі жұқтырылған қозыларда аталмыш ауру қоздырғышына
тән
белгілерді анықтай отыра, олардың түрін анықтауға болады.
Биосынама қойылған жануарлардың организмінен құрамында
вирусы бар материалдарды жинап алған жағдайда, вирус толық бөлініп
алынды деп есептеледі.
Экспериментальды жолмен жұқтырылған жануарларды
организмінде жиналған вирустарды ауруларға қарсы вакциналарды
дайындау немесе вирустардың қасиеттерін анықтау (идентификациялау)
үшін пайдаланады. Аусыл ауруына
қарсы вакцинаны дайындауға
қажетті биомассаны жинап алу үшін вирусты жаңа туылған қоян
балаларының организмінде өсіреді.
Зертхана жағдайында қандайда болмасын әдістермен
консервацияланған вирустар өздерінің белсенділік қасиеттерін жояды.
Сондықтан вирустардың белсенділік қасиеттерін ұзақ уақыт (көп
жылдар) бойы сақтау үшін тірі жүйелерде (жануарлар организмі, тауық
эмбриондары, жасуша өсінділері) кезекпен пассаж жасап отыру қажет.
Пассаж деп вирустың жаңа популяциясын алу мақсатында,
оларды
сезімтал келетін тірі жүйелерде өсіруді айтады. Жаңадан пассаж
жасалған вирустардың белсенділік қасиеттері қайта қалпына келеді.
Вирустармен жұмыс жүргізу кезінде олардың инфекциялық титрін,
яғни материалдардағы мөлшерін білу қажет. Оны анықтау үшін түрлі
сұйылтымдардағы вирусы бар материалдарды тірі жүйелерге
жұқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: