тері ішіне, бұлшық етке, құрсақ қуысына, тамыр ішіне, интраназальды
және интрацеребральды жолдарымен жұқтырылады.
Жұқтыру жолын
таңдау вирустардың тропизміне байланысты болады. Вирустар тропизмі
деп – вирустардың организмнің белгілі
жасушаларында
репродукциялануын айтады. Жүйке жүйесі жасушаларында
репродукцияланатын вирустар
нейротропты
(құтырық вирусы), тері
жасушаларында репродукцияланатындарын –
дерматропты
(шешек
вирусы), өкпе жасушаларында
репродукцияланатын вирустар
пневмотропты
(тұмау вирусы) деп аталады. Бірнеше түрлі жасушаларда
репродукцияланатындарын
политропты
вирустар (ірі қараның жұқпалы
ринотрахеиті тыныс және көбею мүшелерінің жасушаларында), ал
барлық типтегі жасушаларда репродукцияланатын вирустарды
пантропты
(ит обасының вирусы) деп дейді.
Вирустардың тропизмін біле отыра, материалды белгілі бір вирусқа
сезімтал келетін жасушалары бар органға енгізеді. Мысалы, тұмау
вирусын интраназальды, шешек вирусын – тері ішіне, құтырық вирусын
– интрацеребральды жолмен жұқтырады. Пантропты вирустарды тамыр
ішіне немесе құрсақ қуысына енгізген
жағдайда организмге біркелкі
тарайды.
Зерттеуге алынған материалдағы вирустың тропизмі белгісіз болған
жағдайда, жануарлардың бірнеше топтарына материалдарды түрлі
жолдармен енгізеді. Жұқтыру жұмыстарында қолданылатын
материалдардың дозалары жануарлардың түріне және организмге енгізу
дәрежелеріне байланысты құбылып отырады (1-кесте).
1-кесте. Зертханалық жануарларды
жұқтыруға арналған
материалдардың максимальды дозалары (мл)
Жұқтыру әдістері Қояндарға
Теңіз
шошқаларына
Ақ
егеуқұйрықтарға
Ақ
тышқандарға
Тері ішіне
0,1
0,1
0,05
0,02
Тері астына
5,0
3,0
3,0
0,5
Бұлшық етке
5,0
2,0
1,0
0,3
Құрсақ қуысына
10,0
5,0
2,0
1,0
Қан тамырға
5,0
2,0
2,0
1,0
Интраназальды
1,0
0,3
0,1
0,03
Интрацеребральды
0,3
0,05
0,03
0,02
Достарыңызбен бөлісу: