Микробтық АҚуыздарды өндіру технологиясы және продуценттердің сипаттамасы. ӨСімдіктер мен бактериялардың тыңайтқыштарын қОРҒАУҒа арналған микробиологиялық заттар



бет2/7
Дата21.10.2023
өлшемі48,84 Kb.
#187325
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
3 Дәріс МБ

«Керемет ақуыз» ұғымы
Ақуыздар қасиеті олардың құрамындағы аминқышқылдары мөлшерімен айқындалып жатады, олардың ішінде аминқышқылдарының жалпы саны мен бір-бірімен байланысу реттілігі маңызды. Әрқайсысы ақуызда керекті мөлшерде бола алатын 20 аминқышқылы кешені шектеусіз дерлік көлемде ерекше ақуыздық молекулалар құру мүмкіндігін береді. Адам организмінде әртүрлі 30 000 ақуыздар бар, тек бір бауырдың өзінде 1000 астам ақуызды-ферменттер бар. Алмастырылмайтын және алмастырылатын аминқышқылдарыорганизм ақуыздарын құру үшін бірдей маңызға ие екенін атап кеткен жөн (2 кесте).
Адам организмінің керекті мөлшерде аминқышқылдарымен қамтамасыз етілуі – ақуыздың тамақтанудағы басты қызметі. Тағам турасындағы ғылыми тұрғыдан алғанда аминқышқылдарын алмастырылатын және алмастырылмайтын деп бөледі. Жоғарыда аталған 20 аминқышқылының тоғызы алмастырылмайтын болып табылады, яғни, олар адам организмінде синтезделмейді және міндетті түрде тағам арқылы келіп түсуі керек. Оларға жататыны валин, лейцин, изолейцин, треонин, метионин, лизин, фенилаланин, триптофан, гистидин. Гистидин тек жаңа туылғандар үшн ғана алмастырылмайтын аминқышқылы болып саналады. Егер осы аминқышқылдарының тағамда мөлшері жеткіліксіз болса, адам организмінің қалыпты қызмет етуі мен дамуы бұзылады.
Өзге 11 аминқышқылдарын алмастырылатындарға жатқызады. Тағаммен қажетті мөлшерде ақуыздық азот келіп түскенде алмастырылатын аминқышқылдары өзге алмастырылатын аминқышқылдары азоты қатысуымен немесе алмастырылатын аминқышқылдары азотымен синтезделеді.
Басқаша айтқанда, алмастрылатын аминқышқылдарының белгілі бір мөлшері де азықпен келіп түсуі тиіс.

1– кесте.Тағам ақуыздарының аминқышқылдары



Аминқышқылы топтары

Аминқышқылы түрлері

Алмастырылмайтын
(эссенциалды)
аминқышқылдары

Изолейцин
Лейцин
Лизин
Метионин
Фенилаланин
Треонин
Триптофан
Валин
Гистидин

Алмастырылатын
аминқышқылдары

Глицин
Глутамин қышқлы
Аргинин
Аспарагин қышқлы
Пролин
Аланин
Серин
Тирозин
Цистеин
Аспарагин
Глутамин

Олай болмаған жағдайда аминқышқылдарының түзілуіне алмастырылмайтын аминқышқылдары шығындалатын болады. Абсолюттітүрде метаболиттік алмастырылатын аминқышқылдары болатыны глутамин қышқылы мен серин. Қазіргі кезгі мәліметтер алмастырылатын аминқышқылдарының организм қажеттіліктерін толығымен өтетйтін мөлшерде синтезделуі мүмкін еместігін дәлелдеп, көрсетеді.


Ақуыздың биологиялық құндылығы дегеніміз (немесе құрамында ақуызы бар тағам дегеніміз) барлық сіңіріліп түскен азотқа шаққанада организмде ұсталынып қалған азот үлесі. Ақуыздың биологиялық құндылығын бағамдау, организмде ұсталынып қалатын азоттың тағам ақуызында алмастырылмайтын аминқышқылдары мөлшерінен организм өсуін тиісті деңгейде ұстап тұру үшін адекватты жоғары болуына негізделеді.
Тағамдық ақуыз сапасын оның аминқышқылдық құрамын стандартты немесе «керемет шамадағы» ақуыздың аминқышқылдық құрамымен салыстыру түрінде бағалауға болады. Ал, «керемет шамадағы» ақуыз түсінігі жоғары тағамдық сападағы, адам организмінің алмастырылмайтын аминқышқылдарына деген қажеттіліктерін өтей алатын гипотикалық тұрғыдан алғандағы ақуыз ұғымын қамтиды. Ересек адам үшін «керемет шамадағы» ақуызретнде ДДҰ ФАО Комитеті ұсынған аминқышқылдық шкаласы қолданылады. Аминқышқылдық шкала 100 г стандартты ақуыздағы әрбір алмастырылмайтын аминқышқылының мөлшерін көрсетеді. Осы «керемет шамадағы» ақуызға тым жақын келетіні ет, жұмыртқа және сүттің жануар текті ақуыздары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет