Микробтық АҚуыздарды өндіру технологиясы және продуценттердің сипаттамасы. ӨСімдіктер мен бактериялардың тыңайтқыштарын қОРҒАУҒа арналған микробиологиялық заттар



бет6/7
Дата21.10.2023
өлшемі48,84 Kb.
#187325
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
3 Дәріс МБ

Энтомопатогенді препараттар
Биотехнологиялық құрастырылымдар ауыл шарашылығы мәселелерін шешуде үлкен орын алады. Тағам, азық қажеттіліктерін өтеу үшін өсімдік және мал шаруашылықтарының тиімділігін артыру керек. Мәдени өсімдіктер арамшөптер, кеміргіштер, зиянкес жәндіктер, нематодалар, фитопатогендік бактериялар, саңырауқұлақтар, қолайсыз ауа-райы мен климаттық жағдайлар тарапынан зардап шегеді. Осы аталған факторлар топырақ эрозиясы, нөсер, бұршақ жаууымен қатар, ауылшаруашылық дақылдарын шығымын едәуір төмендетеді. Жыл сайынғы орман және ауылшаруашылықтарының зиянкес-жәндіктер кесірінен келтірілетін шығындары әлем бойынша орта есеппен 100 млрд. доллар құрайды. Әртүрлі зерттеушілердің пайымдауынша, өсімдіктердің зиянкес-жәндіктері, қоздырушылары, бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтарболып табылатын инфекциялық ауруларға бейім келеді. Зиянкес-жәндіктердің бойында улы химикаттарға деген төзімділіктің жоғарылай түсуі күрестің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіруге итермелейді. Табиғаттың өз бойындағы зиянкес-жәндіктер жойылуын тудыратын патоген–микроорганизмдерді пайдалану аса тиімді болып шыққан. Қазіргі уақытта әлемнің әр елдерінде 30 астам энтомопатогенді (жәндіктер үшін патогенді) препараттар шығарылады. Олар жәндіктердің белгілі бір түрлерін жоюдың жоғары дәрежеде өтуімен ерекшеленеді де адамдар, жануарлар мен құстар, пайдалы жәндііктер үшін мүлдем зиянсыз болып келеді.
Табииғижағдайларда бөлініп алынған және сол табиғи ортаға микробтық патогендер түрінде ендірілген микроорганизмдер негізінде алынатынэнтомопатогендік препаратар биоценоздарда келеңсіз құбылыстар тудырмайды және экологиялық жағдайға зиянын тигізбейді.Бұл оларды дәстүрлі түрде пайдаланып келе жатқан химиялық инсектицидтермен салыстырғанда келешегі зор препараттар ретінде танытады.
Бактериалды энтомопатогенді препараттардың маңызды қайнар көзі ретіндеBacillus thuringiensisатауға болады.Бұл топ бактериялары жүздеген зиянкес-жәндік түрлеріне, оның ішіндежапырақ кеміргіш жәндіктер – алма, жүзім ағаштарының, қырыққабат, орман ағаштары зиянкестеріне қатысты патогенді. Оларға тән қасиет – жасушаларында жәндіктер үшін уытты кристалды туындылар болуы. Кристалдардың улы қасиеттері тек олардың жәндіктердің асқорыту торабына түуі кезінд білінеді. Уыт жәндіктің ішегін салдандырады да ішек эпителиін ыдыратып, бұзады.
Энтомопатогенді бактериалды препараттар өндірісінде Bac. thuringiensisтөрт нұсқасының практикалық маңызы бар:
1) var.dendrolimus –дендробациллин препараты;
2) var.galleriae –энтобактерин препараты;
3) var.insectus –инсектин препараты;
4) var.alesti –алестин препараты.
Барлық микробты препараттар жақпалы ұнтақтар немесе дуст күйінде шығарадыв. Бактериалды энтомопатогендік препараттар өндірісі технологиясыкез-келген терең өсінділеуге негізделген биотехнология өндіірісіне тәнбарлық сатылардан құралады: себінді материалын зертханада және себінді жасау аппараттарында өсіру, ферментерде өнеркәсіптік ауқымда өсіру, өсінді сұйықтығын концентрациялау, кептіру, дайын препаратты стандарттау мен қаптамалау.
Микроскопиялық саңырауқұлақтар негізіндегі энтомопатогендік препараттар зиянкес-жәндіктерді зақымдап, оларда – микоз ауруын тудырып зақымдауға қабілетті. Саңырауқұлақтар конидилері жәндіктің беткейлік ұлпаларына жабысып өседі де дене қуысына, тіптен хитин қабаты арқылы шаншылып ене алады. Гемолимфаға саңырауқұлақуытты заттар бөледі, бұл жәндіктің өлімін тудырады.
Саңырауқұлақты энтомопатогендк ппрепараттарды өнеркәсіптік ауқымда өндіруді ұйымдастыру Bоeaveria (ақ мускардина қоздырушысы) саңырауқұлағын өсінділеуді негіз етеді. Осылайынша, боверин препараты құрамынаB. bossiana гифомицеті конидиоспоралары кіреді. Осы B. bossianaөсіндісі көптеген ауылшаруашылығы дақылдары (тұт жібек құрты, өсімдік сабағы көбелегі, колорада қоңызы, қабық жегіш, бақша кенелері) зиянкестерімен күрес барысында аса тиімді. Саңырауқұлақ жасанды орталарда өсе береді. Спораларды центрифугалау арқылы бөліп алады да толықтырғышпен араластырады (тальк, бор, крахмал т.б.).
Зиянкес жәндіктермен күрес үшін жәндіктер вирустарын пайдалануға болады. Жәндіктер ауруын тудыратын шамамен алғанда 300 дей вирус түрі мәлім. Вирустар қожайынының организміне ену сипаты мен орнына байланысты ерекшеленеді. Олардың кейбірі жәндіктердің әр органдары жасушаларының ядроларын зақымдайды (ядролы полиэдроз), екіншілері цитоплазмада шоғырланады (цитоплазматикалық полиэдроз). Вирусты препараттар дайындау қиындығы вирустардың тек тірі ұлпада ғана көбейе алатындығында. Препаратты жаппай дайындау үшін жәндіктерді өсіріп, жұқтыру қажет етіледі. Сосын олардың массаларын тартып үгетіп, толықтырғыштармен араластырып практикада қолдануға дайын препараттар алынады.
Өнеркәсіп келесі вирусты энтомопатогендік препараттар шығарады: вирин-ЭНШ (қосарланбаған жібек құртына қарсы), вирин-ЭКС (қырыққабат көбелегіне қарсы) және вирин-АББ (америкалық ақ көбелекке қарсы). Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкес жәндіктеріне қарсы қиылыстырылған энтомопатогенді препараттарды қолдану, сонымен қатар, кезегімен химиялық және биологиялық күрес әдістерін қолданған тиімді деп танылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет