Микробтық биомасса алынуы үшін қолданылатын шикізаттар
Азықтық ақуыз алу технологиясында бастапқы шикізат көзі ретінде, әдетте, целлюлоза және ағаш өндіру кәсіпорындары қалдықтары, сабан, мақта қауызы, күнбағыс қалпақтары, зығыр діңшесі, жүгері сабақтары, қызылша сірнесі, картоп қабығы, жүзім сыығындылары, сыра қиқымдары, үстіңгі аз ыдыраған шымтезек, спирт өнімдерінің төбі (қойыртпақ қалдығы), кондитержәне сүт өндірісі қалдықтары пайдаланылады. Азық ақуызын мұнайдың n-парафиндерінен немесе табиғи газдан алу технологиясы құрастырылған, оларды Candida тұқымы ашытқылары жақсы сіңіреді.
Құрамында көміртегі бар шикізаттар микробтық синтездің негізгі өнім шикізаты болып табылады. Оларға жататынымұнайдың парафин көмірсулары, табиғи газдың құрамдас бөлігі –метан, өсімдік шикізаттары гидролизаттары, этанол, сірке қышқылы т.с.с.
Төменгі молекулярлы спирттерді де (метанол мен этанол) микробиологиялық шикізаттардың келешегі бар түрлеріне жатқызуға болады, себебі олардың қорлары химиялық синтез технологиясының табысты дамуына орай айтарлықтай ұлғаятын болады.
Жанама өнімдерді пайдалану мысалы ретінде жасұнық экстрактын, сульфитті сілтіні, дәнді және картоп төбін, мелассаны, сүт сарысуын атауға болады.
Азықтық ақуыз алынуы
Шаруашылықты қарқынды жүргізу жағдайындаазықтардың шығымын қамтамасыз етумен қатар, құрамында ақуызы мол, аминқышқылдық құрамы бойынша балансталған азықтар алу да аса маңызды.
Қолданыста жүрген азық рациондарында әрдайым дерлік ақуыз жеткілікті бола бермейді. Дамыған елдердің көбінде қосымша ақуыз көзі болып бұршақ тұқымдас өсіімдіктер табылады, олардың құрамында құнарлы ақуыз бар, олардың аминқышқылдық құрамы ауыл шаруашылық жануарларына қатысты оптималдылығы жағынан стандарт ретінде қабылданған. КСРО ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында азықтық ақуыздың әлем бойынша жетекші өндірушілері болып танылған ел (1 млн. тонн/ жылына), айта кетері оның 40% ағаш өндірісі гидролизаттары мен ауылшаруашылығы қалдықтары, және 60% – мұнайдың тазартылған парафиндері негізінде өндірілетін болған. Ет және сүт бағытындағы мал шаруашылығы үшін азықтық ақуызды пайдаланудың жоғары технологиялық және экономикалық тиімділігі анықталынған. Азықтық ашытқыларда арпа мен сұлымен салыстырғанда ақуыз 5 реттік шамаға көп (оның ішінде лизин – 10, метионин 5, триптофон 3 ретке көп), құрғақ ашытқыларда барлық дерлік В тобы витаминдері мен өсу факторлары бар.
Азықтық (микробтық) ақуыз – қазіргі заманғы биотехнологияның ең ірі тоннажды саласы. Ашытқы өндіру бойынша зауыт тәулігіне шамамен ұрамында 15т ақуызы бар 30т масса өндіреді, яғни жылына. 5,5 мың т. Ірі қара малдан осындай өнім алу үшін бірнеше жүз мыңдаған бас бар мал табыны қажет.Микробты ақуыз технологиясықолданылатын шикізат түріне аз байланысты болуына орай, төменде азықтық биомасса алудың жалпы технологиялық сызбанұсқасы келтірілген.
Қоректік ортаны арнайы қоспауышта дайындайды, қоректік ортаның барлық құрамдас бөліктері арнайы мөлшерлегіш құрылғы арқылы келіп түсіп отырады. Бірмезгілде қоспауышқа көміртегінің сұйық көзі (субстраты) – мұнай парафиндері, этанол, өсімдік текті шикізаттар гидролизаттары, меласса т.б. келіп түсіп отырады.Ортаның аммиакты суының рН 4,5-5,5 мәніне жеткізіледі.
Себінді материалын дайындау (микроорганизм-өнім көзінің таза өсіндісі) микробиологиялық зертханадан басталады. Онда сақталатын штамм-өнім көздері пробиркалардан залаласызданған өнеркәсіпте қолданылатын қоректік орта құрамына сәйкесетін құрамдағы қоректік ортасы бар конусты колбаларға ауыстырылады.
Өсінділеу температурасы мен рН бойынша оптималды жағдайда микроорганизмдер дамуы бақылана отрып, өткізіледі. Өсудің логарифмдік жүйесінде болатын таза өсіндіні көлемі 500 л шағын себінді аппаратына ауыстырып салады. Микробты суспензияны 1,5-2,0 л көлемінде енгізеді. Шағын аппаратта өсінділеу ұзақтығы 15-18 сағат. Сосын барлық суспензия (шамамен300 л) көлемі 4-5м3алдын ала қоректік ортамен толтырылған үлкен себінді аппаратына көшіріледі.
Өндірістің келесі сатысында 15-20 м3 көлемде биореакторда себілетін өсіндіні өсіру үдересі өткізіледі. Аппарат 20% қоректік ортамен толтырылады да оған толығымен үлкен себінді аппараты құрамы құйылады. Өсінділеуқоректік ортаны үнемі толықтырып құйып отыру және қарқынды аэрациялау түрінде 8-9 сағат бойы өткізіледі. Биореакторда биомасса 4-5 г/л мөлшерінде себінді өсіндісінің жинақтауды негізгі өндіріс – ферментацияда өткізеді.
Практикада микроорганизмдер суспензиясын қоюлату ортаға тепкіш сепараторларда бөліп алу әдісі түрінде өткізіледі. Концентрацияланған микробты суспензия термоөңдеу сатысынан өтуі керек, оның барысында 75-85 °С температурада 10-40 минут аралығында штамм-өнім көзі мен барлық дерлік микрофлора жойылады. Бұл саты болуы инактивирленген жасушалардан дайын өнім алу қажеттілігіне орай туындалған.
Булау бөлімінде суспензияны 23-25% құрғақ зат концентрациясына дейін одан әрі концентрациялауды вакуум-буландыру құрылғысында өткізеді. Кейіннен микробтық жасушалар суспензиясыкептірілу бөліміне түседі, мұнда ылғалдылығы 10% (массасы бойынша) дайын өнім түзілуі өтеді.
Кептірілу барсында микроорганизмдер жасушаларынан көп мөлшерде жасуша іші ылғалы шығарылады, бұл сақтау кезінде тұрақты және пайдалану барысында ыңғайлы азық бомассасын алу мүмкіндігін береді.
Коммерциялық ақуыздық өнімдер
Протеин кез-келген жастағы адам рационының негізі. Ақуыздар тағам өнімдерінде болады (балық, ет, ірімшік), дегенмен көбіне қосымша ақуыз көзі қажет етіледі. Бұл мәселені шешу үшін, коммерциялық ақуыз өнімдері құрастырылған.
Мысал ретінде, спортсмендер қорегі ретінде ұсынылғандары: Лакпродан 80 сарысу ақуызы концентраты, COREPRO™, Whey Protein, Cybermass Whey, Syntha-6сарысу протеиндері.
Сондай-ақ, құрамында жоғары мөлшерде ақуызы бар өнімдер әзірлеу тағам технологиясы бар, мысалы, зеңді сырлар. Кәдімгі рокфорды дайындау құпиясы Руэрг өңірінде сақталуда (Францияның оңтүстігі).Табиғи үңгірлерде, емен сөрелерінде сыр жетілдіріліп онда асыл зең түзіледі (Penicillium roquefortiсаңырауқұлағы).
Достарыңызбен бөлісу: |