Микроэкономикадан межелік бақылаудың соңы (6)
НҰСҚА №7
Микроэкономикадан бақылау жұмысы №1 (7)
1. Микроэкономика экономикалық ғылым ретінде мынаны зерттейді (қате жауапты табыңыз):
А) жеке тұтынушы топтарының, фирмалардың және ресурстардың меншік иелерінің экономикалық сипаттарын;
В) жеке фирмалардың экономикалық сипаттарын;
С) жекелеген әр түрлі топтардың өкілдері арасындағы қарым-қатынастарды;
D) қандай тауарды өндіру керектігін;
Е) жұмыссыздықты және инфляцияны қалай жою керектігін.
2. Нарықтың анықтамасына қайсысы жатпайды:
А) нарық-бұл сатушылар мен тұтынушылардың орны;
В) нарық-бұл сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасы;
С) нарық-бұл елдің ішіндегі айырбастау сферасы;
D) нарық-бұл тауарларды өндіру;
Е) нарық-бұл экономикалық және әлеуметтік қатынастардың бірлестігі.
3. Фотопленкаға сұраныстың төмендеуі:
А) фотоаппараттың бағасын төмендетеді;
В) фотоаппараттың бағасын өсіреді;
С) фотоаппараттың сату көлемін өсіреді;
D) фотоаппараттың бағасын азайту да, өсіру де мүмкін;
Е) фотоаппараттың сату көлемін төмендетеді.
4. Төменде көрсетілгендердің қайсысын жер терминіне жатқызуға болады?
А) ақша, акция;
В) тек қана акция мен облигация;
С) өндіріс құралы;
D) табиғи қазбалар;
Е) адамдардың дене немесе ой қабілеттері.
5. Егер нанның бағасы өссе, тостарге деген сұраныс қисығы қалай өзгереді?
А) жағдайы өзгермейдi;
В) жоғары оңға қозғалады;
С) солға қарай қозғалады;
D) кқлденең оске параллель болады;
Е) барлық жауаптар дұрыс емес.
6. Тауардың тепе – тең бағасы бұл:
A) тұтынушылар өзі белгілеген баға;
B) жетіспеушілік пен артықшылық жоқ баға;
C) сатушылар орнатқан баға;
D) үкіметтің орнатқан бағасы;
E) өндірушінің орнатқан бағасы.
7. Сұраныс функциясы дегеніміз:
A) заттың бағасы мен оның көлемінің арасындағы қатынас;
B) заттың бағасы мен табыстың арасындағы өзара байланыс;
C) заттың көлемімен өндірістік факторлардың арасындағы қатынас.
D) заттың бағасы мен табыстың арасындағы кері қатынас;
B) заттың бағасы мен сатып алушылардың талғамы арасындағы өзара байланыс;
8. Баға бойынша сұраныстың жанама икемділігінің коэффициентін анықтай отырып тауарлардың типтері туралы қорытынды жасаңыз.
Варинат
|
А тауарының бағасы, ақша бірлігі.
|
В тауарына сұраныс көлемі, дана.
|
45
|
540
|
62
|
620
|
А) бір – біріне қатыссыз;
В) бір – бірін алмастыратын;
С) бір – бірін толықтыратын;
D) анықтау мүмкін емес;
9. Сұраныс пен ұсыныстың функциясы берілген: QD = 54 – P (сұраныс функциясы), QS = P – 4 (ұсыныс функциясы). Тепе-тең көлемді табыңыз:
А) 6;
В) 8;
С) 25;
D) 9;
E) 29.
10. Егер бағаның 5% төмендеуі ұсыныс көлемінің 8% төмендеуін тудырса ұсыныс:
А) икемсіз;
В) икемді;
С) бірлік икемді;
D) абсолюттік икемді;
Е) абсолюттік икемсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |