СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ
3 ТАРАУ
3. 1. СҰРАНЫСТЫҢ БАҒАЛЫҚ
ИКЕМДІЛІГІ 77
3.2. СҰРАНЫСТЫҢ ТАБЫСТЫҚ
ИКЕМДІЛІГІ 81
3.3. СҰРАНЫСТЫҢ ҚИЫЛЫСҚАН ИКЕМДІЛІГІ 82
75
3.4. ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІП 84
76 3-тарау. Сұраныс және ұсыныс икемділігі
Сұраныс және ұсыныс икемділігі
Нарықты жағдайларды зерттеген уақытта, сұраныстың
не себепті және қандай мөлшерде өзгергенін зерттеу үшін сұраныстың икемділік коэффициентін пайдаланады. Бұл абсолюттік емес, салыстырмалық коэффициент. Сондықтан, сұраныстың рікемділік коэффициенті зерттегелі отырған сұраныс функциясының факторы 1 процентке өзгерсе, онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.
Сұраныс теориясында үш түрлі икемділік коэффиценті
пайдаланылады. Олар мыналар ;
-бағалық икемділік коэфиценті;
табыстық икемділік коэфиценті;
76
З.І.Сұраныстың бағалық икемділігі
қиылысқан икемділік конффиценті
3.1. Сұраныстың бағалық икемділігі
Бұл жердегі бағалық икемділік коэффициенті (ЕР) заттың бағасы 1%-ке өзгерсе, онда сол затқа деген сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.
Бұл көрсеткіш сұраныс көлемінің осы тауардың бағасы өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады, бірақ сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарамыз. Сұраныстың бағалық икемділігінің (СБИ) шамасы теріс сан болады.
Сұраныстың бағалық икемділігін анықтаған кезде тауарға деген сұраныс төмендегідей бес түрге бөлінеді:
1) икемді; 2) икемсіз; 3) икемділігі бірге тең;
4) ете жемді; 5) өте икемсіаі
Егер сұраныс көлемінің өсу проценті бағаның өсу процентінен көп болса және тауардың бағасы төмен-дегенде жалпы түсім көбейетін болса, онда сұраныс икемді болады.
Сұраныстың бағалық икемділігін график түрінде
көрсетейік.
Бұл графикте сүраныс көлемі бағаның өзгеруше се-зімталдықпен жауап беріп түр. Бағаның 50 теңгеден 30 теңгеге дейін төмендеуі сұраныс көлемін 30 данадан 60-ға дейін көбейтіп тұр.
Сұраныс көлемінің процештік өзгеруі бағаның процентгік өзгеруінен көп болғандықтан, бағаның төмендеуі тауарларды сатудан түскен түсімді көбейтіп отыр. Түсім дегеніміз - тауардың бағасы мен сатылған тауар мөлшерінің көбейтіндісі: ТК = Р О
Мұнда, ТК - түсім, т;
Р - тауардың бағасы, т;
0 - сатылған тауардың көлемі, дана.
77
3-тарау. Сұраныс және ұсыныс икемділігі
3.1-сурет. Икемді сұраныс.
Бұл жағдайда баға төмендегеннен түсім көбейіп отыр (3.1-сурет).
Сонымен жоғарыдағы суретте келтірілген сұранысты икемді деп атаймыз.
Көбінесе, ауыстырушы (субститут) тауарлары көп болатын тауарларға және ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарларға деген сұраныс икемді болады. Мысалы, “Сұлтан” макаронына деген сұраныс икемді болады,
себебі оны ауыстыратын басқа макарондардың түрі өте көп. Ал ұзақ уақыт пайдаланылатын: тоңазытқыш, телевизор, қысқа толқынды пеш сияқты тауарларға сұраныс икемді болады, себебі жоғарыда айтылған тауарлардың бағасы жоғарыласа, түтынушылардың оларға деген сүранысы өте азайып кетеді.
Егер бағаның өсу проценті сүраныс көлемінің өсу процентінен көп болса және баға төмендегенде, жалпы түсім азаятын болса, онда сүраныс икемсіз болады деп айтамыз. Күнделікті қажетті тауарларға және ауыстыра-тын тауарлары аз болатын тауарларға сүраныс икемсіз болады (3.2-сурет).
3.1.Сұраныстың бағалық икемділігі
3.2-сурет. Икемсіз сұраныс.
Егер бағаның 1 процентгік өзгеруі, сұраныс көлемін осы шамаға өзгертетін болса және баға өзгеруіне байланысты жалпы түсім өзгермейтін болса, онда тауарға деген сұраныс икемділігі 1-ге тең болады (3.3-сурет).
3.3-сурет. Икемдімілігі
Достарыңызбен бөлісу: |