191
5-тарау. Өндіріс тсориясы
19-есеп.
Келесі графикте 100 тонна картоп алудың өндіріс тех-нологаясының екі тү-рі екі изокванта арқылы көрсетілген: жаңа және ескі. А қисығы берілген өнім көлемін химиялық тыңайтқыштар қолданбай өндірген тәсілін көрсетеді, ал
В қисьтғы аз шамадағы әр түрлі тыңайтқыштарды қосқан тәсілді көрсетеді.
а) қай қисықта қолданылған технология жақсы?
ә) қай изоквантада ауыстырудың шекті нормасының мәні көп?
20-есеп. Өндірістік процесте бір ғана өндіріс факторы қолданылады деп жорамалдайық және шығындар (х) мен өнім шығару арасында байланыс төмендегіндей делік:
5.10-кесте
Шығындар (х)
|
Шығару көлемі (у)
|
1
|
6
|
2
|
14
|
3
|
22
|
4
|
28
|
5
|
32
|
6
|
35
|
7
|
36
|
Осы кестенің берілгенін қолдана отырып, орташа және шекті өнімнің графигін салындар:
193
5.2-сурет.
21-есеп. Келесі берілген сурет бойынша өндіріс ауқымының тиімділігін бағалаңдар:
5.3-сурет.
22-есеп. Фирма өзінің қолданатын капиталын 100-ден 125-ке дейін өсіреді және қолданатын еңбек күшін 300-
ден 375-ке дейін өсіреді, сонда өнім шығару 150-ден 165-ке дейін өседі. Берілген фирмада өндіріс ауқымының
өсу тиімділігі қандай болады? Фирманың басқару-
193
5-тарау. Өндіріс теориясы
шылары өндіріс қуатын кеңейтуді жоспарлайды. Бұл жайлы сіз қандай кеңес берер едіңіз?
23-есеп. Төмендегі өндіріс функциясының қайсысы өндіріс ауқымы өсуінің оң әсерін бейнелейді?
а) У = К0.4-L0.5;
ә) У = К15 -L;
б) У = 5L + 4К;
в) У =(К -L)0.5.
24-есеп. Екі фирмада статистикалық бақылау жүргізудің нәтижесінде бірінші фирмада өндірістік процесс төмендегідей функциямен:
У = 20 . К0.4 . L0.6 , ал 2-фирмада - У = 20 .
К0.6 . L0.6 функциясымен сипатталатынын анықтадық.
Егер екі фирмада да қолданылатын капитал мен еңбектің саны бірдей болса, онда шығаратын мөлшері қайсысында көп болады?
25-есеп. Белгілі бір өнім көлемін өндірген кезде 5.11-кестеде берілгендей өндіріс факторлары қолданылады. Мұндағы К - капитал саны, ал Ь — жұмысшылар саны. Технологиялық ауыстырудың шекті нормасын анықтаңдар.
5.11 –кесте
K
|
5
|
3
|
2
|
1,3
|
1
|
L
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
26-есеп. Өндірістік процесте еңбек және капитал тұрақты қатынаста қолданылады: 5 сағат - еңбек күші, 1 сағат - машина уақыты.
194
5.12-кесте
Өнім шығару көлемі,
дана
|
Еңбек күші,
сағат
|
капитал, машина-
сағат
|
10
|
5
|
1
|
30
|
10
|
2
|
60
|
15
|
3
|
70
|
20
|
4
|
80
|
25
|
5
|
Кестеде берілген деректерді пайдаланып, изоквантаны тұрғызыңдар және өндіріс ауқымы өсуінің тиімділігін анықтандар.
СҰРАҚТАРДЫҢ ДҰРЫС ЖАУАБЫН
ТАБЫҢЫЗ
1. Өндірістік функция деп мынаны айтамыз:
а) өнім көлемі мен өндіріс факторларының арасындағы
байланысты;
ә) өндіріс факторларының белгілі бір құрамын пай-
даланғанда өндірілетін өнімнің ең жоғары көлемі;
б) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.
2. Өндіріс факторлары дегеніміз:
а) өндірістік процесте қолданылатын шикізаттар,
құрал-жабдықтар және еңбек күштері;
ә) әндірісте алынатын дайын өнім көлемі;
б) а және ә пункттері;
в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.
3. Өндірістік функцияның жалпы қасиеттері бойынша:
а) өндіріс факторларының Т есе өсуі өндірілетін
өнім көлемін де осы шамаға есіреді;
ә) қолданылатын өндіріс факторларьгаың көлемінің
артуы өндіріс деңгейін төмендетпейді;
б) тек қана бір фактордың санын арттыру
нәтижесінде енім көлемін өсіргенімен оның шекті
тиімділігі кемиді;
в) өндіріс факторлары бірін-бірі алмастырады және
толықтыра да алады;
г) ә және б, в пункттері дұрыс.
195
5-тарау. Өндіріс теориясы
4. Қысқа мерзімді кезең дегеніміз:
а) негізгі өндірістік қорлардың көлемдері тұрақты
болатын уақыт аралығы;
ә) өндірісте қолданылатын материалдар мен
шикізаттардың қүны тұрақты болатын уақыт аралығы;
б) негізгі өндірістік қорлардың көлемдері айнымалы
болатын уақыт аралығы;
в) жоғарыда айтылған тұжырымдардың ешқайсысы да
дұрыс емес.
5. Ұзақ мерзімді кезенде өндірістік процесте қолда-
нылатын:
а) факторлардың бөрі де тұрақты болады;
ә) факторлардың бәрін де өзгертуге болады;
б) еңбек факторларын ғана өзгертуге болады;
в) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.
6. Өндірістік процесте қолданылатын еңбек күштері ай-
нымалы деп, ал қалған факторлар тұрақты деп жо-
рамалдасақ, онда еңбектің орташа өнімділігі былай
анықталады:
a)АРL = У/К;
ә)AP L = У/Ь;
б)АР L = dУ/dL.
в) АР L =У/К
7. Капиталдың орташа өнімі дегеніміз:
а) өндірістегі басқа факторлар тұрақты болып, тек қана
капитал айнымалы болған жағдайдағы осы фактордың
біреуінің шығаратын өнімі;
ә) өндірістегі басты өндірістік қорларды тиімді пайдалану
немесе қор қайырымы деп аталады;
б) жоғарыда айтылғандардың бәрі дүрыс.
8. Қысқа мерзім аралығында капитал тұрақты, ал еңбек
айнымалы десек, онда еңбектің шекті өнімі деп:
а) әрбір қосымша жалданылатын еңбек күшінің
өндіретін қосымша өнімін атаймыз;
196
ә) еңбек күшінің орташа әнімін атаймыз;
б) жалдаған еңбек күштерінің жалпы әнімін атаймыз;
в) еңбек күшін 1%-ке арттырғанда алынатын қо-
сымша енімді атаймыз.
Төмендегі деректер 9-11 тест сұрақтарына арналған.
Қарастырып отырған фирмада еңбек айнымалы, ал қалған факторлар - тұрақты делік. Төмендегі кестеде осы фирманың өнімдері мен жүмысшыларының арасындағы байланыс бейнеленген:
Өнім көлемі (дана)
|
0
|
40
|
90
|
126
|
150
|
165
|
180
|
Жұмысшылар саны (адам)
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
9. Шекті өнім қай жүмысшыны жалдағанда
төмендей бастайды:
а) 6-жүмысшыны;
ә) 4-жүмысшыны;
б) 3-жүмысшыны;
в) 2-жүмысшыньт;
г) 1-жүмысшыны.
10. 6-жұмысшының шекті әнімі:
а) 180 дана болады;
ә) 30 дана болады;
б) 15 дана болады;
в) шамасы теріс сан болады;
г) берілген деректерге сүйеніп анықтау қиын.
11. Неше жұмысшы жалдағанда орташа әнім ең жоғары
мәніне тең болады:
а) 6 жұмысшы;
ә) 5 жүмысшы;
б) 4 жұмысшы;
в) 3 жұмысшы;
г) 2 жұмысшы.
12. Орташа өнім АР1 мен шекті өнім (МР1 ) арасында
тығыз байланыс болатынын білеміз. Осы жағдайды
ескере отырып, келесі суреттерден дұрыс байланысты
анықта:
197
5-тарау. Өндіріс теориясы
Достарыңызбен бөлісу: |