Микроэкономика



бет6/63
Дата15.09.2017
өлшемі10,07 Mb.
#33181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63

сұраныстың өзгеруі

2.1-суреттегі сұраныс қисығы шұжықтың бағасы мен тұтынушылардың бір айда сатьш алатын оның саны арасындағы қатынасты көрсетеді (сұранысқа әсер ететін басқа факторлар өзгермеген жағдайда).

Егер де берілген факторлардың кез келген біреуі өз-герсе баға мен сұраныс көлемі арасындағы тәуелділікте де сәйкесінше өзгеріс болады, сондықтан қайтадан жаңа сұраныс кестесін құрып, жаңа сұраныс қисығын сызу қажет.

Сұраныс қисығының бойымен қозғалу сұраныс кө-лемінің өзгерісі деп аталады. Ол бағаның өзгеруіне байланысты сатып алынатын тауар көлемінің өзгеруін анықтайды.

2.1-суреттен көретініміз, шұжықтың бағасы 500-ден 600 теңгеге дейін өскенде, сұраныс көлемі 5,5-тен 5 кг-ға дейін төмендейді. Қозғалыс сұраныс қисығының бойымен А нүктесінен В нүктесіне дейін болады. Осы келтірілген мысалымызда тауардың бағасы мен сұраныс көлемінің арасындағы байланысты зерттедік, онда сұранысқа ықпал ететін басқа факторлар өзгермейді деп ұйғардық.

Оны математика тәсілімен көрсетсек, сұраныс функциясы деп атаймыз және ол төмендегідей түрде жазылады:

ОD = f(Р),

мұнда, OD — сұраныс көлемі;



Р — зерттеліп отырған тауардың бағасы. Нақты өмірде сұраныс көлеміне әсер ететін факторлар көп. Олар: сол берілген тауарлардың бағасы - Р, басқа тауарлардың бағасы а, Рһ ...,), тұтынушылардың табысы (I) және олардың талғамы (Т). Осы жоғарыда айтылған факторлар өзгерген уақытта сұраныс көлемі де өзгеріп отырады, бұндай тәуелділікті экономикада жалпы сұраныс функциясы деп атайды және оны былай көрсетеді:

34

2.2. Сұраныс көлемінің және сұранысның өзгеруі



OD=f(Р,Раь,-,I,Т) (1)

мұнда, OD - белгілі бір уақыттағы берілген тау-

арға деген сұраныс көлемі;

Р1аь...,— берілген тауардың және басқа

тауарлардың бағасы;

І - тұтынушының табысы;

Т — тұтынушының талғамы, бағалауы.

Біз бұдан бұрын келтірген мысалымызда, қарастырып отырған тауардың бағасы мен осы тауарға деген сұраныс көлемінің арасындағы байланысты зерттедік және сұраныс көлеміне әсер ететін басқа факторлар өзгермейді деп ұйғардық.

Ал енді сұраныс көлеміне басқа факторлар да ықпал етеді дейік. Мысалы, басқа тауарлардың бағасының өзгеруі. 2.2-суретге екі тауарға деген сүраныс қисығы көрсетілген. Сиыр етінің 1 кг-ының бағасьт 150 теңге болып, белгілі

бір уақыттан кейін 200 теңгеге дейін жоғарылады дейік. Соның нәтижесінде сиыр етіне деген сұраныс көлемі бір айда 30 кг-нан 20 кг-ға дейін кеміді. а суреттен көріп отырғанымыз, басқа факторлар тұрақты болғанда, сұраныс көлемі А нүктесінен В нүктесіне жылжиды және осы тауардың бағасы жоғарылаған уақытта сұраныс заңына сәйкес көлемі азаяды.

Сиыр етінің 1 кг-ының бағасы 150 теңгеден 200-ге дейін жоғарылап, басқа факторлар тұрақты болғанда сұраныс көлемі азаяды (2.2а-сурет), қозғалыс сұраныс қисығының бойымен А нүктесінен В нүктесіне дейін болады. Құс етінің бағасы өзгермейді деп ұйғарғанда тұтынушылар сиыр етінің орнын құс етімен толтырады, сұраныс қисығы (2.2г?-сурет) түгелімен оңға жылжиды.

35

2-тарау. Сұраныс және ұсыныс теориясының ...



Сыр етінің мөлшері, кг Құс етінің мөлшері, кг



2.2-сурет. Сиыр етінің бағасы

өсуінің құс етіне деген сұранысқа

тигізетін ықпалы

Ал 2.2-суретте осы жоғарыда айтылған жағдайдың салдарынан құс етіне деген сұраныс қалай өзгеретіні көрсетілген. Сиыр етінің қымбаттауына байланысты, құс етіне деген сұраныс көбейеді де, сұраныс қисығы түгелімен D1-ден D2-ге дейін оңға жылжиды. Бұл жерде ескеретін нәрсе, құс етінің бағасы тұрақты деп ұйғарамыз. Сиыр етінің бағасы 150 теңге болғанда, тұтынушылар айына

10 кг құс етін алатын болған (D1 қисығының бойьшдағы А' нүктесі), ал сиыр еті 200 теңгеге дейін қымбаттаған кезде олар айына 20 кг құс етін сатып алған (D2 қисығында В' нүктесі).

2.2а-суреттегі сұраныс қисығының бойымен жылжуды экономистер сұраныс көлемінің өзгеруі деп, ал 2.2ә -суреттегі сұраныс қисығының түгелімен жылжуын - сұраныс өзгеруі деп атайды.

Сұраныс көлемінің өзгеруі қарастырып отырған тау-ардың бағасының өзгеруі нәтижесінде болады (верти-кальды осьте көрсетілген айнымалы шама). Сұраныс өзгеруі (сұраныс қисығының түгелімен жылжуы) графикте көрсетілмеген бағадан басқа фактор әсер еткенде болады.

36

2.2. Сұраныс көлемінің және сұраныстың өзгеруі

Келтірген мысалымызда тұтынушылар сиыр еті қымбаттаған уақытта құс етін көп алатын болды, себебі бұл тауарлар бір-бірін ауыстыра алады.

Сонымен, егер бір тауардың бағасы қымбаттаған уақытта екінші тауарға деген сұраныс көбейетін болса, онда бұндай тауарларды экономистер бірін-бірі ауыстыратын немесе субститут тауарлар деп атайды. Мысалы, сарымай мен маргарин, пиджак пен свитер және т.б.

Тұтынушылар бірге қолданылатын тауарлардың бағасы өзгерген жағдайда басқаша іс-әрекет жасайды. Мысалы, автомобиль мен бензинді қарастырайық. Бензиннің

1 литрінің бағасы 30 теңге болғанда түтынушы 1 жетіде 40 литр алады дейік, ал баға 40 теңгеге дейін көтерілгенде, сұраныс көлемі 30 литрге дейін кемиді. 2.3а-сурет. Өзгеріс сұраныс қисығының бойында болады.





2.3-сурет. Бензин бағасы өсуінің автомобильге


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет