Сұйық қоректік орта - Құрамына 0,5%-ға дейін агар-агар қосылады.
- Алу көзі: Жалпы агар немесе агар-агар - кейбір қызыл теңіз балдырларынан алынатын полисахаридтер қоспасы болып табылады.
- Қолдану мақсаты: Микроорганизмдер мен бактерияларды өсіру үшін дақылдық орта дайындауда қолданылады. Ең алғаш 1883 жылы Кохтың зертханасында тығыз қоректік орта алу үшін агар қолданылған болатын.
- Жартылай сұйық орта құрамына 0,3-0,7% агар қосылады.
- Қатты қоректік орта құрамында 2% агар немесе 12-15% желатин болады.
- Құрамында органикалық қосындылары жоқ, өте тығыз қоректік орталарды ығыстыру үшін силикагель немесе кремнексиль гелі қолданылады. Көкөністердің кесінді бөліктері мен ұйып қалған қан – тығыз қоректік ортаға мысал бола алады.
Қолданылуы бойынша - Бұл орталарда хемогетеротрофты, арнайы органикалық заттарды қажет етпейтін микроорганизмдердің көптеген түрлері өседі. Бұл орталарға бактериялар жақсы өсетін ет-пептонды сорпасы және ашытқы саңырауқұлақтарға лайықты сусло жатады.
- 1. Негізгі немесе универсальді .
2. Арнайы орта - Ерекше органикалық заттарды қажет ететін және әмбебап ортада өспейтін хемоорганотрофты микроорганизмдерді өсіретін орта.
- Мысалы, спирохеталарға көмірсутегі мен аминқышқылдардан басқа, ұзын тізбекті майлы қышқылдар қажет. Олар қан сарысуы құрамына кіретіндіктен, спирохеталарға арналған қоректік ортаға қан не қан сарысуын қосады. Ал кейбір теңіздерде тіршілік ететін бактериялар, мысалы, Marinomonas туысына жататындар, теңіз суына қажет етеді.
3. Элективті немесе таңдамалы орта - Бұл орта табиғи субстраттардан микроорганизмдердің жеке топтарын бөліп алуға арналған. Оларды микробиологияға С.И.Виноградский енгізді.
- Элективті деп микроорганизмдердің белгілі бір тобының немесе түрінің өсуіне қажетті құрамы ерекше қоректік орталарды айтады. Элективті ортаны жасау барысында микроорганизмдердің физиологиясын және зат алмасуын, олардың қоректік зат көзіне талғамын, ортаның қышқылдылығын, оттектік мөлшерін, температураны және тағы басқа жағдайларды ескеру керек.
- Мысалы, азот қоспалары жоқ минералды ортада, жарық көзі бар жағдайда, молекулярлы азот сіңіруші көк жасыл балдырлар жақсы өседі. Осы ортаға қосымша органикалық энергия көзін және көміртегі көзін қосып, қараңғы жағдайда аэробты, азот сіңіруші Azotobacter-ді өсіріп алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |