Бастапқы сұйылту дегеніміз – зерттеуге алынған шикізат көзінен 1мл мөлшерде өнім алып, сұйылтуды жүргізу. Бастапқы сұйылту - стерильді пипеткамен 1 мл сұйықтықты үлгіні алып, оны 99 мл стерильді құбыр суына құйылады. Сосын оны 10-15 минут шайқағышқа қояды.
2 саты. Сұйылтуды дайындау
Жекеленген колониялар алу үшін микроорганизмдер бар дақылды немесе материалды сұйылтады. Сұйылтуды залалсыздандырылған құбыр суында, сұйылтудың тұрақты коэффициентін пайдалана отырып дайындайды, әдетте бұл коэффициент 10 санына тең. Сұйылту дайындау үшін залалсыздандырылған пробиркаларға 9 мл залалсыздандырылған құбыр суын құяды. Зерттелетін суспензиядан залалсыздандырылған пипеткамен 1 мл алып 9 мл залалсыздандырылған суға қосады – бұл бірінші сұйылту (10-1). Алынған сұйылтуды жаңа залалсыздандырылған пипеткамен жақсы араластырады да, осы пипеткамен 1 мл суспензия алып келесі пробиркаға құяды. Бұл екінші сұйылту (10-2). Осылайша келесі сұйылтулар дайындалады көрсетілген (Сурет 6)
Сурет 6. Сұйылтулар дайындау сызба нұсқасы
3 саты. Егу
Петри табақшаларына 15-20 мл агарланған ортаны құяды. Қатқан ортаға керек сұйылтудан пипеткамен 0,1 мл суспензия тамызып, шыны шпательмен (Дригальский шпателі) жаяды. Егуден кейін Петри табақшаларын термостатқа қояды.
4 саты. Өскен колонияларды санау
Петри табақшасында өскен колониялардың санын дақылдаудың бір тәулігінен кейін санайды. Табақшадағы колониялардың орташа санын анықтайды да формула бойынша 1 мл-дегі клеткалар санын есептейді: (1)
М=а*10n/v (1)
мұндағы, М – 1 мл-дегі микроорганизм клеткаларының саны; а – Петри табақшасындағы микроорганизмдер колониясының орташа саны; 10 – сұйытылу коэффициенті; n – егу жүргізілген сұйылтудың реттік саны; v – егуге алынған суспензияның көлемі.
"Газон" әдісін дезинфектанттарға, бактериофагтарға, антибиотиктерге сезімталдықты анықтауда, бактериялардың жаппай өсуін алу үшін қолданады.
1 мл тәуліктік 1 млрд. зерттелетін таза дақыл сорпасын ілмек арқылы қоректік ортаның барлық бетіне жаяды.