Микроорганимздерді дақылдауға арналған қоректік орта және олардың түрлері


Дифференциалды-диагностикалық орталар



бет3/7
Дата22.11.2022
өлшемі1,45 Mb.
#159380
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ассл

4. Дифференциалды-диагностикалық орталар

  • Бұл орталарды жалпы микробиологияда әр түрлі субстраттардан бөліп алынған бактериялардың физиологиялық-биохимиялық қасиеттерін анықтап, оларды жіктеу үшін пайдаланады.
  • Ал медициналық және ветеринарлық микробиологияда оларды ауруларды қоздыратын бактерияларды анықтау үшін қолданады.
  • Бұл орталар бактериялардың белгілі бір ферменттерінің, мысалы, каталаза, оксидаза, протеаза, фосфотаза, желатиназа және гемолитикалық ферменттердің бар-жоғын анықтау үшін қажет. Оған қоса, дифференциалды-диагностикалық орталар бактериялардың энергия көзі ретінде қандай заттарды қай жолмен пайдаланатынын анықтауға мүмкіндік береді.

Қоректік орталарға қойылатын шарттар:

  • Бактерияның өсіп-өнуіне,қоректенуіне қажет барлық қоректік заттар жеңіл қабылдайтындай болу керек;
  • Тиісті орта қышқылдығы (рН);
  • Ылғалдылығы жоғары болуы керек;
  • Мүмкіндігінше мөлдір болуы керек;
  • Стерильді болуы керек ;
  • Өсу факторы болуы керек;
  • Изотониялық болу керек.

Таза дақыл түсінігі

  • Табиғи жағдайда микроорганизмдердің таза дақылдары өте сирек кездеседі. Дегенмен, қазіргі кезде бактериялардың қасиеттері туралы идеялар , сондай-ақ олардың өзара қарым-қатынастары негізінде таза дақылдарды зерттеуге және оларды бөліп алуға мүмкіндік ашылды. Сондықтан кез-келген ортадан әр түрлі бактериялардың таза дақылдарын бөліп алу міндеттелген.
  • Әдетте, бактериялардың таза дақылдарын бөліп алуға 2-3 күн , бірақ (мысалы, туберкулез бактериялар сияқты) кейбір микроорганимздер үшін , бұл процесс 4-6 аптаға дейін кейінге қалдырылуы мүмкін.
  • Таза дақыл – бір ғана жасушаның немесе клонның ұрпағы деп сипаттама беруге болады.Микроағзалардың таза дақылдарын қатты қоректік ортаның бетінде немесе өте сирек жағдайда орта ішінде бөліп алады.
  • Таза дақылдарды бөліп алу – бір ғана жасушаны жасушалар популяциясынан бөліп алудан басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет