I этап (нативті материал). Тығыз қоректік ортаға егу (колония алу немесе жиынтықты дақылды алу).
II этап (изолирленген колония). Колонияларды бақылау, талдау (бактерияның культуралдық қасиеті). Микроскопиялық талдау жүргізу (морфологиялық ерекшеліктері ). Таза дақылға арналған бояулы агарлы ортаға себу.
III этап (таза дақыл). Бактерия культурасын культуралық, морфологиялық,биохимиялық және т.б. қасиеттері бойынша идентификациялау.
Бір түрге жататын немесе бір физиологиялық топқа жататын микроорганизмдер өкілдері басым болса, ондай дақыл жиынтықты дақыл деп аталады.
Жиынтықты дақылдар әдісін микробиологиялық зерттеулерге С.Н.Виноградский және М.Бейеринк енгізген.
Жиынтықты дақылды алу элективті жағдайлар жасауға негізделеді, яғни зерттеушіге қажетті микроорганизмдердің немесе аралас популяциядан тұратын микроорганизмдер топтарының дамуын ғана қамтамасыз ететін таңдамалы жағдайлар жасау.
Элективті жағдай көбінесе сәйкес қоректік орталарды таңдау арқылы жасалады, себебі әр түрлі микроорганизмдердің дамуына қажет қорек көздері де әр түрлі болып келеді. Мысалы, автотрофты микроорганизмдердің жиынтықты дақылдарын көміртегінің жалғыз көзі ретінде көмірқышқылы болатын орталарда өсіру арқылы алады.
Себу кезінде бір-бірінен механикалық ажыратуға негізделген таза дақылды бөліп алу әдістері:
Дригальский әдісі.
Ілмекпен себу (штрих бойынша).
Секторлы әдіспен себу.
Микроорганизмдердің биологиялық қасиеттеріне негізделіп,таза дақылдарды бөліп алу әдісі:
Қозғалатын бактерияларды (Шукевич әдісі-конденсацияланған суға себу).
Қышқылға төзімді бактерияларды (зерттеу материялын қышқылмен өңдеу).
Биологиялық әдіс арқылы патогенді бактерияларды (жануарға жұқтыру).
Анаэробты бактерияларды.
Дригаль әдісі. Сабуро және Эндо, Pseudomonas Isolation Agar, Bacillus cereus Agar Base, ЕПА бар Петри табақшаларына тұзақпен егу материалын жағамыз, содан кейін стерильді шпателмен жаймалаймыз. Келесі екінші табақшаны дәл осы шпателмен қоректік орта бетін жаймалаймыз дәл осылай тағы екі табақшаға жасаймыз (Сурет 3).
«Штрих» әдісі - ілмек немесе тампон арқылы қоректік ортаның барлық бетіне жиі штрих жасау (сурет 4). Бұл әдіс сандық анықтаусыз бөлектенген колонияларды алуға көмектеседі.
Сурет 4. Штрих әдісімен егу
Гоулди әдісі (сандық әдіс) 1 мл зерттелетін материалдағы тіршілікке қабілетті бактериалардың санын анықтауға көмектеседі. Бактериалогиялық ілмектің көмегі (d = 2 мм) арқылы зерттеу материалын қатты қоректік ортаға I жағдай секторында 40 штрихқа дейін егеді. Стерильді бактериалогиялық ілмекпен I сектордан 4 штрих алынып II секторға егіледі; содан II- ден III-ге, III-ден IV – ке егіледі. I және 1V сектор штрихтары ешқашан қиылыспау керек (сурет 5). Бір тәуліктік инкубациядан соң тіршілікке қабілетті бактериаларды анықтайды.
Сурет 5. Гоулди әдісі (сандық әдіс)
Кох әдісі – жалпы микрорганизмдерді ауадан бөліп алуда, микрорганизмдердің жалпы санын анықтауда және жабық, стерильді түрде, лабораториялық талаптарға сай өнімнің микрофлора құрылымын құруға негізделген әдіс болып есептеледі. Бұл әдіс түрлі субстраттардан таза дақылдар бөліп алу және сандық сипаттама үшін қолданады.