Микрош емтихат 2 курс docx


Күйік жарасы бар науқастан 3-ші күні жарадан тəн көк-жасылға боялған іріңді бөліндісі



Pdf көрінісі
бет24/61
Дата17.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#191603
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61
Байланысты:
Ìèêðîø åìòèõàò 2 êóðñ docx

Күйік жарасы бар науқастан 3-ші күні жарадан тəн көк-жасылға боялған іріңді бөліндісі
анықталды. Грам əдісімен боялған іріңді жағындыда грам-теріс қозғалмалы түзу таяқшалар
табылды, олар бір-бірден, жұп немесе қысқа тізбектер түрінде орналасқан.
1. Қандай микроорганизмнің болуын болжауға болады? Осы микроорганизмнің патогендік
факторларын сипаттаңыз?
Тұқымдасы :Pseudomonadaceae
Туыстығы:Pseudominas
Түрі:P. aeruginosa
P. aeruginosa-ның əр түрлі патогенділік факторлары бар, олар көк іріңдік инфекция дамуына
қатысады.
Солардың
арасынан
ең
маңыздылары
деп
келесі
факторларды
атауға
болады.Адгезиялық жəне колонизациялық факторлар IV типті пилилер (фимбриялар жəне P.
aeruginosa-ның жасушадан тыстық (экстрацеллюлярлық) шырышы.
Токсиндерi.P.aeruginosa-ның жасушалық қабатының сыртқы мембранасының ЛПС-і эндотоксиндік
қасиетке ие жəне ол дене қызбасы,олигоурия, лейкопения дамуына қатысады.Көк ірің
таяқшасының А экзотоксині цитотоксин болып табылады, олжасушалар мен тіндерде нəруыз
синтезделуін басып тастау нəтижесінде жасушалық метоболизмнің терең бұзылыстарын
қоздырады. Дифтериялық токсин секілді ол АДФ-рибозилтрансфераза болып табылады. Ол EF-2
элонгациялау факторын ингибирлейді, сондықтан нəруыз синтезделуінің бұзылысын қоздырады.
Сонымен қатар, экзотоксин А протеазамен бірге иммундыглубулиндердің синтезделуін тежейді
жəне нейтропенияны қоздырады. Экзотоксин А протоксин тəріздес белсенусіз түрде өндіріледі,
организмдегі əр түрлі ферменттердің қатысуымен белсенділігі күшейеді. Экотоксин А протективті
қасиетке ие, яғни, оған қарсы пайда болған антиденелер иесінің жасушаларын оның зақымдаушы
əсерінен қорғайды жəне бактериемиямен жəне көк іріндік сепсис дамуына кедергі
жасайды.Экзотоксин S (экзоэнзим S) көк ірің таяқшасының жоғарғы вирулентті штамдарында ғана
табылады. Оның жасушаға зақымданушы əсер етуінің механизмі əзірге айқын емес, дегенмен,
көкірің таяқшасының ЭКЗЭНЗИМ S-өндіруші шатамдарын қоздырған инфекциялар жиірек
өлім-жітіммен аяқталатыны белгілі болды. А жəне S экотоксиндер фагоциттердің белсенділігін
бұзады.Лейкоцидин да адам канның гранулоциттеріне айқын улы əсер ететін цитотоксин болып
табылады.Энтеротоксин жəне өткізгіштік факторлар көк іріңдік инфекцияның ішектік түрі кезінде
жергілікті тіндік зақымданулар дамуында тиісті қызмет атқарады, нəтижесінде су-тұзды алмасу
бұзылысқа ұшырайды.
Агрессиялық ферменттер.P aeruginosa гемолизінің екі типін өндіреді:термолабилді фосфолипаза С
жəне термостабильді гликолипид. Фосфолипаза С өкпенің альвеолярлық беткейлеріндегі
сурфактанттардың құрамындағы фосфолипидтарды бұзады, нəтижесінде респираторлы арнаның
патологиялары кезінде ателектаздар (бронхоэктаздар) дамуын Нейраминидаза да көк іріңдік
этиологиясы бар өкпе бронхылық аурулардың жəне муковисцидоздың патогенезінде маңызды рөл
атқарады, өйткені респираторлы арна муцинін колонизациялауға қатысады.Эластаза жəне де көк
ірің таяқшасының басқа протеолитикалық ферменттері жəне экзотоксин А қан кету
(геморрагиялар), көз ауруларын, пневмония, көк іріңдік септицемия кезінде зақымданған
ошақтарда тіндердің деструкциясын жəне өлі еттенуін (некроз) қоздырады.қоздырады.
Есеп № 27.
Н ПРО БҚМУ 703-08-2020. Бақылау-өлшегіш құралдары(аралық бақылау арналған).Бесінші басылым.
Ф ПРО ЗКМУ 703-08-2020. Контрольно-измерительные средства (для промежуточного контроля). Изданиепятое.
F PRO WKMU703-08-2020.
Measuring instruments (for intermediate control)
. Fifthedition.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет