Жарықты Келербойынша орнату Микроскоппен жұмыс жасағанда жақсы нәтиже алу үшін объектіге жарық түсірілуі керек. Жарықтың жақсы түсу жүйесі Клер системасына негізделген. Жарықтың түсуі мына сатлар арқылы белгіленген:
Алдын ала дайындық:
Микроскопты және жарықтандырғышты крестовинаға қоямыз (микроскоп айнасымен жарық көзінің) ара қашықтықты қамтамасыз ету үшін қажет.
Зат үстелшесіне «жаншылған тамшыны» немесе боялған фиксирленген препаратты орнатамыз.
Объективті 8 х-ке орнатады.
Конденсорды жоғарғы линза заттың үстелшемен бірдей болатындай етіп көтереді.
Конденсор дифрагмасын толықтай ашады.
Маттық әйнекті жылжытады.
Тегіс айнаны қояды.
Жарықтандыру диафрагмасын кішкене саңылау қалдырып жабады.
Жарықтандырғышты іске қосып, жарық көру аймағының ортасына түсетіндей жағдайға келтіреді.
Микроскоп айнасына ақ қағазды салады және жарықтандырғыш шам патронын корпус түбіне жылжыта отырып, қағазға жарықтандырғыш шам жібі виткасының бейнесін фокустайды.
Окулярға қарй айнаны бұрай отырып, шеті ашық емес жарық дақ түріндегі жарықтандырғыш диафрагма бейнесін көру аймағынан табады.
Егер олкөру аймағының айтарлықтай аймағын алып жатса, оны объективті бірнеше төмендетіп, азайтады немесе окулярға қарай отырып, диафрагма саңылауын дұрыстайды.
8 х объективті қолдана отырып, жарық дағы аумағындағы объектіні фокустейді.
Окулярға қарай және конденсорды босата отырып, жарықтандырғыш диафрагма жиегіндегі препарат бейнесінің тегістігін фокустайды, яғни шетшеті анық боялған бейне алады.
Айна көмегімен жарық дақты көру аймағының ортасына ауыстыру. Егер дақ бірдей емес жарықтанса, жарықтандырғыш корпусын бұру арқылы бірдей жарықтандыруын болдырады.
Жарықтандырғыш диафрагмасын 2/3 бөліктен кем емес ашады.
Объективті 40х («жаншылған тамшы» препараты үшын) немесе 90х (иммерсияланған май жағылған, боялған препаратты фиксирлеу үшін) орнатады және объектіні фиксирлейді.
Жарықты реттеуде жарықтандырғыш шамының реостаты немесе жарық сүзгілері қолданылады. Айнаның, конденсордың және жарықтандырғыш диафрагманың тұрған жағдайын өзгертуге болмайды! Конденсор диафрагмасымен тек 40х объективте бейненің айқындылығын жоғарылату үшін қолданылады. Иммергирленген конденсор апературасы 1-ге жақын, ал 40х объективтің сандық апературасы 0,65-ті құрайды. Конденсор апературасын объектив апературасымен сәйкестендіру үшін келесідей жүргізеді. Жарықты Келер бойынша орнатады және препаратты 40х объективімен фокустейді. Окулярды босатады және тубусқа қарай отырып, конденсор диафрагмасын оның шеті жоғары объектив линзасымен біртегіс жарықталған шекарасында көріншенше жабады. 90х объективімен жұмыс кезінде конденсор диафрагмасын сандық апературасы 1,25 болғандықтан ашық қалдырады.