Микроскоптың құрылысымен танысу. Микроскоптың құрылысы


МЛ-2 микроскоптың құрылысы



бет9/10
Дата23.10.2022
өлшемі353,04 Kb.
#154672
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1 зерт

МЛ-2 микроскоптың құрылысы
МЛ-2 микроскопында люминисценция көк күлгінді сәулелерден тітіркенеді. МЛ-2 микроскоптың оптикалық схемасы өтуші және бағытталған жарықта объектілерді бақылауға мүмкіндік береді. Люминисценцияны тітіркендіретін жарық препараттың үстіне бағытталады.
МЛ-2 микроскоптарда жарық көзі рттуттық лампасы болып табылады. Ол спектрдің ЖФ және УКбөлігінде 340 нм-ге дейін сәулеленуді береді. Жарықтандырғыш корпусының ортаңғы жағында үстінде және онда винттер орналасады. Олар лампаны орталықтандыру үшін қолданады. Ал алдыңғы жағында негізінің оң жағынада – рукоятка орналасады.
Микроскоптың негізімен қимылдатылмай байланысқан. Тубусқұрағышта арнайы ұяшық бар, оған жарықфильтрлерді орналастырады. Люминисценцияны УК сәулелермен тітіркендіру үшін қалыңдығы 2-4 мм болып келетін ФС-1 жарықфильтрін қолданады. Өйткені люминисценцияны тітіркендіргіш барлық фильтрлер қызыл және инфрақызыл сәулелерді өткізеді. Оларды СЗС-14 және СЗС-2 жарықфильтрмен қолдануға болады. жарықфильтрді линза-комплектордың қасындағы жылы сәулелерден сақтандыру үшін дист. су немесе купорос ерітіндісі бар кюветасы орналастырады.
Микроскопирлеу
Перапаратты дайындап, оны 2-3 рет құбырдағы сумен шаяды. Сосын оны спиртовкамен немесе метил спиртімен фиксирлейді бірнеше минуттан соң оны әлсіз ерітіндідегі алдын ла дайындалған флюорисцирлеуші боямен бояйды. Сосын дайын болған препаратты микроскоптың үстелшесіне орналастырады және оған күн сәулесінің түсуін қамтамасыз етеді. Ол үшін микроскоп әйнекшесін күн сәулесінің препараттың тіке түсуін қамтамасыз ету қажет, сол кезде күн сәулесімен микроскоп әйнекшесінің арасында жарық фильтрінен көп түспейтін болады да, флуорисценция қоздырғыштары пайда болады. ескеретін жайт, МЛ-2 маркалы микроскопта айнаны тубусқа емес заттық үстелшеге қарай вертикаль түрінде орналастырылуы тиіс. Окулярға жарық фильтрінен түзілетін жарықтың барлығы беріледі, тек тек қана бірінші жарық фильтрінен өтетін бояулар ғана берілмейді. Осы жағдайда ғана препарат флюорисценцияның өте жақсы көрінуіне мүмкіндік жасайды. Флюорисцирлеуші объекттердің жақсы көрінуі үшін люминисцентті микроскопты қолданады, қолдану үшін ол негізгі үш агрегаттан құралған: микроскоптан, жарық түсіруші құрылғыдан және жарық көзінен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет