Министерство науки и высшего образования республики казахстан


ЖАҺАНДАНУ ДӘУІРІНДЕГІ БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ



Pdf көрінісі
бет177/225
Дата04.12.2023
өлшемі7,98 Mb.
#195036
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   225
Байланысты:
XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm

ЖАҺАНДАНУ ДӘУІРІНДЕГІ БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ 
КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ
АЙТКЕН Қ.
оқушы, №18 ЖОББМ, Екібастұз қ.
КУЛЬМАГАНБЕТОВА Р. А.
тарих пәнінің мұғалімі, №18 ЖОББМ, Екібастұз қ.
Жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін энергияның жаңа 
моделін құру, электр энергиясын өндірудің технологиялық базасын 
әртараптандыру, энергия тапшылығын азайту және жаһандық 
экологиялық мәселелерді шешу қажет екені анық. Жаңартылатын 
энергия көздеріне деген сұраныс үнемі өсіп келеді. 2050 жылға 
қарай олардың әлемдегі энергетикалық баланс үлесі 35%-ға дейін 
артады деп болжануда. Бүгінде барлық дамыған елдерде баламалы 


324
325
«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ
НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА
РЫ»
энергетикаға қатысты бағдарламалар жасалып, жүзеге асырылуда 
екені анық. Қазіргі заманды электр энергиясынсыз мүлдем елестету 
мүмкін емес. Сол себепті де, электр энергияны алудың шығыны аз, 
экологиялық таза көздерін табу бүгінгі күннің негізгі мәселесіне 
айналып отыр. Жер бетіндегі энергия ресурстарының шектеулілігі 
күн энергетикасын дамытуды қажет етеді. Күн энергиясы қоршаған 
ортаға қауіпсіз, экологиялық таза және оны алу жолдары қиын емес. 
Күн энергиясын күнделікті тұрмыста кеңінен пайдалану – бүгінгі 
күннің өзекті мәселелерінің бірі. Әсіресе, бұл мәселенің түбегейлі 
шешілуі қазіргі уақытта дүние жүзінде мұнай мен газ секілді 
отынның күннен-күнге қымбаттауынан туындап отырған негізгі 
проблемалардың толықтай шешімін табарына өз септігін тигізері 
сөзсіз. [1, 23 б.].
Яғни, біз күн сайын, күні бойы энергияны қолданып, онсыз 
өмірімізді көрмейміз. Бірақ, соған қарамастан, адамдардың үлкен 
бөлігі, өкінішке орай, энергияның біздің өміріміздегі рөліне аса мән 
бермей, маңызын түсінбейді және энергияны жай ғана қалыпты зат 
деп санайды. Бірақ энергияның қалай, қандай жолмен алынатыны 
туралы ойланбайды. Энергия - электр энергиясын өндіру үшін 
жағылатын көмірден және басқа да табиғи ресурстардан алынады. 
Суық күндері бір бөлмені жылыту үшін әдетте 10 шелек көмір қажет. 
Ал барлық үйлерді жылыту үшін отынның мөлшері қаншалықты 
көп болу керектігін тіпті елестету де қиын.
Сурет 1 – Баламалы энергияны алу жолдары
Адамдардың жауапкершіліксіздігі мен немқұрайлылығының 
салдарынан пайда болған ірі әлемдік проблема - энергия 
ресурстарының тапшылығы. Осы проблема бұрыннан бері бар, бірақ 
жыл сайын оның масштабтары үлкейіп, жағдай одан сайын нашарлап 
жатыр. Ондаған жылдарға созылған ресурстарды өте ысырапсыз 
пайдалану нәтижесінде бүгінгі күнге дейін олар қалмады.
Адамзаттың энергетикалық проблемасының жаһандануы 
өткен ғасырдың 70-жылдарында, арзан мұнай дәуірі аяқталған 
кезде басталды. ХХ ғасырдың 60-80 жылдары ғана көмір өндірудің 
әлемдік көлемі 40%, мұнай 75%, табиғи газ 80% құрады. Сол 
кезде проблеманы шешу үшін отынның қолданылуын азайту 
жоспарланды. Бірақ жүзеге асырылмай, керісінше, көмір, мұнай, 
газдың қолданылу көлемі бірнеше есе артты [2, 227 б.].
Энергетикалық ресурстардың жетіспеушілігі проблемасы 
көптеген жылдар бойы әлемде орын алып, әлі күнге дейін 
шешілмеген болып қалды. Адамдар жер қойнауынан ресурстарды 
өндіруді жалғастыруда. Мұнай, табиғи газ және көмір сияқты 
қалпына келмейтін табиғи энергетикалық ресурстардың қазіргі 
кезде қорлары қауіпті деңгейге дейін азайды. Сондықтан мәселе 
сыни деңгейге жетпегенше, біз оны шешіп, әлемді кризистан 
құтқару керекпіз.
Сурет 2 – Екібастұз ГРЭС-2 – Екібастұз қаласындағы
электр станциясы
Қуат жетіспеушілігі мәселесін шешудің бір амалы – қуатты 
үнемдеу. Қуатты үнемдеуге бағытталған шаралар Қазақстандағы 
нағыз балама қуат көздері болып табылады. Энергия мен қорларды 
үнемдейтін технологияларды дамыту барған сайын өзекті мәселеге 
айналып барады.
Күн – энергияның аса қуатты көзі, оның энергиясы 
электромагниттік толқындар спектрінің барлық бөлігінде – 
рентген және ультракүлгін сәулелерден бастап радиотолқындарға 
шейін ұдайы сәуле шығарып, таратып тұрады. Бұл сәулелер 
Күн жүйесіндегі барлық денелерге күшті әсер етеді: оларды 
қыздырады, планеталардың атмосферасына әсер етеді, жердегі 
тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді. Әр елдің ғалымдары осы 
қосымша энергия түріне ерекше мән беріп, оны дамыту жолдарын 


326
327


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет