Системная красная волчанка
#205
*!36 жастағы әйел, көптеген жылдар бойы суыққа төзімділіктің нашарлығын, саусақтардың ұштарының ағаруы және көгеруін байқаған. Соңғы жылдар ішінде қол мен аяқтардағы депигментациялық ошақтарды байқаған, аузын ашу қиынға соқты. Қарау кезінде: теріде депигментация ошақтары, атрофия, тығыздану көрінеді. Жалпы қан анализінде - эритроциттер – 3,5×109/л, ЭТЖ-36 мм/сағ.
Қандай диагноз ең ықтимал?
Склеродермия
#206
*!Ер адам, 44 жаста. Автобус жүргізушісі. Ревматолог қабылдауында білезік буындарының ауыру сезімі және ісінуіне, фотосенсибилизацияға, жүрек тұсының ауыру сезіміне, бас сақинасы типті бас ауыру, дене қызуы 38С-қа дейін көтерілуіне, шаштың түсуіне, афтозды стоматитке шағымданды. Қарап тексергенде: жақтарында- эритематозды дерматит, бетінің , аяқтарының ісінуі, жүрек тоны бәсеңдеген, жүрек ұшында систолалық шу. Жалпы қан анализінде:эритроцит- 3,0×1012/л, ЭТЖ – 50 мм/сағ, тәуліктік протеинурия – 4,0 г., креатинин – 160 мкмоль/л.
ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз:
Системная красная волчанка
#207
*!Әйел адам, 27 жаста, кәрі жілік-білезік буынының ауырсынуы, ісінуі, қозғалысының шектелуіне шағымданды, бел аймағының ауырсыну сезіміне, қатты таңдайда ауырсынусыз жаралар, жүдеу,шаштың түсуі, субфебрильді температураға шағымданды. Қарап тексергенде: лимфоаденопатия, алопеция, хейлит, кардит, бетте «көбелек». Антинуклеарлы антидене оң, нативты ДНҚ-ға антидене оң. ЭТЖ-35мм/сағ.
ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз:
Системная красная волчанка
#208
*!Науқас Р. 30 жаста.Ревматолог қабылдауында беті, декольте аймағында эритематозды бөртпе, білезік, тізе буындарының ауыру сезімі және ісінуіне, қозғалысының шектелуіне, шаштың түсуіне, жүрек соғысының жиілеуіне, субфебрильді температураға шағымданды. Қарап тексергенде: бетте эритематозды бөртпе, лимфоаденопатия, алопеция, кардит. ЖҚА: ЭТЖ-40мм/сағ. СРБ оң. Антинуклеарлы антидене, ДНҚ-ға нативті антидене титрі жоғары.
ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |