8.5.2 Өлшем бірлігі
Белсенділік – уақыт аралығында ыдырау саны, СИ жүйесінде беккерелмен (Бк) өлшенеді, 1 Бк секундына келетін бір ыдырауға тең болады.
жасуша арқылы өтетін сәулелену энергиясы көп болатын болса, онда ағзаның зақымдалуы жоғары болады. Ағзаға берілген осындай энергияның саны доза (мөлшер) деп аталады. Мөлшер әр түрлі есептеледі. Сәулеленген объектің өлшеміне және орналасуына, адам санына, уақытқа байланысты болады.
Экспозиционды доза – иондалған сәулелену өрісінің сандық сипаттамасы. Экспозиционды дозасының өлшем бірлігі рентген (Р) болып табылады. СИ жүйесінде - кулон килограмға (1Кл/кг).1Р=2,58·10-4
Сіңу дозасы - сәулеленген зат массасының бірлігімен сіңген энергиясы. Сіңу дозасының өлшем бірлігі 1 рад болып табылады. СИ жүйесінде греймен өлшенеді (1Гр = 1Дж/кг). Сәулеленудің түрлері әр түрлі энергияның саның босатады және әр түрлі сіңу қабілеттілігіне ие болады, сондықтан олар тірі ағзаның жасушасына бірдей емес әрекет тудырады. Егер оған назар аударатын болсақ, онда дозаны ағза жасушасын зақымдайтын коэффициентіне көбейту қажет.
Саналған дозаны эквивалентті доза (Н) деп атайды. Н = Д∙Q, осында Q бөлек сәулелену түрлері үшін : гамма и бэта – сәулелену – 1, әр түрлі энергиясы бар нейтрондар – 5-20 ,альфа- сәулелену және ауыр ядролар – 20. Өлшем бірлігі бэр болып табылады, СИ жүйесінде - Зиверт (Зв), 1 Зв =100 бэр.
Ескеру керек, кейбір дене бөліктері (жасуша, мүшелері) басқаларға салыстырғанда сезімдігі жоғары болады. Сондықтан жасуша және мүшелердің сәулелену дозасын әр түрлі коэффициенттермен ескеру керек.[1, с.110]
Сәйкестік коэффициенттерге эквивалентті дозаларды көбейтіп, бүкіл жасуша және мүшелері бойынша қосып, эффективті эквивалентті дозаны (ЭЭД)-(Нэ) аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |