Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет58/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын, —
деп С.Сейфуллин Көкшетауды кербез сұлу қыз бейнесінде жырласа, I.Жансүгіров «Бұл сұлу кең далада бойын күткен» дейді. Осындай жекелеген образ ұқсастықтары болғанымен негізінде екі ақында Көкшетау екі түрлі жоспарда, өзіндік өрнек-нақыштарымен беріліп отырады.
Ілияс «Құлагер» поэмасындағы «Туған жер» деген бөлімінде өзінің тауда туып, оның тасында өсіп, асқар шыңына қозы жайып ержеткенін ерекше леппен толғайды.
Шынында да табиғат туралы өлең, жырларының ішінде, әсіресе, мол жырлағаны тау бейнесі. Ақын оны «Жетісу көріністерінде» айрықша тапқырлықпен жырлаған. Өмірінің соңғы кезеңдерінде Ілияс сол тауына тағы да оралып, «Кавказ» деген өлеңін жазады. Бұл оның соңғы жылдардағы табиғат туралы жазған өлеңдерінің тәуірі болып саналады.
«Жетісу көріністері», Алатау туралы көптеген өлең жазған ақын Кавказ тауларының сипатын да біраз әсем суреттейді. Ақын енді табиғат сұлулығын құр тамашалай бермей, тау қыртысындағы байлықты, бауырындағы қалалары мен курорттарын, поезы мен кемесін, жемісі мен суларын, ГЭС, тағы басқа адам игілігіне жұмсалып жатқан пайдалы жайларымен сұлу етеді. Ақын табиғи сұлулық пен байлықты адамнан бөліп алып қарамайды.
Сонымен Ілияс Жансүгіров өзінің творчествосында адамды табиғаттан бөліп алмай, оның бір бөлшегі деп санаса, табиғаттың өзін арнайы бөліп жырлағанда да оны адам өмірінен, тіршілігінен, жан сезімінен бөлмей, бір тұтастықта алады. Бұл социалистік реализм әдісінің принципін басшылыққа ала білген Ілияс Жансүгіров творчествосындағы елеулі жетістік, мол табыс еді.


* * *
Лирикалық поэзияның анықтамасын В.Г. Белинский «Поэзияның тегі мен түріне қарай бөлу» деген тамаша еңбегінде, Пушкин, Лермонтов творчествосына арналған мақалаларында толық берген болатын. Сол баға күні бүгінге дейін дәлдігін жойған жоқ. Совет дәуірінде шыққан әдебиет теориясы туралы еңбектерде де негізінен Белинскийдің қағидасы алынып келеді. Қазақ әдебиетінің тегі мен турі де сол белгілі тұжырымнан алшақтамайды. Әйткенмен қазақ әдебиетінің өзіндік топырағында туып, қадір-қасиет алған поэзияның кейбір түрлері бар. Мысалы, айтыстың түрлері, толғау, терме т.б. Бұлар Белинский айтқан анықтамаға дәл келе бермейді. Оның үстіне лирикалық шығармалардың дәстүрлі түрлерімен қатар, өзгерген жаңа сипаттары тағы бар. Міне, бұл жаңа сипат орыс поэзиясында ғана емес, сонымен бірге қазақ поэзиясының өзінен де кездесіп отырады.
Ілиястың «Көлге» деген лирикасы бас-аяғы жинақы, сезімнің шындығына бояудың қанықтығы сай, оған өлеңнің ойлылығы ұласып келеді де, «Көлге» лирикасы қазіргі мәдениетті поэзия дәрежесіне дейін көтеріледі.
Уақыт табиғатты өзгертеді. Күз түссе көл жиегіндегі шалғындар сарғайып, қуара бастайды. Уақыт адамды да қартайтады, жас жетсе сақал-шаш қуара бастайды. Бұл өмір заңы. Осы ойын анықтау үшін ақын көл мен адамды қатар алып, екеуінің арасынан ұқсастық, үйлесімдік табады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет