Үміт битенова көҢіл күнделігі



бет3/3
Дата15.09.2017
өлшемі4,54 Mb.
#33025
1   2   3

- 88 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Өтеусіз – еңбек, төгілген тер де...

Тасбауыр топас бұл ғасыр.

...Бес күндік жалған – көңіл көтер де,

Жүрекке түйген тыңда сыр.
Әнеки, солай. Болмайды дейді

Давлениемен ойнауға.

Оянып бозала таңнан тілеулі

Тыйым сал түпсіз ойларға.
Қуануға да қатты болмайды!..

Ренжіме! Күлме! Сезінбе!

Ешкім жоқ мәңгі.

Бақ – түбі алдайды,



Адамдар – робот!

Өзің де...


- 109 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Қатыгез – заман, алаяқ – ғасыр,

Көкірек – қасаң, ой – керең;

Опасыз ойға оңай-ақ бас ұр,



Шындықты көміп қой терең.
Жылдар боп артта жатыр белеңдер,

Беріліп жұмыс істеген.

Ми тозып сосын... опық жегендер,

Аурудан бармақ тістеген


Ғұмырдың қымбат бағасын сақтау-

Әркімге арман аңсаған.

Жалмауыз дерттің дауасын таппай

Қармағын қапты қанша адам.


Шымыров – жүйрік сәйгүлік еді

Шабатын қамшы салдырмай,

Қапыда халқы айырылып еді,

Еске алам қалай қайғырмай...


Қылышбеков ше – авторы еді

Идеялардың бұрқаған.

Берілмей дертке - тақ тұрып еді,

Ұмытты неге бұл қоғам?..



- 108 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ




Біздің жақтың күні көркем
Біздің жақтың адамдары,

Ауызын ашса - көмекейі көрінген.

Жатырқамай, саған бәрі

Ақ пейілін арнайды шын көңілден.


Біздің жаққа келсең егер,

Пиғылыңды тазартып кел алдымен.

Бірдеймін деп белсене кел,

Жарлы-жақсы, әлсізбен де әлдімен.
Біздің жақтың адамдарын,

Аңғал екен деп босбелбеу санама.



Қасқырлығын бағамдағын-

Дұшпанын да тастамайды далаға.


Біздің жақтың жұрты бөлек,

Бірақ бәрі бір-бірінен аумайды.

Ойдың кірбің бұлтын елеп,

Қырдан-түлкі, мұңнан-күлкі аулайды.
Біздің жақтың халқына сен,

Өзіңдей көр кішісін де үлкенін.



Дәстүрі-озық, салты да-әсем,

Бәрі-шежіре, бәрі бір-бір Күлтегін.



- 89 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Біздің жақтың тәртібі бар,

Адаспаған аңдап басып әр ізін.

Туған жердің әр күні-бал,

Қыр қазағын қызықтырмас Парижің.
Ақ шәлілі аналарым-

Ар-ожданын аялаған тұнықта.

Дариядай даналарым-

Қарияға бас июді ұмытпа.
Біздің жақтың ерлерінің,

Арман-құсы аспан асып,шыңға ұшқан.

Үйі-базар, жерлері-гүл,

Бәрі бір-бір Еділ патша, Шыңғысхан.


Біздің жақтың біле білсең,

Бәрі - ақын, бәрі - батыр шетінен.

Жаралама жүрегін сен,

Қыз Жібектей қыздарымның, өтінем!
Ол қыздарым - күлімдейтін ,

Бәрі - ханша, бәрі - бір-бір Томирис.

Қыз сынынан сүрінбейтін,

Лайықты адам іздесеңіз, әне - мисс!



- 90 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Гипертония
( Асан Оразымбетовке )
Өмірдің мәнін, көңілдің сәнін

Тек қана іздеп еңбектен,

Бұлдырап тартып көгілдір сағым,

Қалдырар оқшау жер-көктен.


Үйренбей жаның оңашалыққа,

Кеңдікке қайта сыймайсың,

Күшіңнен кемел - болашақ ұтқан,

Тастай -бат өзің, судай - сің.
Тауысып дәмді тырбануменен,

Көрсем деп күннің жемісін,

Жас жігер солар қырда гүлдеген,

Күзге де жетпей... Не үшін?..


Күдіктен күлгін тамыр ап тайғақ,

Кетпейсің қалай түңіліп,

Беймезгіл боран шаңырақ шайқап,

Түнде ашық қалса түңілік.



- 107 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Бітеу ауызын ашамын деп түйіннің,

Өлеңмен, айып етпе, көп түйілдім.

Тек мені қинағаны Көк Туымның



Құны жоқ па құнындай көк тиынның!..



- 106 –


Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ
Біздің жақтың күні көркем,

Сәбилердің бойды баурар былдыры.

Бала ғой ол - бүгін-ертең,



Ер Төстік боп шыға келер бір күні!
Бойтұмары – алқасындай

Ата – баба рухын асқақ сақтаған,

Біздің жақтың халқы осындай –



Ана сүтін, әке үмітін ақтаған!
Уақытты ұтып байыппенен

Ұлы Абайдың жолыменен ой қуған,

Біздің, міне, халық деген –

Сенімі-нұр, өмірі-жыр, той-думан!

Шенеунік.
Қалың жерге қағылды да шегең нық

Шырт түкіріп шыға келдің, шенеунік!


Өмір неткен ғажап едің, сүйікті ең,-

Кеуде керіп көз тастайсың биіктен.


Құбылмалы көңіл кейде қызық, ә,

Бәрі саған қарайтындай қызыға.




- 91 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Қайтсін не істеп жатқаныңды ел сенің,

Алшаң басып жүрсің төрін кеңсенің.
Опырардай болып істің баршасын,

Алғашында талаптандың , ал сосын,..


Көпшілікке көрінген боп мейірбан,

Нәпақаңды тауып кеттің бұйырған.


Қызметтегі шығар, бәлкім, осы-еншің,

Беткеұстарсың, лауазымды, көсемсің.


Ар-ожданды, адал, таза жандайсың,

Бірақ, бірақ... Құдайды алдай алмайсың!




- 92 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Қарыз боп жүрген жақсы қай бетіңмен,

Болмысты тұрмыс билер заман міне.

Кісілік жоғалмай ма келбетіңнен

Ақшада тұрса егер бар әңгіме.
Келістік адам құсап, уағдаластық,

Мен кіммін, жауап берер, бірақ, сен кім.

Өзіңдей өсім жасар бөгде, бастық,

Өндіріп алар еді «процентін».


Сенімді жалаулатып жағатұғын

Алдамшы от болғаны ма көзіңде құр?

Жетті ме «мақұлға» тек бар ақылың,

Уәдең бар - құдай аты, сөзіңде тұр.


Сөзіңде тұр, немесе, тұра алмасаң,

Затымды бүктеп, орап, бер өзіме.

Жамамас жыртығымды бірер мың сом,

Көп көрсең жарата бер керегіңе.

Қарғыс атқыр тапшылық. Елес қуып,

Қайта-қайта қақтырған есігіңді.

Сараң мінез біреумен теңестіріп

Көрінгенге былғаттың есімімді.


- 105 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Көк байраққа көп сауда

Жас мемлекетіміздің - егемен еліміздің Ту,

Елтаңба секілді мемлекеттік нышандары

табыла бермейтін кез. Үлкен қаладан өз

қаражатыма тауып әкелген әдемі көк байрақты

пайдалануға сатып алған білім мекемесінің

білдей басшысы ақшамды қайтармай алты ай

жүрді. Бір бұл ғана емес, өзі өзгеге өсіммен пұл

беруді де кәсіп қылған, алуға - бар, беруге жоқ

әлгі азаматты өлеңмен ұялтуға тура келді...

Ұстаздармен тарихта аты қалған

Қызмет етіп келсем де бірге еліме,

Базардан көк байрақтың сатып алған

Көп болды құнын даулап жүргеніме.
Көк тудың толтырсам деп өз шығынын

Айтқан ем бір екпінді күш ап барып,

Саудада достық жоқ қой, айтшы шынын,

Не болды сонша сізге ұсақталып.


Кіршіксіз мен де өзімше адал едім,

Көтере білер ашу, өкпені де.

Ер жігіт - екі айтпайтын адам едің,

Ренжідім мені әуре еткеніңе.


-104 -


Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Елеукеннің түйелері
Ауылды айтсам келмейді әсте тосылғым,

Сағынышпенен басады кейде тосын мұң.

Ғажайып жағдай болыпты дүние салғанда

Елеукен жәке - әкесі Бейсен досымның.
Елеукен жәке ақсақал еді елеулі,

Еңбегіменен құрмет пен сыйға бөленді.

Түйелерімен танымал болған қарияның

Жаназасына жиылды жұрт та көлемді.


Ұяға ұлын, қияға қызын қондырып,

Көрсетпей өткен өмірден теріс, тоң қылық.

Аллаға жағып азанды болған аяулы

Елеукен қартпен сөнгендей бірге солды үміт.
Тылсымның күшін түйсінер кім бар, сірә, ұғып,

Азан да қазан, асаудай түскен бұғалық,

Түйелер боздап кетпей қойыпты басынан,

Қорымға жерлеп қайтқанда халық дұға қып.


Пейіштегідей сүрсе де өмір маздаған,

Пешенедегі жазмыштан ешкім озбаған.

Шығарып салып иесін соңғы сапарға

Жоқтауын айтты түйелер дауысы боздаған.



- 93 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Жоқтасып жатты тоқтамай боздап түйелер,

Тыңдағандардың түсіне бұл сәт жиі енер...

Рухына арнап жатқанда құран бағыштап,

Дастархан үстін таңдантты тағы Киелі Ер.
Келіндер жасап ұсынған қолмен әзір дәм,

Бір жазу шықты, о, тоба, піскен қазыдан!?.

...Сақтаулы ма екен, сақталды ма екен, шіркін-ай,

Сол ғажап қазы «Алланың» аты жазылған...


«Дончак айтқан»
Кенде емес қазақы дала ұлға...

«Дончак айтқан» деген сөз бар ауылда.

Сол Дончактың қыршаңқы тіліндегі

Түсіп қалма, ағайын, қарауылға.
Шын есімі Дончактың Төлепберген,

Қамыққанға сөзімен көмек берген.

Көппен бірге жүргенмен өзі түгіл

Қалжыңы да сол жанның бөлек-ті елден.


Жаралар ма дәл мұнша адам епті,

Оған «жем» боп жас, кәрі, бала кетті.

Бір қызартып алмаса тыншымайтын

Бір мектепте істейтін Балабекті.



- 94 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Міне сөйтіп, өтті жылдар, көп көктем,

Еркіндіктің соқты саумал самалы.

Бұл күндері өзіміздей боп кеткен

Бір – екі ұлт қалып қойған баяғы.
Қауынының татып көрдің бе дәмін,

Сағынам сол құмды ауылды қызыға...

...Қазақ қызбен отау құрған Федяның

Қазақшаға судай ұлы-қызы да.




- 103 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Шақырды олар. Біз де тоқтап тұрмадық.

Дос боп кетті сөйтіп Маша, Федькалар.

Гүлзинаны тілі келмей «Гуля» қып,

Ал Сәулені «Света» деп кетті олар.


Орыс тілі кеңге жайды құлашын,

Тұрар «Толя», Орын «Оля» атанды.

Сақтау үшін мектепте орыс класын,

Қазақтармен көбейтті ылғи қатарды.
Берекесін аз берген соң құм дала

Күші барлар басқа жаққа бет алды.

Бір – екі ұлт қалып қойды біржола

Бұл ауылдан артық таппай Отанды...


Жетік өстік сөйтіп екі тілге де,

Жаттап өстік Абай, Пушкин жырларын.

Қазақ тілі шықса дағы күрмеле,

Жанашыр ек жейтін ана тіл қамын.

Тұншықса да кеуделерде көп арман,

Тигізе алған жоқ кесірін халыққа.

Қайта оралды діни наным жоғалған,

Зәулім мешіт қайта түсті қалыпқа.



- 102 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Кәденнің де жармасып балағына,

Шырылдатар шағып ап Жораны да.

Сараң болсаң түбіңе жетіп тынар,

Адал болсаң қалмайды обалыңа.


Үлкен-кіші жүрген соң мақұл көріп,

Алтайға да үлгерер «ақыл» беріп.

Спортзалдың есігі ашық тұрса,

«Ашық сабақ» ол өтіп жатыр деп ұқ.
Болып кеткен менің де бір досымдай

Дончак жайлы хикая, міне, осындай.

Алған сайын есіңе езу талар



Рязанов пен Гайдайдың киносындай.
Тар екен ғой ол дәурен тақиядай,

Тіл тигізсең – тұсалдың қапияда-ай...

Әзілдері жарасқан жездесі еді

Ауылкеңес басшысы Сәти ағай:


«Сынға алып жемқорлық енсе әдетке,

Төзіп тұрмас заңсыз бұлт төнсе көпке,

Құрып қалған халықсың»,-деп ренжіпті

Ұстаздарға бір күні сельсоветте.




- 95 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Білсе, бәлкім, айтпас па еді бұлай қатты,

Өзгерерін уақыттың кім ойлапты.

Тарап кетіп сельсовет, Сәти ағай

Орналасты мектепке, бұл - айғақ-ты.
Қарсы алған құшағын жая бұған,

«Тісін қайрап» жүрген бе баяғыдан,

Әріптеске айналған жездесінің

Шалды Дончак ауызымен аяғынан:


«Өтіп кездер жаныма уайым батқан,

Нарықпенен оятты ойымды ақ таң.

Заманыма мың шүкір,- депті Дончак,-

Ұлылығын ұстаздың мойындатқан.


Биік төрде отырар жаста мына,

Қарап қалдың мектептің астауына.

Үңіл енді, жездеке, тереңірек,

«Ұстаз – ұлы» деген сөз астарына!»




- 96 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

«Орысша мен қазақша»
«Орысшаға ағып тұрсыз бұлақтай,

Құмды ауылда алыста өскен жоқ па еңіз?»-

Дегеніңді көзден ұқтым сұратпай,

Амалы не, өткенге көп өкпеміз...


Ана тілге талап жоқ дәл бүгіндей,

Біздің буын бой көтерді орысша.

Жатқа сөйлеп орыс тілін мүдірмей,

Тегіс білу айналған шақ борышқа.


Ауылдағы ескі мешіт-күмбезге

Мән берместей мәңгүрттенді ел әлемі.

Тек орыстар орналасқан бір кезде

«ГРП» деген бөлек көше бар еді.


Түстеп тани білмеген соң бір атын,

Көрінетін бізге ол кезде бәрі орыс.

Ал әйтпесе сол көшеде тұратын

Орыс, неміс, украин, беларус.


Балалары жасап күнде тәнті істер,

Шүлдірлеген сөзінен не, кім ұқпақ.

Ойынына өңшең қара тәмпіштер

Қарайтынбыз сырттарынан қызықтап.



- 101 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Лай көшсе де таудан тасып көшеді,

Қар көшсе де таудан асып көшеді.

Соның бәрі жаншып бірақ етекті,

Төмендегілер зардап шегеді деседі.
Жүз шайысып, құр жыртысқан бет анау,

Қайран сөз-ай – «Ашу-дұшпан, ақыл-дос».

Тізгіндей де білген дұрыс екен-ау,

Жібере салмай ыза-кектің атын бос.


Бірімізді бірімізге жау көріп,

Дауласқаннан басқа бізде бар ма ерік.

Төрден қарап мәз болыпты-ау Москва

Өзімізді-өзімізбен әуре қып...

* * *

Бастан кешкен оқиғаның не түрлі,



Бәрі енді көрген бір түс секілді.

...Ал рабкооп қыз Нұрбикенің бүгінде



Жігіт болып қалды ұлы кекілді...



- 100 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

«Ашу - дұшпан, ақыл - дос»
Талай жастан асып кеттік, келіп күз,

Бір кездегі қызба жігіт, елік қыз.

Ол кездегі жас мұғалім, алғашқы

«Жариялылық қарлығашы» едік біз...


Теңдік үшін тоқтап көптің тұз-дәмі,

Жауратқан шақ желтоқсанның ызғары.

Дүбірлеген Горбачевтің дәуірі

Құр уәдеге тойдырған шақ бізді әрі.


Бұл ауылға білім отын жақса да,

Мұғалімдер жарымаған ақшаға.

Жас жанұя мүшелері әлі жүр

Кіргізе алмай сәбиін бала бақшаға.


Жылдан-жылға жайы түскен қиындай,

Ұстаздардың айтып тауысам күйін қай.

Шиеттей бала-шағасы бар Батырхан

Жұмыста жүр бір баспана бұйырмай.


Тізім деген шығып түзер жер-жерде,

Дүкенге кеп тұрушы еді ел демде.

Ұстаздарға жетпей қала беретін

Тауарды да теңдей етіп бөлгенде.


- 97 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Иманы мен бетке жиып ұятын,

Біз сонда да зиялы едік, жүдә, тым.

Қанағатқа қарны тойған қашан да

Мүсәпір де мұғалімнен шығатын.
Батқанменен белден билік былыққа,

Ынтықпап ек түсіруге құрыққа.

Есесіне ел көңілін аулаймыз

Дүрілдетіп концерт қойып клубқа.


Адалдардың қурамайды құлқыны

Азық етіп жанға ойын-күлкіні.

Сабақ өтіп, тыныш жүре берер ме ек,

Дүкенде жанжал болмағанда бір күні.


Ұн да тапшы, төзген қанттың жоғына,

Келді ауыл тұрғындары сабыла,

Кезегімен алар жұрттың қажеті

Ұстаздарға жетпей қалды тағы да.


Заңқой еді Алматай ағай байсалды,

Жинап біздің бәрімізге ой салды:

«Ауызынан жырып бүкіл елдің, халыққа

Тиістіні төрт басшының қайсысы алды?



- 98 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

«Жариялылық жүріп жатыр» дегенмен,

Бай-кедейдің жағдайы жоқ теңелген.

Сельсовет пен директорда бар билік,

Рабкооп анау бар байлыққа кенелген.
Төрт түлікке толтырып алған қорасын

Директорға қайтіп қайғы жоласын,

Рабкооп қызға үй қып берген детсадты

Білесіңдер екеуінің арасын...


Оларменен жемдес кәсіподақ та,

Қарап біттік жалтақ-жалтақ қабаққа.

Пайда тауып ел үстінен күн көрген

Төрт басшыны түсірейік тозаққа!»


Деді Алмекең алдыменен жолды ашқан,

Ереуілге шықты ұстаздар қолдасқан.

Талап етті төрт басшының кетуін

Жемқорлықпен жең ұшынан жалғасқан.


Қылмыскерді ұстағандай қауіпті

Москва да мән мен жайға қанықты.

Жұртқа жар сап жазды жаппай газеттер

Үшаралдық демократ халықты.


- 99 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Ұстаздар көп-ті ұжымда ерлі-зайыпты,

Ұлағатты іске қарайтын бәрі байыпты,

Рыскүл мен Дончак, Әбсаттар менен Тоғызкүл,

Өмір-өзенде бір мінген ортақ қайықты.


Тыңдата біліп самарқау, марғау жанды ұйып,

Өзекті іске өз жігер күшін салды үйіп-

Мектептің бастауыш завучы Балабек Сәтбаев,

Завинтернаты Серікбай ағай Әбдиев


Туғандай бейне математик боп жаралып,

Жаңабек ағай жан берісетін, жан алып.

Русовед-спортшы Керімбиұлы Алтайда

Басқаға бар ед ұқсамайтын бір даралық.
Арынбекова Күләш әкпей бізге көп

Жанашыр болды біз басқан әрбір ізді елеп.

...Тым соза берсем қаламның ұшы қайырылар,

Айта берер ем әйтпесе бәрін тізбелеп.


Ешқайсысының жоқ еді майда-ірісі,

Барлығы бірдей ұжымның болат құрышы.

Ал ортасында Ділдә әкпей – жанған шамшырақ,

Жүрегі, жаны, мектептің тұтас тынысы.


- 142 –

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Тамсанамын Алматыға қарап мен,



Қаратаумен екі ара алыс жол, әттең.

Аймаралым Жібекпен боп абысын,

Мәз болады ортасында Лора әкпем.


Жүргеннен соң гүлдей жайнап тойда көп,

Сұрамаушы ем сөз кезегін қайда деп,

Өздеріңе қарай – қарай елжірей

Менен бүгін өлең туды ойда жоқ.
Қуанышта құдай қолдап осындай,

Соғылуда алақандар сатырлай.



Асабаның сөзін тыңдап сабырмен,

Беу, Ерекем, қалай тұрсың ашылмай.


Сөз додаға қосып жырдың жорғасын,

Жан жылуын құдалар да жолдасын.

Ақ түйенің ақтарылды қарыны,

Кел, билейік, құдашалар, қайдасың.


Осы шығар көпшіліктің тосқаны,

Ойға сыйсын бүкіл тілек, тост мәні.

Қыздырыңдар, кәне, тойды жақсылап,

Жібегім мен Мұратымның достары!


- 111 -


Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Қолтаңба орнына
( Ғазиз жан Ғабит ағаның жары

С ә у л е П ш а е в а ғ а )
“Ақын” болып жүрген менің бүгінгі

Адам түгіл “итке” бермен күнімді.

Айналамда жұрт көп, бірақ, жалғызбын,

Ұқтыра алмай жүрек дал-дұл тілінді.


Ақындық-дерт, ақындық мұң-ол қалың,

Сүріндім де жығылдым сол жолда мың.



Сәуле әкпей, жақсы еді-ау деп ойлаймын

Қарапайым Сіздей ұстаз болғаным.


Рас, Сізге де оңай емес, түсінем,

Терін төккен қажыр, қайрат-күшімен.

Бұл орайда Сіз де мендей жалғызсыз,

Сіздей ұстаз аз-танылған ісімен.


Сіздей ұстаз мектептерде санаулы,

Жалындатып жаққан білім-алауды.

Білесіз бе, естіп қалай қуандым,

Сіз оқытад(ы) деген кезде баламды!



- 112 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Кәсіпқой еді адам танитын сыралғы,

Жинады ылғи мектепке бейім, құмарды.

Әскерден келіп бос жүрген Нұрланды оқытып,

Тәртіпті, қатаң военрук етіп шығарды.
Салатын әнді тәжікше “Аспан” – “Осмон” деп,

Білімді физик досымыз Раев Басқанбек,

Сымбатты жары Мирамен бірге ұжымның

Абыройы үшін үлгілі үлес қосқан көп.


Сағынам әркез жетпей тұрғандай әлденем,

Сырласушы едім Бөпетаева Сәулемен.

Қалжыңқой – Кәден, күлдіргі – Ұран ағайсыз

Отырыс-кештер өтпеуші еді көлденең.


Көргені көптен шарапат-шапақ шығады,

Делегат та осы ұжымнан шықты зиялы -

Ел мұңын бүгін мінберден жүрген жеткізіп,

Гүлмира әкпей – Естайбек ұстаз тұяғы.
Заңға да жетік, өрелі ойы жоғары,

Ұмытам қалай Шынәсілтегі Жораны…

Бақытты еді Бақытжан ағай Қаппаров-

Зере әкпей жары-химия пәні маманы.
- 141 –

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Эталон
(Ділдәкүл Қабылбековаға)
Өкінсең де екі келмейсің өмір-өзенге,

Шарлаймын ойды отырып қиял-дөненге.

Дәуірлеп еді Үшарал орта мектебі

Қабылбекова басқарып тұрған кезеңде.
Мұғалімдердің бірыңғай бөліп сағатын,

Көңіл мен күйін, қабағын ылғи бағатын,

Қайратты қыздың осы ұжымында сол жылдар

Кадрлар мықты іріктелінген болатын.


Басшылық оның келбетінде еді бар айбын,

Сол ұстазды әлі өзіме ұлы санаймын.



...Ділдәкүл әкпей мені де ауылға алдыртты,

Бұйрығын алып РайОНО – Шоңов ағайдың.


Жақсылық жасап, жастарға салды қанша жол,

Жұмыстың мінсіз атқарылғанын аңсады ол.

Жалынды жігіт, әрі ақын Данияр Жаппаров

Қабылбекованың қолынан шыққан комсомол.

- 140 –

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Шәкірттерге беріп байлық бағасыз,

Болашаққа бірге алып барасыз.

Бақыттысыз, Сәуле әкпей, өйткені,

Оқушы үшін Сіз әрқашан - дарасыз!


Сіз – анасыз ұл-қызын да өсірген,

Өнегеңмен ізгі ілгері көш іргең.

Қолтаңбамды ғана сұрап едіңіз –

Тоқтата алмай қойдым жырды көсілген.


...Терең ойға шомып кеттім жаңа мен...

Сізді ойлап ем – жайнап кетті бар әлем!

Өмір неткен қымбат еді Сіз барда

Ғұмыр кешкен ғажап Ғабит ағамен!



Бір өзі ән мен жырдың қайнарындай
(Мәдениет қайраткері К.Арынұлы

Сарысудан Таласқа ауысарда)
«Осы жұрт Ескендірді біле ме екен...»

Абай.

Осы жұрт Көпжасарды біле ме екен?..



Талас – Сарысу ауданы оған мекен.

Шықса да қанша бұлбұл сахнаға

Әніңді Көпжасардай салар ма екен.
- 113 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Осы жұрт Көпжасарды бағалай ма,

Кетемін кейде осындай сараң ойға.

Шіркін – ай шартарапты кезсең дағы

Дәл ондай дара туған дарын қайда.
Тұлғалы нар еңселі кескін қандай,

Қазақпын деп мақтанып төсті ұрғандай.

Шырқаса құнарлы үнмен сырнайлатып,

Тоқтатпас құмарынан ешкім қанбай.


Жаратқан Алла оған нәсіп етіп,

Таланты бар тыңдарман бас иетін.

Әуенді бір-ақ естіп қағып алар,

Көбеңнің ешкімде жоқ қасиеті.
Ғұмырдың көктемінен жазы басым,

Жеткізіп жүректерге базынасын,

Бір өзі ән мен жырдың қайнарындай,

Қастерлеп жүр халқының қазынасын.


Демеңдер меңзеп отыр жорта нені,

Сабыр қып тізгін басын тарт, әуелі.



Талас пен Сарысуға ғана емес,

Көбекең бар қазаққа ортақ еді.


- 114 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

“Бастарыңа, байқа, құрық тасталды”,-



Мырзабай да қалжыңдады астарлы.

-Бұл ауылға біз күйеуге шықпаймыз,

Атамаңыз!- деп бес құрбым бас салды.
Осы автордың естілген жоқ тек үні...

Бәрінің де нық сияқты ед сенімі.

...Бұйрық деген қиын екен,

Бұл күнде,



Бесеуі де сол ауылдың келіні





- 139 –


Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Жан-жағынан жүректе жоқ бүгері,

Балдәуреннің жасыған ба жігері,

Балғындарды сапқа тізіп апарып,

Жинайтынбыз біз қырманнан жүгері.
Қыс жайлы да естеліктер көп менде,..

Құлпырушы ек, әсіресе, көктемде,

Оқушының қырға шығып гүл теріп,

Қызықтаймыз аунағанын көк белге.


Басымыз бос.Жастықтың не мұңы бар –

Бір-бірінен жасырмайтын сыры бал.

Жүктеме де жеткілікті бөлінген,

Айлықты да алатынбыз қыруар.

Қаһарынан қалтыраған талайлар,

Қалдыкүл әкпей ұстаз еді ар ойлар,

Ақылдарын аямайтын біздерге

Завучтар да – Ілияс, Дихан ағайлар.
“Жігіт біткен жалақылы, олжалы

Қызды аңдиды, белгілі ғой ол жағы,

Алтауың да түбі ауылда қаласың”,-

Деп бір күні Рәзия әкпей болжады.



- 138 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Уәдеңді естігелі келем деген,

Елім де құлақ түріп елеңдеген.

Жазатын жан жарасын ән-жырымен,



Көбеке, емшісің сен ел емдеген.
Тумайды түсінгенге талас мұнда,

Өсе ме нәр болмаса ағаш құмға.

Баяғы бұлақ көзі бітіп қалған

Қан жүгірт тамырына Таластың да.

Өнерін зерттеп арғы-бергіміздің,

Өткенді құрсаулаған сеңді бұзғын.



Сан жылдар Сарысуды сусындаттың,

Көбеке, көзді ашқын енді біздің!



- 115 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Иілу
( Інімнің көршісі, дәрігер Ж.Жарқынбековаға)
Жақсыгүл, өзіңізге арнадым жыр,

Толғанып толқын судай төгілемін.

Асылдың сынығындай арданың- бір

тұяғы Жарқынбектің өзің едің


Қашан да орны бөлек Секеңнің де,

Сыпайы, сынық мінез, сырбаз адам.

Ренжіткен екен інім бекер мүлде,

Дәруін таба алам ба жырдан оған.


Үйренген пайдаланып кіл дайынын,

Бағалар бауыр бар ма барға құнды,

Опынып абыройдан жұрдай інім,

Отырмын енді тістеп бармағымды.


Ашумен бізді салмай қайғы-мұңға,

Түсінер деп ойлаймын екеуіңіз,

Көрсетіп азаматтық айдынында

Желкенін адамдықтың көтеріңіз.


Қайраңға қайырлады жүзген кемем

Қор болып төккен тер мен есіл еңбек,

Ақ қанат жырды ұшырдым сіздерге мен,

Көңілдің кірін қайтсем кетірем деп.


- 116 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Бұйрық
Жалын жылда тауды бұзып, тас жарған,

Мұраттарға жету болып басты арман,

Әлі есімде, Қызыләуітте қазіргі

Ең алғашқы еңбек жолым басталған.


Қалдыру үшін ұлағаттық арқылы із

Осы жолды таңдағанбыз жалпы біз,



Қызыл көсем атындағы мектепке

Алты маман бірден келдік – алты қыз.
Дипломда – мәртебелі мамандық,

Оқу орнын оралғанда тәмам қып,

Біз секілді мұғалімде болатын

Тәжірибесіз талапқа тән балаңдық.


Жас маманбыз ала келген бөлек леп,

Шаршамаушы ек, үлгілі едік, елеулі ек.

Обалы не, бетімізден қақпайтын

Директорымыз Есдәулетов Төлеубек.


Еске алсам, ылғи түсем ізгі ойға,

Жететіндей қол созушы ек біз де Айға.

Шәкірттермен сабақтан соң, түс қайта,

Науқандатып жүруші едік күзгі айда.



- 137 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Құнар сөзді ой құндағы-

Сенен туар көркем үн,

Ақиқаттың айдындағы

көтер биік желкенін!

Сен жинайсың жылдар жүгін,

Сен жазасың тарихты,

Келешекке Сен айтасың

шежіресін өлкенің!

Орны бөлек ардақ тұлға



Әбдірахмандай ағаның,

Сәулембайдай саңлақты да

жиі ауызға аламын.

Ұжым көшін алға бастап

досым-Дүйсен журналист,

Жолмен жалғап келе жатыр

редактордың бағанын!


Сөзін сөйлеп қабырғалы

көптің қозғар қажетін,

Сенің халқың алдындағы

ар-ожданың таза етін,

Төрден орын ала бергін

осы арлы қалпыңда,

Құтты болсын мерейтойың,

сүйікті менің газетім!


- 136 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ
Үшбу хат
Сұраншақ емес едім салтымда мен,

Тағы да туды арзан қалпында өлең.

Шаң басып жатқан қайран қолжазбамның

Белгісіз бітетіні арты немен...


Ісімнен көрмеген соң ерек қылық,

Кім жатыр жырларымнан дерек біліп.

Қамбаға құйылған дән көгермей ме

Кезінде жаратпаса керек қылып.


Қанша бақ сыйлайды Алла кімге өмірде,

Мен үшін жырсыз дүние – түрме, мүлде.

Айналмай аруаққа еленбейтін ,

Жазығым - әзір тірі жүргенім бе.


Менсінбес қарайтындар қырдан, білем,

Ақ қарда бүршік жарып тұрған гүл ем.

Ақынды ұғар көңіл-аспаныңа

Ұшырдым үшбу-құсты жырдан кілең.


Онсыз да мазалайтын ағайын көп,

Келгем жоқ есігіңді қағайын деп.

Жай ғана жаза салдым

Үміт қыздың

Есіңе

Бар екенін салайын деп.


- 117 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Білікті маман , білгір тау – кен инженері

Жандарбек Қаленовке
Сіңсе де еңбек туған жерге неше,

Жақсы аты шықпас ердің ел бөгесе.

Жазбаушы ем жырды ешқашан тапсырыспен,

Түйткілді түкпірдегі тербемесе.


Жайсаңсыз жан жарасын жазады кім,

Көңілдің сүртіп көзін тозаңының,

Сіз жайлы шыққан газет мақаласы

Мендегі мөлдір етті муза мұңын.


Ардақты атыңа артып дара сенім,

Ескеріп жатыр елеп, қарашы, елің.

Кемінде бір кітапқа жүк болардай

Көргенің жетеді екен, Аға, сенің.


Өткенді бұра алмайсың қойып кері,

Өмірдің көші жүйрік өйткені.

Тәлімін тал бойыңа таңып кеткен

ӘжеңізШер-ағаңның кейіпкері.
Түбіңнің тереңінде мәнді гәп бар,

Төрттарап басып түгел жолды қатпар,

Тарихта қалған таныс іздерімен,

Әкеңіз әзиз жанды Әбдіғаппар.
- 118 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Қуана қауышып таң нұрымен

Тобамен өткізер бар күнін ел.

... Құдайым сақтасын сендейлерден

Адамның ойнаған тағдырымен!


«Талас тынысына»
Бапкері өзің бар дарынның

елге еткен ұлы ісі,

Жүріп өткен жолдар үлгің-

батысы да шығысы.

Жетпіс бес жыл артқа тастап

жеттің жақсы күндерге,

Бет-бейнесі ауданымның

«Таласымның тынысы»!


Жаңалықтың жаршысы да,

елшісі де бір өзің,

Жанға мөлдір тамшы ұсына

шуақ шашқан Күн едің.

Сілкіп ақыл, күш, жігерді,

кеуде көзін оятып,

Салып қауым талқысына

нұрландырдың жүрегін.


- 135 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Мойныңа артатын жүгі мықты

Ата Заң – ар жолы ұғынықты.

Өз құқын бұзылған қорғау үшін

Жұбайлар сотқа кеп жүгініпті.
Бар жиған жоғалтып беделіңді

Құлдырап осынша не көрінді.

Судья алдында тұрсың енді

Күмілжіп білдірмей не деріңді.


Алдында тұрғандай дар ағаштың,

Алынды бетіңнен «қара маскаң»,

Жауапқа тартылар болған соң,

Қызметтен басыңды ала қаштың.


Шынайы сияқты шебер күлген

Шенеунік күні үшін безер кімнен,

Дақ түспей құтылдың құжатыңа

Өтініш жазған соң өз еркіңмен.


Арыздың өз қолмен тасталғаны –

Лауазым қақпасын ашты алдағы.

Қисайған жерің жоқ. Мансабыңның

Күтіп тұр кезекті баспалдағы.




- 134 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Қаныңмен таза сақтап Қален тегін,

Кен қазған Қаратауға бар еңбегің.

Жігітке жеті өнердің аз боларын

Өзің де дәл үлгіңмен дәлелдедің.
Білімнің пейіл қойып көп күшіне,

Ұрпағың тәнті болған текті ісіңе.

Жолдаймын жырмен, Жәке, сәлемімді,

Жеткенің құтты болсын жетпісіңе!


Айтыскерлік арнау
Өзінің 60 жылдық мерейтойында

жерлесіміз, мәдениет және өнер саңлағы,

жазушы-драматург Әлібек Әмзеұлы

облыс пен республикаға танымал айтыс

ақындарына тосын әрі қатаң шарт қойды:

мерейтой иесін, яғни, өзін – даттау мен

мақтаудан жыр-сайыс ұйымдастырды.

Екі кезеңнен тұратын қиын талапты

сүрінбей орындаған мен де жүлдеге іліктім..

І

«Жақсыға жала жабу»

Ақындар, ойынды шын сөз етерміз,

Тайсалмай жыр-өткелден тез өтерміз.

Тығыны бір атылса тоқтамайтын

Адуын Әмзеевтің өзі екенбіз.


- 119 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Сыртынан бұл кісіні күнде айтамыз,

Айтпасақ Әмзеевті кімді айтамыз.

Іштегі ақтарайық бар қыжылды,

Біздерге бола бермес бұндай “шанс”.

Жақсыға жала жабу қиын боп тұр,

Жамандау одан асқан түйін боп тұр.

Тыңдасаң бүгін біздің сөзімізді,



Әмзеевтің «құны бір-ақ тиын» боп тұр.
Бір тиын дегеніміз қара бақыр,

Жырымыз бүкіл елге тарап жатыр.



Әмзеев жамандатып алып бізді ,

Қақпанға түсірмесе қара да тұр!

Қақпанға түсірмесе қара да тұр,

Айтам деп ашып алдық араны ақыр.

Ағайын, байқайсың ба, Әмзеевтің

Бұзылып сұлу реңі бара жатыр.


Жаманда деген кезде бөгелер кім,

Тілімнің бар уытын төгем еркін.

Тойдан соң олай-былай болып кетсек,

Халайық, Әмзеевтен көре бергін!




- 120 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Біреуге

Бастық боп жүргенсің бұрын қайтіп,

Бармапты заң иісі мұрынға түк,

Жақпаған бір үйден екі адамды

Жұмыстан шығардың шырылдатып.
Жақпаса шығарып жібере салған

Жұбайлар болатын ол екі адам.

Батырып тісіңді байғұстарға

Ойланбай жасадың неге қадам.


Танытып жүрген ең жақсы атыңды,

Бүкіл ел енді оған бас қатырды.

Босаған орынға адамдар ап,

Көрсетіп қойдың тез мақсатыңды.


Қорқытып бола ма бұлай бастық,

Тойдырып тоңмойынды сынайды аштық.

Қойыпты су бүркіп қолтығыңа

Жең ұшын жалғаған сыбайластық.


Басулық айта-айта шаршаған

Қой деді тоқтатып қанша адам,

Еріксең екі асап жеп қоятын

Дойбының тасы емес заң саған.



- 133 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Ешкімді де санамаймын кінәлі,

Сарқылмаса болды өмір бұлағы.

Мен – кемтармын, өзімді - өзім жұбатам,

Бұл – Алланың маған берген сынағы.
Өмір сүрме, сүре алмасаң мандытып,

Жұбанамын алдан арай таң күтіп.

Әкем тастап кеткен мені туғанда,

Анам қалды құшақтап мені қан жұтып.


Қайтер едім мен анамнан тумасам,

Жөн болар ма өзімді-өзім қинасам.

Қарашы, анау бала жүгіріп барады,

Шіркін мен де зуласам ғой, зуласам!


Жүрегімде сыздаған мұң – жарам бар,

Ей, жарандар, зейін салып қараңдар,

Бұл жалғанның білу үшін қадірін,

Кемтарларға қол созыңдар, Адамдар!





- 132 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


ІІ

«Жақсыны ақтау, мақтау»
Ісімен төккен ақ тер, көк тер бүгін,

Біледі ел Әмзеевтің актерлігін.

Жақсы ісін тізіп жатпай,бірақ, оның

Айтамын дәл бүгінгі нақты ерлігін.


Бәріңнің көкейдегі ойың, бәлкім,

Мақтауды естіп жүр ғой тойында әркім.

Даттатып өз көзінше, Әлекеңдей

Бетіне басқан мінді мойындар кім.

Қайсың бар шыдайтұғын осындайға,

Қайсың бар байлай алар басын дауға?!!

Қасқайып қабырғасы қайыспайтын

Қайсың бар, айналса егер досың жауға?!!


Мұны тек күту керек Әлібектен,

Жүзі-жаз, көңілі-күн, жаны- көктем!

Тасқын сөзге төтеп берер Әмзеевтей

Қайсың бар қайсарлықты қару еткен!


Ерітіп жандағы мұз-қырауларды,

Назарын бізге елдің бір аударды.

Асқақтап Абылайдай Әмзеев тұр-

Сөйлетіп біздей Бұхар жырауларды !




- 121 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Әлеке, құттықтаймын, алпысыңмен!

Танылып үлгеріп ең мәрт ісіңмен!

Көпшілік қошеметпен қолын соқса,

Жырымды жетті дей бер алғысыммен!



Асқар Алшынбекұлына

Пана тұтып жүргенімді сыртыңнан

Басқаларға білдіртпеймін десем де,

Құрғақ сөзге құлақ түріп ұмтылған

Қалай қақпақ бола аласың осы елге.
Ел де біздің қызық халық, бір түрлі,

Соза алмайды қолын – кетсең сүрініп,

Төзе алмайды – көрсе таза күлкіңді,

Көзі алдайды – үңілмесең ұғынып.



- 122 –


Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Алтын балық қауып жүрген қармағы,

Сау адамның бар ма басқа арманы.

Аяқ-қолың болса егер аман-сау,

Сол емес пе тіршіліктің бар мәні.
Тағдырына мойынсұнған, бағынған

Анам байғұс кете алмайды жанымнан.

Жасыл бақтан жұпар ауа жұтады

Жансыз тәнім қоларбаға таңылған.


Жақындаса танымайтын бөтен кеп,

Дәметемін қол ұсынар ма екен деп.

Ұмытамын бір сәт дертті іштегі,

Қиялдаймын қайтсем жүріп кетем деп.


Анау адам күліп маған қарады,

Өңменімнен өтіп барад жанары.

Ол қараған сайын маған мүсіркей,

Қан жылайды жас жүрегім жаралы...


Таң қалысып қарайтын көз көп тегі,

Мүгедекпін, мен – кемтармын өйткені.

Барлығы да бір Алланың қолында,

Көрмесе екен, бірақ, қоғам шет мені.



- 131 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Екеуіңнің ойсырап тұр орының,



Заринаң мен жоқтап Жомарт момының.

Алдарыңнан жарылқасын бір Алла,

Ашық болсын есігі жұмақ төрінің!
Бір сәт екен жалған дүние қас-қағым...

Сезесің бе жұртыңның бас қосқанын?!.

Немереңнің қылығына тәубе қып,

Дұға оқып, қол жаяды достарың!..





Бұл жалғанның біліңдерші қадірін
( Мүгедек баланың монологы )
«Жүріп кетіп барады әне, біреулер,

Күліп кетіп барады әне, біреулер.

Тіршіліктің үлбіреген пердесін

Түріп кетіп барады әне, біреулер»


Бұл сөздерді жатқа айтамын күнде мен,

Бар мүшесі сау адамды күндемен.

Сау адамның бар ма екен арманы,

Оранудан басқа үлде-бүлдемен.



- 130 –

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Жабырқасаң – аяп жылы сөздерін,

Жатырқасаң – таяп келіп тосырқар.

Жалған пейіл жан-жағымнан сезгенім –

Сағынбайды баяғыдай дос іңкәр.
Сағалайтын сана келіп сандырақ,

Жағалайтын заман қазір жақынын.

Бола ма айқын адаспайтын жол, бірақ,

Бара алмайтын – жетпесе егер ақылың.


Ешкім басын қатырмайды дәл бұған,

Бас пана боп “қалың шатыр” тұрғанда.

Тек мен ғана төбемді ашық қалдырам,

Таудан биік ақ Аспаным, былғанба!


Тірек көрем адамды арайлы ақ таңдай,

Арқа сүйер аз болған соң туғаным.

Бір туса да бір-біріне жат қандай

Көздегендер жеке бастың қу қамын.


Бұршақ ұрса – шатырдан да су өтер,

Босап қалса – азу тіс те қауқарсыз.

Шенеуніктің шекпенін құр сүйретер

Шенділерді шалғайдан-ақ байқарсыз.




- 123 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Мәз боп Сізге жүрмін, кіріп түр-реңім,

Ұстаған соң үлкен есік тұтқасын.

Шын жүректен, әйтеуір, бар тілерім –

Ағама – дақ, жағама – кір жұқпасын!
Тағдырымды жатпасам да тапсырып,

Бауырға тән ағылды ой бұрқағы.

Жаныңа ылғи жолдас болсын жақсы үміт,

Рухы биік Рысбек бабам ұрпағы!





Тіс дәрігері
(Жаңыл Әлменоваға)
Құрты бар тісім жауым-ды,

Көрсетті көзге жанымды.

Дедектей іздеп жүгірдім

Тіс дәрігері Жаңылды.



- 124 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Жатқанда жақсы іс бүр жарып,

Жасап ең талай мырзалық,

Жіберерсіз деп сенемін,



Мені де бүгін ырза қып!..


Екеуіңнің ойсырап тұр орының
Бұл көктемде сенсіз өрік гүлдеді,

Бір жыл өтті сенсіз өмір сүргелі.

Пышақ көрген мықты екен жүрегі

Қобыландының жүргенмен құр сүлдері.
Сол жарыңның қас-қабағын бағып ең,

Жан-жағыңа мінезіңмен жағып ең.

Мәңгі өлместей өмір сүрген жарқылдап

Сен біз үшін сары алтындай Сағым ең.


Сары алтындай қымбат едің, бағалы ең,

Кеттің бірге Шалқар жақұт-баламен.

Еске алғанда көзімізге жас алып,

Сендерді іздеп мұңаяды бар әлем.


- 129 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Айырар оң мен сол ма екен,

Болмапты басқа ой бөтен.

Сол мәселенің бір ұшы



Әбеке, сіздің қолда екен.

Алшаңдап басар жол таңдап,

Баяғы кез жоқ... Аң-таң қап,..

Сіз жақтан келер көмекті

Күтіп жүр Аман жаутаңдап...
Жұмыстан тапқан бар емін,

Түсінер кім бар әлемін,

Жабырқау жанды досымның

Жеткіздім жырмен сәлемін.


Қиялы көкте жүзгесін,

Үмітін бірден үзбесін,

Мүсәпір жанға қол созу

Әбеке, Сіз бен бізге – сын!
Төрінде қалар тарихтың,

Қалаулысы едің халықтың,

Азамат тұлға атанған

Бейнеңді тағы танытқын!


- 128 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Түскенмен заман қалыпқа

Асығыс, уақыт қауыртта,

Тірлікке жүрген сүрініп

Пендеңді, Аллам, ауыртпа!
Денсаулыққа не жетсін,

Ширақсың, шатсың, өжетсің.

Гүлісің көпшіл ортаның,

Ауырсаң – кімге қажетсің.


Сыр берсе егер тістерің,

Ішіңе жұқпай ішкенің,

Кеуліңді ешкім сұрамай,

Мүсәпір халге түскенің.


Сонда ғой көріп көрімді,

Талақ қылардай өмірді,

Безектеп жатып бүк түсіп,

Қоярсың қазып көріңді...


Бөлменің алып бұрышын

Тұрған тұрысым құрысын.



Дәрігер қарап ауызды,

Даярлай берді жұмысын.



- 125 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Дәрі иісі алып күшімді,

Үрейімді тез ұшырды,

Шалқая берген кресло

Басып тастады мысымды.
“Жаңалық не бар?”-деп еппен,

Сұраған болды деректен,



Дәрігер аулап көңілді.-

Құп-қу боп кетсем керек мен.


“Жаңалық жоқ-ау айтардай...”

Әкетті жүйрік ой қандай.



Стамотологтың саусағы

Лып ете қалды байқалмай.

Тұқымы ем аңғал халықтың,

Алысқа кетіп қалыппын...

Қас-қағым сәтте тісімнен

Құтылғанымды жаңа ұқтым.


Шыбын – жан неткен тәп-тәтті,

Шынымен ұшып кетпепті.

Орнына түсіп көңілім,

Өмірді сүргім кеп кетті!



- 126 –

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Жұмаділев Әбдірахым мырзаға

Жынысым нәзік болса да,

Орным бар еді ортада,

Түсіністікпен қарарсыз

Өзіңе салған қолқама.
...Тұншығып кеуде толы арман

Кесілген шақта жол алдан,

Қауіпті дертпен күресіп,

Қоғамға қайта оралған,


«Өмір!» деп соққан жүрегі

Аманды бәрі біледі,

Қызмет беріп Әкім де

Ісіне ақ жол тіледі.
Құлшынған көңіл Айға ұшты,

Алып та жатыр алғысты.

Енді бір нәрсе бітпей қап,

Қысып тұр Аман байғұсты.


Кеп қалған қысты пайымдап,

Қоймақшы болған дайындап,

«Авангард» кинотеатрының

Жылуын жүр ол уайымдап.



- 127 –

Автор осы кітаптың жарыққа шығуына

көмек қолын созғандарға ризашылығын

білдіреді.

Өмірдерек
Битенова Үміт Қыранқызы 4.02.1964 жылы Жамбыл

облысының Мерке ауданында туылған.

1985 жылы Шымкент педагогикалық институтының

қазақ филологиясы мен ағылшын тілі факультеттерін бітірген.

ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Авторлары

қоғамының мүшесі, ҚР Білім беру ісінің үздігі, мұғалімдердің

Республикалық І олимпиадасының (2000 ж.) жеңімпазы.

Республикалық «Үкілі үміт» (1993 ж.) сазгерлер байқауының

дипломанты, Шымкентте өткен «Лениншіл жас» газетінің

Бүкілодақтық (1989 ж.) фестивалінің лауреаты, Таразда (1996 ж.)

өткен Халықаралық Ш.Қалдаяқов атындағы ән байқауының

лауреаты, Жамбыл облыстық ақындар айтысының Ұлбике ақын

атындағы (1989 ж.) бас жүлдегері, облыстық «Жауынгер әндері»

фестивалінің (1991 ж.) жеңімпазы, облыстық мүшайра – жыр

сайыстарының жеңімпазы. «2006 жыл – Абайдың Ресейдегі және

Пушкиннің Қазақстандағы жылы» құрметіне Алматы қаласы

Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының Дипломымен

марапатталған. Қазақстандық қаржылық институттар арасында

(2007 ж.) тұңғыш рет «Тұран Әлем Банкі» АҚ ұйымдастырған

республикалық жазба ақындар мүшайрасының арнайы жүлдегері.

Өлеңдері «Қазақстан жас ақындарының антологиясы» (2000 ж.)

және «Жамбыл облысы ақын-жазушыларының шығармалары» (1999 ж.)

жинақтарына енгізілген. Тараздағы «Сенім» баспасынан 2006 жылы

шыққан «Ауады да тұрады аңсарым» атты кітаптың авторы.
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Жыр болып жатқан қайта құру елде бел алып,

Егін де екті мектептер бір-бір жер алып,

Тастамаушы еді талабын Ділдә әкпейдің

Үлгілі совхоз басшысы Мақсұт Жалалов.
Табуға жолын жүретін дәйім тырысып,

Кішісін тыңдап, үлкенімен де ұғысып,



Ділдәкүл сөзін негізге ылғи алатын,

Селолық партком Үсейін ағай Жүнісов.


Тәрбие ісі тек дұрыс бағыт алса деп,

Жүгенсіздерді жүгендеп еді қанша рет,



Ділдәкүл қыздың қайтармайтын меселін,

Сайлыбаев Сәти ағай сельсовет.
Көрсем де нені ұжыммен бірге көрсем деп,

Аязда суық қарлы су кешті бүрсеңдеп,

Еске алады әлі қаршадай қыздың ерлігін,

Ардагер қазір Жамансариев Сәрсенбек.


Қыс пенен жазда түн қатып жүріп, таң асқан,

Нәзіктің бірі ер жүгін тартқан Таластан,

Қазақтың қайсар қара қызымен ауданның

Мен деген тіпті басшылары да санасқан




- 143 –

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Қаһарлы еді – мінезі қатал даладай,

Мейірлі еді – бар елге қамқор анадай,

Қатысушы еді мен дайындайтын концертке –

Қарапайым ед сонысына қарамай.
Үлгісі еді үлкен-кіші, ұл-қыздың,

Қырымыз көп сан-салалы бір біздің,

Өнерпаздар байқауында аудандық,

Тіккізіп көйлек, талай хорға тұрғыздым.


Жарыссақ та – бізбен бірге терлейтін,

Қамықсақ та – қамшылап ұятпен жерлейтін,

Ол басқарған Үшарал орта мектебі-

Бірінші орынды басқаларға бермейтін.


Аялдап дәурен басыңда тұрмас тұрақты,

Жылдармен қанша керуен көшті, су ақты.

…Жаныма ыстық ұясын салған сол ұстаз,

Мектептің мәңгі эталоны сияқты!




- 144 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Үшбу хат...............................................................................117-бет

Білікті маман (Ж.Қаленовке)..............................................118-бет

Айтыскерлік арнау. (Ә.Әмзеевке)......................................119-бет

Асқар Алшынбекұлына.......................................................122-бет

Тіс дәрігері (Ж.Әлменоваға)…...........................................124-бет

Жұмаділев Әбдірахым мырзаға..........................................127-бет

Екеуіңнің ойсырап тұр орының.........................................129-бет

Бұл жалғанның біліңдерші қадірін.....................................130-бет

Біреуге..................................................................................133-бет

«Талас тынысына»...............................................................135-бет

Бұйрық.................................................................................137-бет

Эталон (Д.Қабылбековаға).................................................140-бет

Достық күнтізбесі...............................................................145-бет

Аңсар....................................................................................149-бет

Кімге барам.........................................................................152-бет

«64 – тер».............................................................................153-бет

Өлеңмен күмбез орнаттым (элегиялық поэма)................155-бет



Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Дұшпаныма достық тілек.................................................................58-бет

«Өз ойымдағыдай өтпесе бұл күн...»...............................................60-бет

«Қор болды жаным ақымақтарға.....................................................61-бет

«Мінеки, аға, менің мөп-мөлдір...»..................................................62-бет

« Бұл төнді бүгін қарабастырып...»..................................................63-бет

«Амандық-саулық сұрасқандарға...»...............................................64-бет

«Тағы да жауды қар қалың кеше...».................................................66-бет

«Тағы да мұңға оранды жырым...»...................................................68-бет

«Атуда солай арай таңдарым...».......................................................69-бет

Күз......................................................................................................71-бет

Махаббатпен мәнді ғұмыр мәңгілік................................................72-бет

Бұл кезде............................................................................................76-бет

Бүгін...................................................................................................77-бет

Сап,сап...............................................................................................78-бет

Мен мезгілдің тұсаулы тұтқынымын..............................................80-бет

«Жас емеспіз қазір біз...»..................................................................82-бет

Қ.Бегмановқа.....................................................................................84-бет

Сен мені сағынбайсың ба?...............................................................85-бет

Ақ қанат көбелек аппақ қар.............................................................86-бет



ІІІ-бөлім. «БІЗДІҢ ЖАҚТЫҢ АДАМДАРЫ»...................88-бет

Біздің жақтың күні көркем............................................................89-бет

Шенеунік..........................................................................................91-бет

Елеукеннің түйелері........................................................................93-бет

«Дончак айтқан»..............................................................................94-бет

«Ашу-дұшпан, ақыл-дос»...............................................................97-бет

«Орысша мен қазақша»..................................................................101-бет

Көк байраққа көп сауда.................................................................104-бет

Гипертония (А.Оразымбетовке)....................................................107-бет

«Император» мейрамханасында....................................................110-бет

Қолтаңба орнына. (С.Пшаеваға)....................................................112-бет

Бір өзі ән мен жырдың қайнарындай (К.Арынұлына)................113-бет Иілу (Ж.Жарқынбековаға).............................................................116-бет


Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Достық күнтізбесі
Қандай жақсы көп болғаны достардың,

Досы аздың кем пиғылын жақтар кім.

Қаз-қалпында сақтап санаң,

Айналар


Шежіреге

Достармен бас қосқан күн.


Бір-бірінің толтырып сән, сәулетін,

Бауыр санар туған-туыс, әулетін.

Сағынышпен парақтаймын кейде мен

Достар жазған күнтізбенің әр бетін.


Келеміз біз салтты жалғап сол ізбен,

Сол дәстүрден жоқпыз әлі қол үзген.

Әсіресе,

Шуға барған қыдырып,

Күндерді айтсай,

РАФ-икпен.., не пойызбен...
Көргің келсе мейман болып бар, көргін.

Қонақжайлық “сіз бен бізі”- көркі елдің.

Думандатып барып қайтар жыл сайын

Бізге ортақ қайынжұрты Шәмкеннің.



-145 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Ол Бақыттың ата-анасы, тақ тұрар,

Ондай жандар кездессе де аз, сірә.

Дастарқаны кең, қолдары тым ашық,

Шапан жауып, ат мінгізер астыңа!
Әке көріп Болатқали ағаны,

Апалаймыз Жұлдызайдай ананы,

Бізді де өз баласындай көреді,

Көтереді төбесінен жоғары.


Тәтті ниет тілден шыққан бұлқына,

Қабыл болып қалуы да мүмкін, ә.

Алла берсе, үйленуі керек-ті

Көп күттірген кенже Дәулет-Дуклә.


Қалған соң ба жиі барып дәнігіп,

Шудан қолын бұлғап аппақ тағы үміт,

Той болады деген хабар жеткенде,

Қуандық-ай жүрегіміз жарылып.


Бір жүрмесек келмес көңіл-хошымыз,

Төрт көзіміз түгелміз бе осы, біз.

Дайындалып жатқан жолға

Кенеттен


Қалды ауырып Қобыланды досымыз.
- 146 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ
МАЗМҰНЫ
К.Ахметова. «Көгенді алмай, алыппыз».........................3-бет

І-бөлім. «ЕЛДІҢ ЖҮГІН АРҚАЛАЙМЫН »..............4-бет

Туған жер жырым да-сен,сырым да-сен...................................5-бет

Ұйқыашар сөз..............................................................................6-бет

Жақын да алыс.............................................................................9-бет

Массаж........................................................................................11-бет

Қаратауға көшерде.....................................................................12-бет

Тәуелсіздік үні............................................................................15-бет

Үшаралым менің.........................................................................18-бет

Ұлбике ескерткіші алдында.......................................................20-бет

Қаратау-құт қазығым.................................................................21-бет

Майдангерге мінәжәт................................................................23-бет

Құса..............................................................................................25-бет

Ұлға тілек....................................................................................26-бет

Қайрау..........................................................................................28-бет

Қазақ тілі.....................................................................................30-бет

Кел, наурызым!...........................................................................32-бет

Жаңа жыл. Дала жыр. Ана жыр.................................................34-бет

Немере назы................................................................................36-бет

Тойбастар.....................................................................................37-бет

Боталарым....................................................................................38-бет

Қыз ұзату......................................................................................39-бет

Кел, Сәби жыл.............................................................................40-бет

Сары қыз......................................................................................42-бет

Толғақ...........................................................................................43-бет

Аттандыру.............................................................................46-бет

ІІ-бөлім. «ТЕРБЕТІП ЖЫРМЕН СЕНІ».....................49-бет

Әйелдік ақын жүрек...................................................................50-бет

Он жеті жас..................................................................................51-бет

Музаны жоқтау немесе Мұқағали рухына мұң шағу..............53-бет

Тоғышарлардан С.Томановша түңілу.......................................57-бет.
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Шыраймен шуақтай таралдың,

Аймарал десе – Ай, Маралым !

Арманын әлдилеп Анамның,

Бірге айт бақытты жар әнін.
Көз көрген қарттар кеп дұға қып,

Күрсініп еске алар Енеңді...

Оянам таңертең қуанып,

Түнімен жыламайм... Мен енді.



Әумин !


- 166 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Шығамыз деп Шуға жүр ек қиялдай,

Бір тарының қауызына сиярдай

Жүдеп қалған жарын күтіп

Қасында

Қала берді Сағым бізді қия алмай.



Қуантса да көзге жасын шылатып,

Дегеніне көндіреді уақыт.

Тұнжыраған екеуіне Әбекең

Тілек айтты бәрімізді жұбатып:


- Көңіліміз неліктен тым босады,

Біздерді алда көп қуаныш тосады,

Тек болайық тірі!

Әттең, жоқ бірақ,

Ортамызда Ғалияның Досаны...
Қалғанымыз болайықшы енді аман,..

Ауру деген әлек екен ең жаман.

Тойда да бір, ойда да бір жүретін

Жұптарымыз жазылмасын,-деді Аман.


Жанға түскен бұл сөз жуып жараны,

Жадыратты.Кірбің көңіл тарады.



Күләтай да риза боп жар сөзіне,

Тоханына Сәуле елжірей қарады.
- 147 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Асыл жардың қадірін білер кім қанша,

Жұп жақсы ғой жалғыз сауық құрғанша.

Тобымызға соңғы келіп қосылған

Құп жарасқан Мұрат пенен Нұрғайша.
Әр жанардан сыр оқитын қашан да,

Менің миым жырға мәрмар қашауда.

Ал Ерболым бар шабытын шақырып

Келе жатыр асабалық жасауға.
Жолы үлкен, ешкімнің жоқ таласы,

Төлен аға Розаның бар панасы.

“Жұбайлардың жырын” шертіп гитармен

Әнге салды Мәдинаның Анасы.
Қиял-құсым шарлап кеткен мың түрлі

Ой әлемін серпіп,

Бір сәт,.. іркілді.

Марқұм жарын еске алды ма, кім білсін,



Ғалияның көзінде үлкен мұң тұрды...
...Біз келеміз Дукләнің тойына,

Билейік бір табанымыз ойыла!



Досан сені қызық көр деп қалдырған,

Күл,


Ғалия,

Жымый, кәне,

Мойыма!

- 148 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ
- - 8 - -
Расы ма, тағдырдың ойыны ма,

Боркемік менен бір күйді іздеп,

Қасірет қамытын мойыныма

Тізесін батырып кигізбек.


Жегіліп қалар ма ем, шынында,

Бойға күш қонғандай серпілдім:

Сарғайған санамның шыңында

Анашым, жол сілтеп Сен тұрдың !


Мүсәпір кейпімен пенденің

Көндігіп бәріне бас ұрған,

Көрмейсің жасымды енді, Елім,

Кірбіңді қабаққа жасырғам.


Жастыққа жұтылмай көз жасым,

Жырымнан жауын боп шашылған,

Желегің қуарып солмасын,

Шөліңді бас оқып, Асыл жан !


Қой деймін, кеуілім, босама !

Жаныма мен дәру таба алдым.

Келінді болды да босаға,

Ақ сүті ақталды Анамның.



- 165 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Қос бірдей інімнің жарлары -

Тату бол, абысын-ажындар,

Әкпеңнің көп емес талабы:

Күйеудің көңілін табыңдар !
Күйеудің көтеріп мерейін,

Ақылмен асыл жар болыңдар.

Осыдан артық мен не дейін,

Көмкеріп гүл жатсын жолыңда әр !


Шай ішіп, сырласып келінмен

Сыйласқан жақсы ғой еркін кеп,

Сүйіктім – Ерболдай еріммен

Тұрайын енді мен төркіндеп.


Көп болсын арайлы алда күн,

Аман бол, ел – жұртым, айналам !

Бақытты бол, інім – Арманым,

Бақты бол, келінім – Аймарал !


Сағынар көп болып достарың,

Сеніммен үлгі бол еліме.

Үбірлі – шүбірлі боп бәрің,

Шығыңдар болашақ төріне !



- 164 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Аңсар
Ауады да тұрады аңсарым ауылға менің,

Ауылда -

Ауылдастарым,

Бауыр,

Бар елім.

Ауады да тұрады аңсарым,

Жете алмай,

Талай,

Ауылға деген сағыныштан ауырған едім.
Ауады да тұрады сенің де аңсарың елге.

Аңсаумен қанша ай өткен,

Қанша күн өлген.

Ақкөлден ассаң,

Тиіп тұр-



Ауылға,

Бірақ,


Жете алмай қанша шаршадың.

Шаршадым мен де...


Не болды сонда,

Жаным-ау!

Не болды бізге.

Соңғы рет жазда барып па ек,

Жоқ, әлде, күз бе?!.
- 149 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Қыр асып кетіп, төбеден қызықтап қарар,

Тас жолым қайда,

Жайтабан жоғалды із де...


Өткізіп күннің ән мен жыр тыңдаумен көбін,

Көміппіз жастық-бұлақтың жылдармен көзін.



Ербол-ау,

Кімнен сұраймыз?-



Ауылда қап ед...

Жидемен бірге бүр ашқан гүлдәурен сезім.


Жан сырын жазып жат көзден тізген ұрлана,

Айлы түн қайда?-

Жұлдыздар жүзген нұрлана.

Мектепке қарай бара жатқан екі аяқ жолмен,

Бізге ұқсайды екен,

Әне бір қыз бен ұл бала...


“Оралың бар да ойна, күл”,

Жүргесін тойда.

Ереке, еске алайық, бірге осындайда”.

Ауылға бармай бәрібір басылмас мауқым,

Құлын мен тайдай тебіскен құрдасым қайда?



- 150 –


Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

- - 7 - -
Өлеңмен өрілген сөзімді,

Анашым, өзіңе арнадым.

Қуат қып сабыр мен төзімді

Тағдырдың көтердім салмағын.


Үмітсіз шайтан ой бүр жарып,

Уайымдап шығушы ем түнімен,

Жарқ етіп жанды да бір жарық

Ұлыстың ұштасты күнімен.


Бір басы екеу боп інімнің

Теңелді оңым да, солым да.

Келінім жарасып бүгін күн

Әне отыр - Өзіңнің орныңда.


Көбейтер адамның бір басын

Ұзақтан сүйіндір алда күн !

Аттадым қырықтың қырқасын,

Бір басы екеу боп Арманым !


Аттадым қырықты адымдап

Ананың қабыл қып тілегін,

Мұраттай інім тұр жанымда

Қолтықтап сүйгені - Жібегін.



- 163 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


- - 6 - -
Әкпешім қайтты ауылына жасып,

Айналам – тастай қараңғы...

Жұбатты Енем бауырына басып,

Жоқтатпаймын деп Анаңды.

Аңырап қалған қос жетімегің

Бейнеңді қалай ұмытар.

Қаңырап қалды-ау,

Өшсе тілегің,

Бұл үйді қалай жылытам.
Кептеліп өксік тамағыма кеп,

Запыран тұрды бір ащы.

Ажалдың салған қармағын әкеп

Қарғасам ба екен врачты.


“Дәрігер – надан, УЗИ- де – соқыр,

Диагнозды дұрыс қоймаған.

Пышағын қайрап жалаңдап отыр,

Ақ желеңділер – оңбаған”.


Кек толып көзге күш алам жаспен

Осылай, Анам, мен кейде.

...Дәл бұлай, бәлкім, құсаланбас па ем

Өз ажалыңнан өлгенде...


- 162 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Қырыққа келмей жатып-ақ қартайып кеттік...

Ортамыз сиреп оған да ортайып жеттік...

Көңілін сұрап Сембектің,



Гүлсімнің шайын

Ішейік,


Ербол,

Ауылға тартайық!..

Кеттік!



- 151 –

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Кімге барам.

Уайымменен қашан да бірге ме адам,

Деген күмән келеді күнде маған.

Барғым келіп тұрғанмен туған жерге

Ешкімім жоқ күтетін, кімге барам.
Әлдеқашан айналған үйіндіге

Тек түсімде көремін үйімді де.

Еске түсіп бақилық болған анам,

Өксік тірер тамақты түйілдіре.


Мазалаған миымды мұңдар легі

Құшақ жайып щақырар кім бар мені.

Арпалысып арақпен жүрген жездем

Ауыл жайлы жырымды тыңдар ма еді.


Күн өтсе де арадан қыл өтпеген,

Жолдап жүрем жұртыма тілек кемел.

Кездесуге менімен асықпайды

Күнделікті күйбеңмен күнелткен ел.


Атыңды елеп жатпаса ақын деген,

Пұлданбауды мен әсте мақұл көрем,

Жалтақтаған бас шұлғып жоғарыға

Жұмысбасты жұбатпас әкімді өлең.



-152 –
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Қала берген қараша үйде бір өзі

Анамыздың тілініпті – ау жүрегі...

Бізді қойшы, қызды қойшы,

Жігіт боп

Анасына қарамаған кім өзі.


Қысқа жіпті бір өзі өткен күрмелеп,

Жас жесірдің мұңын қайсысы жүрді елеп,

Сол Шешенің арқасында, Құдай-ау,

Жетімдіктің тақсіретін білмеп ек...

Жалын жұтып, өртенсең де отты асап,

Енді өткен оралмайды, тоқта, сап...

Тірісінде білмеген соң қадірін,

“Жау кеткен соң қылышыңды тасқа шап !”


Қос құлының – Мұратың мен Арманың

Кеш түсінді, қарсы келер бар ма әлім.

Кешір, Анам, қолдан келер қайран жоқ,

Балаларың тістеп отыр бармағын.


Қыздарыңның тілі шықты сүйреңдей:

-Баяғыдан неге жүрсің үйленбей?!. ”

...

...Түсім екен...



Көзім ісіп ояндым,

Көкірегіме көп нәрсені түйгендей...



- 161 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Берген ғой, шүкір, жарыма Құдайым ес,

Көңілім тоқ, үй-жай анау.

...Бәрібір өзің бардағыдай емес,

Анам – оу,

Ісім шалалау...


- - 5 - -
“Сездірместен сыңарының жоқтығын

Ұясының биік салып шоқтығын,

Өне бойы өнегелі күй кешкен,

Ортамызда жан Анамыз жоқ бүгін.


Біз ғана емес, тұрғандай ма үй налып,

Сағат тілі сырғанайды қиналып.

Әншейінде аз едік қой, бауырлар,

Бүгін неге үйге осы сыймадық.


-Тамақ ішсін, қайда әлгі,- деп ,- жүгермек?!

Бағзы күндей бәріңді іздеп жүрер ме еді,

Отыратын Анамыз жоқ ортада

Дүниенің төрт бұрышын түгелдеп.


Қасаң тартқан қатал күнге қарыштап,

Балалықтан кетіппіз көп алыстап.

Қала берген қараша үйде Жан Ана

Бәрімізді бір Аллаға табыстап.


- 160 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Торығасың алдыңнан тоспағанға,

Қарсы алатын қалған жоқ достар онда.

Дос-жаранның барлығы қалалық боп,

Бас қосатын болған тек ресторанда.
Бейімделу заманға қиын ба екен,

Бір қарасаң осы да тиімді екен.

Сабылысқан сол көптің дүрмегінде

Сағыныштан жалғыздық күйін кешем...

Алпыс төрттер”
Бірге өскен барлығы бір туғалы,

Бөлінбеген бірге арман қуғалы,

Жұп жазбаған отбастарын құрғалы,

Естіп пе еңіз 64 - тер туралы?


Туған ел деп бірге қаны тулады,

Қамықса ел – бірге көзін сулады.

Бір ауылдан түлеп ұшқан түлектер –

Білесіз бе “64 - тер” туралы?


Топыраққа бір байланған кіндігі,

Ұйымшылдық танытты олар үлгілі,

Қамқорлығын аямайтын ешкімнен

Ел ауызында “64 - тің” бірлігі.


- 153 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

64 - тер ...64 – те туғандар,

Олар жүрген жер сауық, ән, думандар.

Алдындағы ағалардан үйреніп,

Артындағы інінің белін буғандар.
64 - тер” - кластастар бір жылғы,

Жаттап өскен Отан жайлы бір жырды,

Достық деген ұлы ұғымды қастерлеп,

Қызғаншақтық, қаскөйлікке қынжылды.


64 - тер” - бір-бір үйдің егесі,

Іргетасы, тұтқасы һәм шегесі.

Ұрпаққа да жұқсын осы дәстүрің,

Тілім тасқа! Көз тимесін тек осы!..





- 154 –

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Аяқтан шалып осы – мін,

Қанша рет, Анам, жасыдым.

Жетіліп қап еді енді-енді

Соңымнан ерген қос інім.
Қамкөңіл ойда көп қылау,

Анашым, асыл тектім – ау,

Сол үміт еткен қос ұлдың

Қызығын көрмей кеттің-ау...


- - 4 - -
Қарсы алдым Сенсіз төртінші ақпанды...

Туған күн қалды еленбей.

Тұсаулап тағдыр еркін шақтарды

Тастады “ес жи” дегендей.


Үйіңнің төрін жұртқа жая

Шырағын жағам қырық күн.

Есейтіп кеттің. Қырыққа жаңа

Толғанымды да ұмыттым...

Қайғырудамын.(Туған күнің не...)

Үңірейіп қалды орының.

Қайғының дәмін туған інім мен

Татуда әкпем де – момының.



- 159 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

ИғдиҺатын махкамлеумен иманның

Мәужітіне бар діліммен иландым;

Қидым сені қара жердің қойнына,

Қарғыс атсын жүзімді жас жуған күн...
- - 3 - -
“Хош, ардақты, аяулы Ана,

Алла жар боп,

Жарылқасын алдыңнан !..

Ұмытылады қалай ғана

Үлгі-өнегең ұрпағыңа қалдырған.
Жүзің қалды жадымызда өшпейтін,

Ізің қалды өркен жайып көктейтін.”


(Құлпытастағы жазу)
Шақса да миды торлап мұң,

Тағдырға қарсы тұрмақ кім...

Басыңа қойып құлпытас,

Өлеңмен күмбез орнаттым.


Рас, ата жолын қуғаным,

Айнала жұртқа бұл мәлім,

“Жіңішке , бірақ, қыз жолы”,

Амал не, ұл боп тумадым.


- 158 -
Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


Өлеңмен күмбез орнаттым
( Элегиялық поэма )
- Халің қалай ?

-Жаман емес.., жақсымын.

-Жарың қалай ?

-Жасырар одан жоқ сырым.

-Балаларың жүрген шығар шапқылап ?

-Жігіт болып қалды, шүкір !

-Жақсы ырым!

( Таныстармен диалог )

Жай-жапсарын жағдайымның сұрама,

Саған ашып айтпаспын мен сірә да.

Ойнамайды тоқ баламен аш бала,

Біреу мұңын біреу терең ұға ма...


Өмір мені жоқ еді аз сынаған,

Кездерімде сүрініп не құлаған,

Жанға жылы сөздерімен дем беріп

Буынымды бекітуші еді бір Адам.


Сынықтардай әшекейлеп құраған

Сұлу өмір сүруге әзер шыдаған

Жырым-жырым көңілімнің жыртығын

Жамап-жасқап беруші еді бір Адам.


- 155 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Төзімге де үйреніп ем бір Одан,

Жоқ пен барға қанағат та қыла алам.

Рухқа айналып кете барды, қайтейін,

Жебеушім де, демеушім де бір – Анам !..
Көз жасымды көл қылсам да жоқ енді Ол,

Көлді сарқып, шөл қылсам да жоқ енді Ол.

Өзін жоқтап жылап жатып жазылған

Енді, Есіл, естімейді өлеңді – Ол...


- - 1 - -
Құтылғың кеп қу дерттің қапасынан

Артыңа қайырылмадың.

...Ұқты ұлдарым нағашы апасынан

Мәңгіге айырылғанын.


Сен бардағы енді жоқ, арман-күнім,

Қосылды уайымға – мұң.

Бес-ақ күндік фәнидің жалғандығын

Бүгін-ақ мойындадым.


Еңкеймеп ем – бүктірді қос тіземді,

Тұтқиыл, тосын өлім.

(Төркініне телмірген хош, Қыз, енді)

Дүние-ай, осы ма едің...




- 156 -

Үміт Битенова. КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ


- - 2 - -
Кем-кетікпен келмеді ме егескің,

Жадымдағы жарық сәулем, неге өштің.

Менен биік, менен де зор көп шығар,

Менен мұңдық бүгін енді жоқ ешкім.


Кедір-бұдыр белін қуып елестің,

Тағдырменен таразыда теңестім,

Жарығым жоқ, жаңылыссам жолымнан,

Кешір, Анам,

Енді

Мен – мен емеспін.


Қасқыр қылық көрсетем деп көгімде

Замана тұр дауысын қосып бөрі – үнге.

Жарық сәулем, неге сөндің тым ерте,

Қараңғыға көзі үйренсін дедің бе.


Жә, жә, жарар...

Жаратқанмен керіспен...

Басу айтып барады жұрт көріскен.

Ғапыл қалдым.

Бақилыққа аттанған

Бақыл болғын, ақ қанатты періштем !..




- 157 –

Үміт Битенова
КӨҢІЛ КҮНДЕЛІГІ

Редактор Зиярат Дәулеттегі

Техникалық редактор Бағлан Ерболұлы

Компьютерде беттеген Жасұлан Қамбатыров

Басуға .....2009.жылы..... берілді. Қалыбы 84х108

Офсет қағазы. Офсеттік басылым.

Қаріп түрі КZ Baltika . ..8... шартты б/т.

..8,5.... баспа табақ. Таралымы ..1000.. дана.

Тапсырыс № ..2883....

«Сенім» ЖБО ЖСШ-де басылды.

Тараз қаласы, Төлеби көшесі 22 - үй. Тел. 43-32-84.

«Тасжарған» Болат Бекжановқа
Адымдап алға ақылмен тартып ел көшін,

Азамат едің төл емген туған жер төсін.

Бізге ортақ еді Таластың асыл арнасы,

Ортақ қып енді келеміз өлең өлкесін.


Таласты дейді ақындар елі, жыр елі,

Батырлар елі барыстай түкті жүрегі.

Момақан мінез мал – жанды мекен бәрібір

Сен жаққа, Бөке, елеңдеп құлақ түреді.


Ауылдың аты ауыл – ақ жатқан шалғайда,

Тіршілік түрін шамасы келмес таңдауға.

Мұндағы бізді мазалай қалса жұрт мұңы,

Шаһарда жүріп шомасың тынбай сен де ойға...


Жасасаң да аз қызметтің елге қаншасын –

Қосам деп жырға ағарар сиреп әр шашың.

Аңсарың ауар шабытың шықпай шыңына

Наркескен сөздің ауылда тұнған Наршасын.


Наркескен сөзге Нағыз Ер Нарша ие шын,-

Інілік ізет ілтипатпен бас иесің.

Қалаңнан суып кеткің келсе де, қаламнан

қараңды үзіп ұзап кете алмай жүресің.

Елдегі ерке ағаң сол Нарша атақты

Еңбегіңді елеп “Тасжарған Болат” атантты.

Күресіндермен күресіп ылғи келесің,

Серік қып арды, айырып ақ пен наһақты.


Күндерің қанша қиналған түпсіз қайраңнан,

Түндерің қанша ұйқысыз батып ойланған.

Бәрін де соның басыңнан кештің, өйткені

Тағдырың сенің Таласқа мынау байланған.


Тастаған артқа жылдарды нәзік, талдырмаш

Менің де, Бөке, өзіңмен жаным тағдырлас.

Қуанбаймын қалай елуді жатсаң еңсеріп,

Қаламдас досым, ой құрдас досым, жан – құрдас.


Мамыражай күнмен маусымда келген мәз ұлын,

Қарсы алған елі байытты рухи азығын.


Аман бол, Бөке, әманда Қаратауымның

Арғымағысың айналып табар қазығын!



Мұғаліммін

Ең жалынды жылдарыңыз мектептің



тар шеңберінде қалды. Мұғалім

болғаныңызға өкінбейсіз бе? ”

( Жас ақынның сауалы)

Мен ұстазбын. Мамандығым-мұғалім.

Шәкірт жанын жанарынан ұғамын.

Кеудесіне білім нәрін құямын,

Сәулесі мен күннің құям шуағын.
Барлық ісім – бала үшін, наныңыз,

Оқушылар - барымыз да нарымыз.

Кәсібіміз-тауып жеген нанымыз,

Нәсібіміз-аппақ адал арымыз!


Өмірдегі екі кезең екі ірі -

Болашақ пен бала шақтың көпірі

Арадағы біз арқылы бекіді,

Біз - мектептің қоғам сенген өкілі!


“Жүрегі де бұл ұяның - біз” дейміз,

“Білім – теңіз, айдынында жүз” дейміз.

Жаманнан да жақсы қасиет іздейміз,

Жалғаннан да жеріп күдер үзбейміз.


Мұғалімбіз шаршамайтын, талмайтын,

Мектеп үшін бар уақытын арнайтын,

Қиналса да қиянатқа бармайтын,

Жұрт қатарлы жүріп көштен қалмайтын.


Нарық жаулап алтын заман бедерін,

Арзандатпақ болса да ұстаз беделін,

Өз атыма кір шалдырмай келемін,

Озат ұлан өсіре бер, тек, Елім!


Ұлы сүрлеу - ұстаздық жол - ұлы әлем,

Шамшырақ боп мәңгі жанып тұра бер!

...Өкінбеймін. Қайта туар күн болса,

Осы жолды таңдап қайта туар ем!..



Бақыты да, соры да – бір атағы.
Жырымызбен жүрген соң дараланып,

Ақын дейді бізді жұрт, қара халық.

Халық берді ол атақты, билік емес,

Алып берді билікке балама қып.


Біз ақынбыз - ер ақын, қыз ақынбыз,

Қызу қанмен жоқ жерден қызатынбыз.

Жадау жанның көңілін аулайтын да,

Қадалғанның шырқын да бұзатын - біз.


Өмір сүріп жатқан соң жырымызбен,

Тәуелсізбіз біріміз бірімізден.

Намыс- ардың алауын жағамыз да,

Тоғышарды түйрейміз тілімізбен.


Еріккеннің езуін жия алмайтын,

Біз ақынбыз елге сөз жиі арнайтын.

Кемерінен тасып өз арнасына,

Өзендейміз қайтадан сыя алмайтын.


Шығарсақ деп төл - алтын бесікті өрге,

Біз ақынбыз айтатын кесіп төрге.

Көлдей тілдің тұнығын лайлағанға

Өлмей тыным бермейміз өшіккенде!


Біз ақынбыз - көретін бауыр бәрі,

Сонысына қарамай ауыр халі.

Біз ақынбыз - сөйлейтін елдің сөзін,

Аузы сасық,бірақ та,ауылдағы.
Ұқсағанмен кей-кейде жас балаға

Ақын жүрек қаймығып жасқана ма,

Біз ақынбыз жақтайтын елдің мұңын,

Дауысы, бірақ, жетпейтін астанаға.


Үлгергендер сол жақты жағалаған,

Үлкен жерлер - қайырылып қарамаған,

Біз ақынбыз арқадан қаққанға мәз,

Аңқау мінез ауылды паналаған.


Құланиек ататын құба таңы,

Туған жердің жылуы жұбатады.



Біз ақынбыз байлығы, дәулеті жоқ,

Бақыты да, соры да – бір атағы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет