Ұмытылмаған отан, Ұмытылмайтын отандастар


«Осы кезде Оспан «құн дауын» қайырып қойып, Көктоғай кен ауданының мәселесін көтеріп шығады



бет17/51
Дата05.02.2022
өлшемі13,87 Mb.
#22958
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
«Осы кезде Оспан «құн дауын» қайырып қойып, Көктоғай кен ауданының мәселесін көтеріп шығады.
СССР-дің кеншілері менің рұхсатымсыз жеріме неге келеді? Тегін жатқан байлық қайда бар екен? «Шығып кетсін» – деп адам жіберсем, атты алысқа айдап, созба бұйдалыққа салды. Ендігі шаруа – оларды қарудың күшімен айдап салу, – деп Дәлелхан Сүгірбаевке қысым түсіреді. Дәлелхан:
Бұл, біріншіден, тарихи терең тамыры бар мәселе. Екіншіден, өткендегі Моңғолияның берген көмегі, іс жүзінде Моңғолия арқылы СССР-дің көмегі болатын. «Ашу – аздырады, ақыл – алға жетелейді». Салмақтырақ болғанымыз жөн. Қару жұмсау – мәселені әсте шеше алмайды. Алдымен уәкіл жіберіп, істің жәйін ұғысайық, – дейді» (осы жинақта).
Сөйтіп, Оспан орыс кен барлаушыларын Алтай кенінен қуып шықты. Сондықтан да Оспанның тірі қалуы – кеңес одағының атом бомбасынсыз қалуымен тең еді. Ал оған қол жеткізу үшін Шығыс Түркістан да, Оспан да, тіпті сол тұста азаматтық соғыс жүріп жатқан қытай да оларға бөгет емес еді. «Үш аймақ» пен гоминдаң, одан кейін гунсаңдан үкіметтері Көктоғайдың уранын түгел, тіпті, бүкіл Алтайды қазып әкетсе де, мақұл еді. Міне, мәселе қайда? Сыртқы Монғолияның тұрақты әскерінің аспаннан да, жерден де, танкіменен де Оспанға шабуыл жасаған атақты «Бәйтік қырғынының» басты себебі осы – деп сендіре естелік жазыпты американың барлаушылары мен елшілерінің дерегіне сүйенген зерттеушілер. Расында да, СССР үшін атом бомбасын қолға түсіру – сол жылдары өмір мен өлімнің шекарасы еді.
Міне, мен осы кілтипанға сенемін. Себебі Қытай компартиясының саяси бюросының мүшесі, ОК-тің төрағасы Ли шау ши (Лю шао ци) 1949 жылы маусым айынан тамыз айына дейін құпия түрде Мәскеуде бол,ан кезінде оған Сталин:
«Синьцзянды басып алуда жайбасарлыққа салынуға болмайды. Өйткені жайбасарлық ағылшындардың Синьцзянға сіңе кіруіне жағдай жасауы мүмкін. Олар коммунистерге қарсы азамат соғысын әрі қарай жалғастыра беру мақсатында мұсылмандарды, тіпті, үндістерді де қозғауы мүмкін. Оны былай қойғанда, Синьцзянда Қытайға шұғыл қажетті мұнай мен мақтаның мол қоры бар. Қытайлар Синьцзянда жан санының әрең 5%-тін иелейді екен. Синьцзянды алғаннан кейін, ондағы қытай тұрғындарының санын 30%-ке дейін арттыру ләзім. Қытай тұрғындарын көшіріп келу – осынау кең-байтақ қазыналы өлкеге жан-жақтылы иелік ету және Қытай шекарасын өнімді қорғау үшін керек… Өздеріңіз Ма Буфанның күшін мөлшерлеп көрдіңіздер ме, онда артиллериямен жабдықталған атты әскерлер (кавалерия) баршылық. Егер сіздер қаласаңыздар, біз оның осы атты әскерлерін тез арада талқандап, тоз-тоз ғып жіберетін 40 истребитель (қуа соққылаушы ұшақ) берейік», - деп (С.Рахметұлы. Шығыс Түркістан және Монғолиядағы ұлт-азаттық қозғалысы. А. 2009) ұсыныс жасады.
Ал, Ма буфаңды атқыш ұшақпен жоқ қып жіберу идеясын Оспанға қарсы «Бәйтік оқиғасы» тұсында жүзеге асырды. «Синьцзянды алғаннан кейін, ондағы қытай тұрғындарының санын 30%-ке дейін арттыру ләзім», - дегенді де тегін айтып отырған жоқ.. Шығыс Түркістанның жер астындағы, үстіндегі, аспанындағы байлығын тасқаяқтай қағыстырып отырған Сталин мұның барлығын Шығыс Түркістан республикасы арқылы сынақтан өткізіп алған. Ал Оспан қозғалысына келсек, оны да қапысыз ойластырыпты.
Х.Оралтай: «Оспан батырдың «Үш Аймақ» үкіметіне қарсы шығуы – Мәскеудің мүддесіне қайшы болғаны анық. Сол үшін, Мәскеу басшылары қайткенде де Оспан батырды құртудың шарасын қарастырды. Алдымен оған қарсы «Үш Аймақ», яғни, бұрынғы Шығыс Түркістан әскерлерін аттандырып, қазақты қазаққа қырдырды. Бірақ мақсатына жете алмады. Содан кейін Мәскеу Оспан батырды құрту ісін Моңғолия Халық Республикасына тапсырды. Бұның басты себептері: біріншіден - Оспан батыр ол кезде аялдаған Бәйтік тауы мен Жөргөктінің құмы Монғолиядан қашық емес-ті. Екінші жағынан, Оспан батыр мен МХР бұрын жақын байланыста болған. <...> Соған орай Моңғолия жақтан бұрын Оспан батырлармен аралас болған Тескенбай деген жіберілді. Ол: «Туысшылап келдім» – деген сылтауды алға тартты. Бірақ, Оспан батырдың қауіпсіздік орындары мен батырдың өзі оған сенбеді. Ол байлауда тұрған жерінен қашып құтылып Монғолияға барды. Одан кейін Сағадай және Марқаба дегендер жіберілді. Алғашында олар батырға жақындап үлгергенімен, жауыздық жасау тапсырмаларын орындай алмады. Одан кейін Оспан батырдың нағашылары жағынан ілік-жілігі бар Тұтан Хамитұлы деген де: «Оспанды өлтір» – деген тапсырмамен аттандырылады. Ол келген бойда, оны Оспан батырдың өзі тергеп-тексереді. Нәтижеде, Тұтан Хамитұлы өзінің ерекше тапсырмамен келгендігін мойындайды.
Жеке баскесерлер жіберу арқылы Оспан батырды өлтірте алмаған Монғолия мен оның қожайыны Мәскеу Оспан батырдың Жөргөктінің құмында отырған ауылына қарулы қосын аттандырды. Оны Монғолияның батыры атағын екі рет алған Тандырбат басқарып барады. Олар да жауыздық мақсаттарына жете алмай өздері әрең қашып құтылады» (Сонда).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет