Ұмытылмаған отан, Ұмытылмайтын отандастар


Жағда Бабалықұлы (әңгіменің жалғасы)



бет26/51
Дата05.02.2022
өлшемі13,87 Mb.
#22958
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51
Жағда Бабалықұлы (әңгіменің жалғасы): – Мені қинағаны да – 36 жас бозбала әскерді су жағасына апарып тізіп қойып, сөз сөйлеп: «Көтерілістің жолына шалынған құрбандық», – деп қасам қылуы еді. Қырғынның ішінде жүрген бізді де осы сұмдық оқиға қатты түршіктірген еді. Ол бозбалалардың нақты тізімі бар. Дегенмен де: мүмкін жалған лақап шығар, мүмкін кездейсоқ оқиға болған шығар, мүмкін соншама көп емес, бірер бозбала әскер шығар деп те ойлағамын. Сондықтан да қайталап сұрадым. Оспан қатты толқып барып, тұтығып, шарасыз қалды да құмығып тұрып:
– Ол оқиғаның ішінде мен жоқ едім. Бір жас офицер бар еді. Соның білместікпен істегені, – деп қысқа қайырды.
Демек, шын болғаны. Иманы үйірілер алдында бұл оқиғаны жоққа шығара алмады. Бұл гоминдаңның офицерлері – «жаугандардың» жауыздығы болды онда. «Мен бұған қарсы болдым. Маған бұйырылған баланың құлағына сыбырлап, қашып кет дедім. Сөйтіп, обалын арқаламадым», – деген лақапты естігемін. Әкесімен пікірлес болғаным үшін өз өкіметім өзімді сегіз ай түрмеге қамаған Қалибек хакімнің баласы Хасен Оралтай мұны жоққа шығара уәж айтыпты. Мен ешкімді куәға тартпаймын. Қаза тапқандардың тізімін – «Армияның құрбандық кітабінің» есебінен қараса, шындыққа көз жеткізу қиын емес. Тек әлгі жас офицерлердің обалын кім көтереді? Әлемде не бір ауыр азаматтық соғыстың тарихында мұндай қасіретті оқиға болған емес. Оспан – елім деген батыр, еңіреп туған ер, найзағайдай намысты, иманы кәміл, бірақ бойындағы күшін мінезіне жеңдірген тағдыры қасіретті пенде. « Батыр – аңғал келеді» – дейді. «Бірақ тырнақпен кісі бауыздаған» (Нұрғожайдың естелігінде солай жазылған) жанкештілердің кейбір қатыгездігі шіміркендіреді. Оспанның осы оқиға үшін қабырғасы қатты қайысатынын аңғардым. Әрі қарай қинамай үшінші сұрағымды қойдым:
– Сізден білгім келген үшінші жағдайым мынау. Сіз – батыр адамсыз, халық батырысыз. Өлімнен қорықпайсыз. Күш те, қуат та, мергендік те, қоянқолтық соғыстың тәжірибесі де бір бойыңызда бар. Астыңыздағы атыңыз да атысқа үйренген сыралғы. Сізде – сыралғы, қолыңызға оңтайлы, түзу бір мылтық бар. Ол от алмаса, қойныңызда оқталған қалта тапаншаңыз бар. Одан қалса – қылпылдаған қанжарыңыз бар. Жау қапылыста қоршағанда неге атыспай қаштыңыз. Сізді қуған он жеті-он сегіздегі, атқа шаба алмайтын, мылтық атып үйренбеген, әскер де емес, әскердің қазаншысы, бозөкпе қытай баласы екен. Ол атпен шауып келе жатқанда оқ ата алмаған. Атыңыз тайып жығылды дейік. Әлгі балада жалғыз-ақ мылтық бар. Оның өзі оқтаулы ма, жоқ па, белгісіз. Сонда жаңағы екі мылтықтың бірін, не қанжарыңызды пайдаланбай: «Қолыңды көтер!», – дегенде еш қарсылықсыз көтеріп, алдына түсіп, өңмеңдеп неге жүре бердіңіз? Сіздің мына азапқа түспейтіндей мүмкіндігіңіз бар еді ғой, – дедім.
Орынынан қозғалып барып, дауысы күңірене шығып, құмыға, шарасыздықпен:
– Құдай қара бастырды-ғой. Құдай қара бастырды, – дей берді.
Оның өзінің жанын жеген де бір бөзөкпенің алдында есі шығып қалғаны болса керек. Ол бала – әскер де емес, жай қазаншы, әскер атысып жатқанда сытылып бара жатқан бір аттыны көріп, шабан атқа мініп, қопаңдап қуа жөнелген бозөкпе бала екен. Бірақ кейін: оның қазаншы екенін жасырып, кәнігі әскер, қытай армиясының батыры ретінде көрсетті. Міне, тағдырдың тәлкегі. Иә, Оспанның өзі айтқандай, құдай қара бастырды деген осы. Батыр басымен қазаншыға қолды болғанша, атысып өлсе – арманы жоқ еді.. Қазақтан құба жонда жортқан не бір арыстандар шықты ғой. Әттең қараңғылық, тоңмойындық-ай! Дәлелхан қаншама ақыл қосып, үгіт айтты десеңші. Соған мойынсынбады. Оспан үшін Дәлелхан – Шығыс Түркістан ұлт-азаттық армиясының бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор емес, он екі абақ керейдің шерушісінің Сүгірбайының ұлы ғана еді.
. Түрменің жайы маған мәлім болғандықтан да іштей қамданып барғамын. Әңгімелесе отырып үсті-басын шолып шықтым. Көзіме түскені – тырнағы өсіп кеткен екен. Соны алып бердім. Іш киімі кірлеп кетіпті. Дамбалын ауыстырттым.
Бұдан әрі сөзді созудың реті де жоқ еді Екеуміз үнсіз бақұлдасып, мен ауыр-ауыр ой мен әсер арқалап, шығып кеттім. Оны көшеге шығарып атқан кезде мен ауырып жатыр едім. Үрімжіде, көшеде, қалың жұрттың көзінше атты. Онда ол өзін өр ұстады деп естідім. Бірақ жауының езгісінде қорланып өлді. Менің сол кездегі де, қазіргі де өзекті тырнаған өкінішім – Оспанның осы өлімі.

ІҮ.



Өмірбаяндық мінездемеден: «1950-1952 жылдары Қытай халық азаттық армиясы Шыңжаң әскери округінің саяси басқармасының орынбасары, қосымша СУАР партия мектебінің орынбасар бастығы (Үрімжі қаласы) лауазымын атқарды. 1952-1955 жылдары Іле қазақ автономиялы облысы Тарбағатай аймағының бастығы – уәлиі (Шәуешек қаласы) болды. 1955-1956 жылдары Қытай халық республикасы СУАР өкіметінің саяси-заң басқармасы бастығының орынбасары (Үрімжі қаласы) міндетін атқарды. 1956-1958 жылдары Іле қазақ автономиялы облысы үкіметінің төрағасы (Председатель правительство Илиского Казахского автономного округа. Г. Кулджа) болып, ел басқарды. СУАР үкіметінің екі рет қатарынан сайланған депутаты. 1952-1958 жылдары СУАР Саяси кеңесінің мүшесі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет