Ол Ахметқали Бітімбаевпен, Шаймарданмен партияға қарсы блок құрып, өзі осы блоктың басшысы болған. Онда: «Үш отаудың түтінін бір жерден шығару керек»,– деген идеясымен (Қазақстандағы, Монғол Халық Республикасындағы, Қытайдағы қазақтарды біріктіру мақсатында) басқа жерлердегі қазақтарды облысқа көшіріп әкелуге, дара бір ұлттан ғана кұралған «дербес князьдік» құру идеясына ұрынған; «Автономиялы облыс тек форма ғана», – деп, ұлттардың ынтымағына бүліншілік жасап, хансу және басқа ұлттарға қарсы шыққан; «Зор құқықты хансу кадрлары алып алды. Хансулар қазақтарға әділеттік істемей отыр, қазақтардың үй-жай, жер суларын басып алды», – деген; «Дүниеде тек саяси экономикалық екі зор право ғана бар, бұл екеуі де партияның қолында» – деп партиямен право таласып, партияның басшылығын тартып алуға ұрынған;