«Қмму қызметкерлері мен білім алушыларының тәуелсіз кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы



бет1/4
Дата15.06.2017
өлшемі0,64 Mb.
#19142
  1   2   3   4

«ҚММУ қызметкерлері мен білім алушыларының тәуелсіз кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы
___________________Н.Н. Наурызов

«____»______________ 2015 ж.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» республикалық мемлекеттік университетінің ректоры,

профессор

__________________ Р.С. Досмағамбетова

«____»____________ 2015 ж.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының

2015-2019 жылдарға арналған

ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ

(жаңа басылым)




ҚАРАҒАНДЫ 2015 ж.

1-бап. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР.
1.1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (одан әрі кәсіпорын) аталмыш ұжымдық шарты ҚММУ әкімшілігі атынан Жарғы негізінде әрекет ететін Ректор Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызы және еңбек ұжымының атынан Жарғы негізінде әрекет ететін «ҚММУ қызметкерлері мен білім алушыларының тәуелсіз кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы (одан әрі – Кәсіподақ) Наурызов Нұрлан Нығметұлы арасында жасалды.

1.2. Жұмыс беруші мен еңбек ұжымының арасындағы ұжымдық шарт

Қазақстан Республикасының Конституциясы,

Қазақстан Республикасының 2007-жылғы 15-мамырдағы №251-III Еңбек кодексі,

2011- жылғы 01-наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік меншік туралы» заңы,

Қазақстан Республикасының 1993- жылғы 09- сәуірдегі № 2107-ХІІ «Кәсіптік одақтар туралы» заңы,

Қазақстан Республикасының 27.07.2007 ж №319-ІІІ «Білім туралы» заңы,

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр м.а. 2007-жылғы 31-шілдедегі №182-ІІ «Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғары мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын және еңбекақының жоғары мөлшерін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы,

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011-жылғы 5-желтоқсандағы № 1458 «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету; қызметкерлерге емдеу-профилактикалық тағамдар рационын беру нормасын бекіту туралы» қаулысы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012- жылға 30- қаңтардағы № 172 «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге арнайы киімді, аяқ-киімді және басқа да жеке қорғаныс құралдарын беру туралы» қаулысы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-жылғы 29-желтоқсандағы N 1400 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысы және Қазақстан Респубикасының басқа да нормативті-құқықтық актілерінің негізінде құрылған.

1.3. Кәсіподақ аталмыш ұжымдық шартты еңбек ұжымының атынан келісу және қол қою бойынша жұмыскерлердің еңбек ұжымының өкілетті уәкілі болып табылады.


2-бап. ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.
2.1. Жұмыс берушінің құқықтары:
2.1.1. жұмысқа қабылдау кезінде таңдау құқығына;

2.1.2. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларымен бекітілген тәртіпте және негізде жұмыс берушімен еңбек шартын өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;

2.1.3. өз уәкілеттілігінің аясында жұмыс берушінің актлерін шығаруға;

2.1.4. уәкілеттілік пен өз құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау мақсатында қауымдастықтар құруға және оған мүше болуға;

2.1.5. қызметкерлерден еңбек шартының, ұжымдық шарттардың, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін және жұмыс берушінің басқа актілерін орындауын талап етуге;

2.1.6. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларында қарастырылған жағдайлар мен тәртіпте қызметкерлерді сыйақылауға, тәртіптік шаралар қолдануға, қызметкерлерді материалдық жауапкершіліке тартуға;

2.1.7. еңбек саласында өз құқықтары мен заңды қызығушылықтарын қорғау мақсатында сотқа шағымдалуға;

2.1.8. қызметкерге сынау мерзімін қоюға;


2.2. Жұмыс беруші міндетті:

2.2.1. Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамаларын, еңбек, ұжымдық шарттардың, келісімдерінің, басқа да басылымға шыққан актлердің талаптарын орындауға;

2.2.2. жұмысқа кабылданған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде қарастырылған тәртіпте және жағдайларда жұмыскермен еңбек шартына отыруға;

2.2.3. еңбек қауіпсіздігі және қорғау бойынша ішкі бақылауды іске асыру;

2.2.4. қызметкерге еңбек шартымен негізделген жұмысты ұсынуға;

2.2.5. қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен, еңбек, ұжымдық шарттармен, жұмыс берушінің актілерімен қарастырылған еңбекақысы мен басқа да төлемдерді уақытында және толық көлемде төлеуге;

2.2.6. қызметкерді жұмыс берушінің актілерімен және ұжымдық шартпен таныстыруға;

2.2.7. қызметкерлердің өкілдеріне ұжымдық келісулерді жүргізу, ұжымдық шарттарға отыру, сонымен қатар олардың орындалуын тексеру үшін толық және шынайы ақпаратты беруге;

2.2.8. қызметкердің өкілдерінің ұсыныстарын қарастыруға, ұжымдық келісімдер жүргізуге, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен бекітілген тәртіпте ұжымдық шарттарға отыруға;

2.2.9. қызметкерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;

2.2.10. қызметкерді қызметтік міндеттерін орындау үшін өз қаражатынан жабдықтармен, құралдармен, техникалық құжаттармен және басқа да заттармен қамтамасыз етуге;

2.2.11. мемлекеттік еңбек инспекторының жазылымдарын орындауға;

2.2.12. жұмыс қызметкер мен басқа да тұлғалардың өміріне зиян келтірсе, жұмысты тоқтатуға;

2.2.13. қызметкерді міндетті әлеуметтік сақтандыруға;

2.2.14. қызметтік міндеттерін орындау барысында қызметкердің өміріне және денсаулығына зиян келтірсе, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруға;

2.2.15. қызметкерге жыл сайынғы төленетін еңбек демалысын беруге;

2.2.16. мемлекеттік мұрағатқа қызметкердің еңбек қызметін анықтайтын құжаттар мен зейнетақы қорына қаражаттың аударымы туралы мәліметтерді ұсынуға;

2.2.17. қызметкерді зиянды (өте зиянды) және (немесе) өмірге қауіпті еңбек жағдайы мен мүмкін кәсіби аурулар туралы ескертуге;

2.2.18. жұмыс орындары мен технологиялық үрдістердегі тосын жағдайларды болдырмау үшін шаралар қолдануға, өндірістік және ғылыми-техникалық үдерісті ескере отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізуге;

2.2.19. әр қызметкермен орындалатын зиянды (өте зиянды), қауіпті жұмыс жағдайлары, ауыр жұмыстар үшін жұмыс уақытын дұрыс есептеуге, оның ішінде уақытынан тыс жұмыс уақыты;

2.2.20. қызметкерге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес кәсіби дайындығын, кайта дайындау мен біліктілігін жоғарылатуға жағдай жасау;

2.2.21. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес қызметкердің өмірі мен денсаулығына тигізген зияны үшін орнын толтыру;

2.2.22. еңбек жұмысы бойынша мемлекеттік органның аймақтық өкілетті бөлімшелері мен еңбек жұмысы бойынша органның қызметтік тұлғаларын, еңбекті қорғау бойынша қоғамдық инспекторларды, қызметкердің өкілдерін ұйымдардағы қауіпсіздік ережелері мен жағдайларының, еңбек күзетін тексеру үшін Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау және қауіпсіздігі туралы заңнамаларының жүзеге асырылуын тексеруге, сонымен қатар өндірістегі тосын жағдайлар мен кәсіби аураларды анықтау үшін жіберуге;

2.2.23. Жұмысқа қабылданған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 31-бабына сәйкес еңбек шартына отыру үшін қажетті құжаттарды сұрауға;

2.2.24. Жұмыс беруші Қазақстан Респуликасының Еңбек кодексінде қарастырылған басқа да құқықтарға ие және басқа да міндеттері бар.
3-бап. ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.
3.1. Қызметкердің құқығы:

3.1.1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларында қарастырылған тәртіп пен жағдайларда еңбек шартына отыруға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;

3.1.2. жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шартты орындауын талап етуге;

3.1.3. еңбек қауіпсіздігі мен қорғау;

3.1.4. еңбек жағдайы мен қорғау туралы толық және нақты ақпарат алуға;

3.1.5. еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек жалақысын толық және уақытында алуға;

3.1.6. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес тұрып қалған жұмысты төлетуге;

3.1.7. демалуға, сонымен қатар төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына;

3.1.8. қауымдастыққа, кәсіби одақ құру құқығымен коса, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған болса, өз құқықтарын қорғау және ұсыну үшін мүшелікке енуге;

3.1.9. ұжымдық шарт жобасын дайындауға, өз уәкілдері арқылы ұжымдық хабар алысуға қатысуға, сонымен қатар қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға;

3.1.10. Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған тәртіпте кәсіби дайындалуға, біліктілігін жоғарылатуға және қайта дайындалуға;

3.1.11. қызметтік міндеттерін орындау барысында денсаулығында туындаған зияндарының орнын толтыртуға;

3.1.12. Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған міндетті әлеуметтік сақтандыруға;

3.1.13. кепілдіктер мен өтемақылық төлемдерге;

3.1.14. заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен өз құқықтары мен заңды қызығушылықтарын қорғауға;

3.1.15. ешқандай кемсітусіз бірдей еңбек үшін бірдей төлемдерге;

3.1.16. еңбек дауларын шешу барысында өз таңдауы бойынша келісім комиссиясына, сотқа шағымдалуға;

3.1.17. еңбек қауіпсіздігі мен қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;

3.1.18. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен, еңбек және ұжымдык шарттармен қарастырылған талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен қамтылуға;

3.1.19. денсаулығына және өміріне зардап тигізетін жағдайлар туындаған кезде жұмыстардан бас таруға, ол туралы тікелей басшысына немесе жұмыс берушінің өкіліне хабар беру арқылы;



3.2. Қызметкер міндетті:

3.2.1. еңбек шарты, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауға;

3.2.2. еңбек тәртібін орындауға;

3.2.3. жұмыс орынында қауіпсіздік, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария талаптарын орындауға;

3.2.4. жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;

3.2.5. жұмыс берушіге адам өміріне немесе денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүлігінің сақталуына қауіп төндіретін жағдайлар, сонымен қатар олардың тұрып қалуы туралы ақпарат беруге;

3.2.6. өзінің қызметтік міндеттерін орындау барысында мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе басқа да заңмен сақталатын мәліметтерді жария етпеуге;

3.2.7. жұмыс берушіге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі аясында көрсетілген зияны үшін орын толтыруға.

3.2.8. жұмыс берушінің сұранысы бойынша өзіне жүктелген жұмыстың орындалу барысы туралы есеп беруге;

3.2.9. жұмыс берушіні өзінің қызметтік міндеттерін орындауға қиындық туғызатын жағдайлар туралы ертерек ескертуге;

3.2.10. жұмыс берушінің мүлкін жұмыс берушімен анықталған жұмыстар үшін пайдалануға;

3.2.11. есепке алынған материалдық құндылықтар үшін материалдық жауапкершілікке тартылуға;

3.2.12. жұмыста жіберілген қателер мен жетіспеушіліктер үшін қосымша төлемсіз өз күшімен орындауға;

3.2.13. ішкі еңбек тәртібінің ережелерін ұстануға;

3.2.14. жұмыс уақытында жұмыс берушінің мүліктік зиянға ұшырауын болдырмауға;

3.2.15. өз қызметінде жұмыс берушінің қызығушылықтарын орындауға, аталмыш ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптарын, жұмыс берушінің шешімдерін, қаулыларын және бұйрықтарын және тікелей басшылықтың қаулыларын орындауға;

3.3. қызметкердің Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен қарастырылған басқа құқықтары мен жауапкершіліктері бар.
4-бап. ЕҢБЕК ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСТАРЫ.
4.1. Жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жасалған еңбек шартының негізінде құрылады.

4.2. Еңбек шарты бойынша қызметкер анықталған мамандық, біліктілік немесе қызметі бойынша жұмыс берушінің актілерін орындаумен жұмыстарын орындайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді, уақытында және толық көлемде жұмыскерге еңбекақысын төлейді және еңбек заңнамаларымен, еңбек, ұжымдық келісім-шарттармен, тараптардың келісуі бойынша қарастырылған басқа да төлемдерді төлейді.

4.3. Қызметкердің жұмысқа алкогольды, наркотикалық, психикалық, токсикоманиялық мастығы (осыған ұқсас) кезінде келген жағдайда, сонымен қатар, жұмыс уақытында алкогольды, наркотикалық, психикалық, токсикоманиялық (осыған ұқсас) жағдайға әкелетін жағдайда, сонымен қатар еңбек күзетінің тәртібін немесе өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзғаны үшін, ауыр зардаптары болатын немесе зардаптарын тигізетін авторанспорттағы қозғалыс қауіпсіздігін тудырған жағдайлар, басқа да Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 54-бабында қарастырылған жағдайларда Жұмыс беруші қызметкерден тәртіптік сөгіс шараларын қолдануға құқылы, жұмыс берушінің бастамашылығы бойынша еңбек шартын бұзған жағдайға дейін.

4.4. Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 2, 3-тармақшаларымен, сонымен қатар Еңбек келісім-шартының 59-бабы 1-тармағына, 2- тармақшасында қарастырылған негіз бойынша кәсіподақ комитетінің мүшесі болып табылатын қызметкерлермен еңбек шартын бұзу кәсіподақтың дәлелді көзқарасын есепке алумен іске асады.

4.5. Еңбекақы Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасында, ақшалай түрінде айына бір рет, келесі айдың бірінші бөлігіне дейін төленеді. Еңбекақыны төлеу демалыс немесе мереке күндерімен қатарласқан кезде оларды төлеу алдын-ала жүргізіледі.

4.6. Қызметкер ҚММУ қызмет көрсетілетін, сәйкес келісім-шарты бар банкте пластикалық карточка жасатуға міндеттеледі.


5-бап. ЖҰМЫС ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ.
5.1. Жұмыс уақыты.

5.1.1. Қызметкерлері үшін жұмыс аптасы мен жұмыс күнінің (ауысымының) келесі ұзақтылығы қарастырылады:

- әскери кафедрадан басқа кафедралар, курстар, медициналық колледж профессорлық-оқытушылар құрамы үшін - бес күндік жұмыс аптасында (аптасына 36 сағат) 7 сағат 12 минут (7,20 сағат).

- профессорлық-оқытушылар құрамы үшін алты күндік жұмыс аптасына оқу, әдістемелік, тәрбие, ғылыми-зерттеу және емдеу жұмыстары кіреді (клиникалық кафедралар үшін).

- әскери кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы үшін - алты күндік жұмыс аптасында (аптасына 36 сағат) 6 сағат.

- ҮКДФ профессорлы-оқытушылар құрамы үшін – алты күндік жұмыс аптасында 6 сағат және бес күндік жұмыс аптасында (аптасына 36 сағат) 7 сағат 12 минут.

5.1.2. Профессорлық-оқытушылар құрамының еңбегін анықтайтын негізгі құжат жеке жоспар мен сабақ кестесі болып табылады.

5.1.3. Жеке жоспар оқу жылына жасалады және кафедра меңгерушісімен, ал кафедра меңгерушісі үшін факультет деканымен бекітіледі. Жеке жоспар да оқытушының оқу жылында қандай оқу, тәрбие, әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысын орындайтыны туралы қарастырылады.

5.1.4. Оқу жұмысының кестесін оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректормен бекітілген кесте анықтайды.

5.1.5. Оқу үдерісінің кестесін ұстануына, жеке жоспарлардың орындалуына бақылауды кафедра меңгерушісі, декан, оқу-әдістемелік жұмыс орталығының директоры және директор орынбасары іске асырады.

5.1.6. Әскери кафедрадан басқа, кафедралар мен курстардың және медициналық колледждің оқу-көмекші персоналы үшін бес күндік жұмыс аптасында 8 сағаттық жұмыс күні (аптасына 40 сағат).

Әскери кафедраның оқу-көмекші персоналы үшін 7 сағаттан бес жұмыс күні және бір жұмыс (сенбі) күні алты күндік жұмыс аптасында 5 сағат (аптасына 40 сағат).

5.1.7. Әкімшілік-басқарушылық персоналы (ректорат, деканаттар, адами ресурсатрды басқару орталығы, экономика және қаржы департаменті, типография, студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі, құжаттамаларды басқару бөлімі, басқару және дамыту стратегиясы орталығы, медициналық колледж, заң бөлімі, клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі, медициналық білім беру бөлімі, қоғаммен байланыс жөніндегі қызмет, ҒЗО әкімшілігі, ғылым және инновациялық қызмет бөлімі, мұражай, АҚ және ТЖ штабы, оқу-әдістемелік жұмыс департаменті, тұтынушылық жұмыс департаментінің әкімшілігі және бөлімшелері (ТЖД): «Медик» СССЛ (Қарқаралы қ., Топар п.), тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты үшін бес күндік (аптасына 40 сағат) жұмыс аптасында 8 сағат.

5.1.8. Қысқартылған жұмыс уақытына құқығы бар қызметтер мен мамандардың тізіміне сәйкес зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының (ауысымының) ұзактылығы бес күндік жұмыс аптасында 6 сағатты құрайды, (аптасына 30 сағат). (Шартқа №1-қосымша).

5.1.9. ҒЗО ұжымдық пайдаланудағы зертханасы 7 сағат 12 минуттан (7,20 сағат) (аптасына 36 сағат) 5 күндік жұмыс аптасы

5.1.10 Виварий үшін - Қысқартылған жұмыс уақытына құқығы бар қызметтер мен мамандықтар тізіміне сәйкес (аптасына 36 сағат) 6 күндік жұмыс аптасы (Шартқа №1-қосымша). Виварийдің әкімшілік-басқару персоналы үшін (меңгерушісі) 7 сағат 12 минуттан (7,20 сағат) (аптасына 36 сағат) 5 күндік жұмыс аптасы.

5.1.10. ҚММУ ауруханасы мен стоматологиялық клиниканың дәрігерлері мен орта медициналық қызметкерлері, практикалық дағдылар орталығы, кітапхана, тұтынушылық жұмыс департаментінің бөлімшелері (гараж, ғимараттар мен құрылымдарды пайдалану және техникалық қадағалау бөлімі, №1,2,3,4,5,6,7 жатақханалар, № 1,2,3,4 оқу корпустары), мемлекеттік сатып алулар және материалдық қамсыздандыру бөлімі, қауіпсіздік жүйелерін техникалық қамсыздандыру бөлімі үшін 7 сағаттан бес жұмыс күні және бір жұмыс күні (сенбі) - алты күндік жұмыс аптасында 5 сағаттан (аптасына 40 сағат).
5.2. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс.

5.2.1. Тіршілік әрекетін қамтамасыз ету бойынша үздіксіз өндіріс пен кәсіпорын қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмыстан басқасын қоспағанда, жексенбі барлық құрылымдық бөлімшелер үшін демалыс күні болып табылады. Қызметкерлерді жұмысқа тарту Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 98-бабында қарастырылған жағдайдан басқа кездерде, оның келісімі бойынша рүқсат етіледі.


5.3. Жұмыстың басталу және аяқталу уақыты.

Жұмыс беруші жұмыстың басталуы мен аяқталуының келесі уақытын бекітеді:

5.3.1. Кафедралар, курстардың профессор-оқытушылар құрамы үшін жұмыс кестесіне сәйкес.

5.3.2. Әкімшілік-басқарушылық персоналы (ректорат, деканаттар, адами ресурсатрды басқару орталығы, экономика және қаржы департаменті, типография, студенттермен тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі, құжаттамаларды басқару бөлімі, басқару және дамыту стратегиясы орталығы, медициналық колледж, заң бөлімі, клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі, медициналық білім беру бөлімі, қоғаммен байланыс жөніндегі қызмет, ҒЗО әкімшілігі, ғылым және инновациялық қызмет бөлімі, мұражай, АҚ және ТЖ штабы, оқу-әдістемелік жұмыс департаменті, санитарлық-гигиеналық зертхана, тұтынушылық жұмыс департаментінің әкімшілігі және бөлімшелері (ТЖД): «Медик» СССЛ (Қарқаралы қ., Топар п.), тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, кафедралар мен курстардың оқу-көмекші персоналы, оқу корпустарының қызмет көрсету және басқа персонал үшін сағат 900-ден бастап 1800-ге дейін;

5.3.3. Тұтынушылық жұмыс департаментінің бөлімшелері (гараж, ғимараттар мен құрылымдарды пайдалану және техникалық қадағалау бөлімі, №1,2,3,4,5,6,7 жатақханалар, № 1,2,4 оқу корпустары), мемлекеттік сатып алу және материалдық қамсыздандыру бөлімі, қауіпсіздік жүйесін техникалық қамсыздандыру бөлімі, кітапхана, виварийі, ҒЗО ұжымдық пайдалану зертханасы үшін 900 сағаттан бастап 1700 сағатқа дейін, сенбіде 900 сағаттан бастап 1300 сағатқа дейін.

5.3.4. Практикалық дағдылар орталығы үшін 800 бастап.

5.3.5. Ұжымдық пайдалану зетханасы және санитарлық-гигиеналық зертханасы үшін сағат 900–ден бастап.

5.3.6. Стоматологиялық клиника үшін 08-00 сағаттан бастап 18-00 сағатқа дейін (жұмыс кестесіне сәйкес), сенбіде 9-00 сағаттан бастап 14-00 сағатқа дейін, ҚММУ емханасы – 8-00 сағаттан бастап 20-00 сағатқа дейін (жұмыс кестесіне сәйкес), сенбіде 9-00 сағаттан бастап 14-00 сағатқа дейін (жұмыс кестесіне сәйкес).

5.3.7. Бірінші және екінші топтағы мүгедек-қызметкерлеріне қысқартылған жұмыс уақыты бекітіледі – аптасына 36 сағаттан артық емес. на құқығы Бірінші және екінші топтағы мүгедек-қызметкерлерінің күнделікті жұмыс ұзақтығы (жұмыс ауысымы) жеті сағаттан аспауы тиіс.

5.4. Түнгі ауысым болып 22 сағаттан таңғы сағат 6 дейінгі уақыт саналады. Жұмыскерлерді түнгі ауысымға тарту Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде бекітілген шектеуліктерді сақтаумен түнгі мезгілде өтеді.
5.5. Шамадан тыс жұмыс уақыты болып Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 77 бабында белгіленген шамадан тыс жұмыс уақытының ұзақтығы саналады. Шамадан тыс жұмыс әр кызметкер үшін бір тәулік ішінде екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайындағы жұмыстарда бір сағаттан аспау қажет. Шамадан тыс жұмыстың жалпы ұзақтылығы айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауы қажет.

Шамадан тыс жұмысқа жіберілмейді:

1) жүкті әйелдер;

2) он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер;

3) шамадан тыс жұмысқа тартуға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 90 бабында қарастырылған жағдайларды қоспағанда жұмыскердің тек жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
5.6. Демалу және тамақтану үшін үзіліс

Күнделікті жұмыс ағымында қызметкерге жұмыс ортасында демалу және тамақтану үшін үзіліс беріледі. Демалу және тамақтануға арналған үзіліс жұмыс уақытына енбейді. Үзіліс кезінде қызметкер жұмыстан шығып кетуіне болады.

5.6.1. Үзілістің басталу және аяқталу уақыты:

- әкімшілік-басқару персоналдары, қызмет көрсетуші және басқа да персоналдар - 13-00 сағаттан бастап 14-00 сағатқа дейін, ұзақтылығы 1 сағат.

5.6.2. Өндіріс жағдайларының талаптары бойынша үзіліс беру мүмкін емес жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында тамақтану және демалу үшін арнайы жабдықталған жерде мүмкіндік беруге міндетті. Бұндай жұмыстарға: гардеробшы енеді.

Демалу мен тамақтануға арналған уақыт қызметкердің жұмыс уақытына енеді. Қызметкер бұл уақытты осыған арналған орында тамақтану және демалу үшін ғана пайдалана алады. Осындай санатты қызметкермен пайдаланылған тамақтану және демалуға арналған уақыт жұмыс уақыты сияқты төленеді.

5.6.3. Жеке санаттардың жұмыс уақытының, демалу мен тамақтанудың басталу және аяқталу уақыты оқу үдерісінің қажеттілігі, арнайы кестеге сәйкес бекітіледі.

Ауысымаралық демалыстың ұзақтығы 12 сағаттан кем болуы керек.


5.7. Толымсыз жұмыс күні

Жұмыскерлермен немесе қызметкерлер мен әкімшілік арасында келісім бойынша жұмысқа алынған кезде де, одан кейін де толымсыз жұмыс күні немесе толымсыз жұмыс аптасы белгіленуі мүмкін. Ондай жағдайда жұмыс тәртібі еңбек келісім-шартында және жұмысқа қабылдау туралы бұйрықта айтылады.


5.8. Лауазымды қоса атқару бойынша жұмыс

5.8.1. Еңбек шартымен негізделіп жұмыс істейтін қызметкер одан басқа кызмет бойынша қосымша жұмыс істей алады.

5.8.2. Қызметкердің негізгі жұмысынан бөлек сол мамандығы бойынша косымша жұмысты істеуі кеңейтілген қызмет көрсету ортасы болып табылады.

5.8.3. Қызметкердің ауыруы, іссапар, кезекті демалыс бойынша орны сақталумен уақытша болмау уақытында оның қызметтік міндеттері негізгі жұмыс орнынан (лауазым) айырмай басқа қызметкерге жүктелуі мүмкін.

5.8.4. Қызметкерлердің қызметті қоса атқару, қызмет көрсету аймағының кеңею фактісі, сонымен қатар уақытша болмайтын қызметкердің негізгі жұмыс орнынан босатылуы жұмыс берушінің актісімен міндетті түрдегі қосымша төлем көлемін көрсетумен рәсімделеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет